|  | 

kerey.kz TV

Шамшаддин Омаров, Әлібек Әлмәдиев – Біргеміз

 

Біздің қоғамды бөлгісі келетіндерге

Қоғамда бөлінушілік мәселесі белең алып барады. Жұрт жер-жерге, ру-руға, жүз-жүзге бөлініп, өзі аз халық ыдырап жүр. Осы өзекті мәселе өзегін өртеген өнерлі жастар елге бірігейік деген ой тастау, жігерін жану, рухын көтеру мақсатында “Біргеміз” атты ән жазып, оған бейнебаян түсірді.

Авторлардың айтуынша, “Біргеміз” әні – ел ішіне іріткі салатындарға наразылық. “Бұл - қазақ халқына тасталған үндеу. Біз біргеміз,сондықтан да іргеміз әркез берік екенін бүкіл әлемге жар саламыз!”, – дейді олар. Әннің сөзін жазған Жасұлан ИсакаевMassaget.kz сайтының тілшісі. “Еліміз егемендік алғаннан кейін бірден аяқтан тұрып кетпегені белгілі. Қиын-қыстау күндерді басынан өткерді. Замана желі қанша заулай соққанмен, ел іргесін құлатаалған жоқ. Ел іргесі татулық пен бірліктің арқасында берік болды. Бұл ән - сол бір күндерді еске салады. Сол қиын шақтың барлығын ынтымақ пен бірліктің арқасында жеңіп шықтық. Лайым, татулығымыз берік, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!”, – дейді Жасұлан.

Ал туындының әнін жазған Әлібек Әлмадиев - елімізде “Хочу кМеладзе” телешоуының финалисі ретінде танылған жас дарын. Әнді Жұлдыз радиосында “Сәлем саған, туған ел”, СТВ арнасында”Өмір тынысы” сынды бағдарламалардың жүргізушісі,”Алдаспан” тобының солисі Шамшаддин Омаров пен Әлібек Әлмәдиев орындады.

Клип сюжеті бойынша, ауыл мен қалада өскен қазақ балаларының өмірі мен тұрмыстық айырмашылықтары көрсетіледі. Алайда, айтпақ ой – бірлікте. Бір қызығы, Шамшаддин Омаров – ауылдың баласы да, Әлібек Әлмадиев - қаланың тумасы. Олардың балалық шағындағы сәттерді ауылдық және қалалық балалар сомдайды.
Ал клип режиссері Ернар Алмабек (Massaget.kz порталының тілішісі) бейнебаянның қайда түсірілгенін баяндады. “Бейнебаянды екі күнде түсіріп болдық. Түсірілім жұмыстары Алматы қаласының маңындағы Нұра ауылында өтті. Қала баласының образын 7 жастағы Бекжан есімді бала, ал ауыл баласының ролін 8 жастағы Абзал сомдады”, – деді Ернар Алмабек.

Айтпақшы, бұл бейнебаянға қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсенбаев та пікір білдіріп үлгеріпті. Кәсіпкердің айтуынша, бұл бейнебаян ұлтты бөліп-жарғысы келетіндерге үндеу болып шыққан. Оның ойы бейнебаян авторларымен бір жерден шықты.”Әр заманның өз қиын кезеңдері болады. Қиын-қыстау күндер туғанда оны халық дереу сезеді, осындай уақытта жаңа әндер мен жаңа қаһармандар пайда болады. 90-жылдардағы Кеңес Одағының құлағанын білетіндер түсінеді. Бұл күйреу заманы еді, қиын замандар келді, десе де, дәл сол уақытта елдің үміті мен бостандығы пайда болды. Виктор Цойдың, Тальковтың әндері, жаңа есімдер – барлығы да жаңа. Қазірде де бір өзгеріс болатын сияқты, бір жаңалық болатындай көрінеді. Бұрынғыдай өмір сүре беруге болмайды. Тіпті уақыттың өзі бізге әлдене айтқысы келгендей, дағдарыс туғызып жатыр, біз басқаша ойлап, өзгеруімізді талап ететіндей”, – деді ол.

Сонымен қатар, Сейсенбаевтың айтуынша бұл ән дәл қазір біздің заманымыздың әнұранына айналуы тиіс. “Әлемде зұлымдықтың, мейірімсіздік пен рахымсыздықтың белең алған тұсында, ұлттық ерекшеліктеріміз бойынша, нағыз қазақ пен шала қазақ деп, ауылдық немесе қалалық деп бөлу жүріп жатқан кезде біз бірге болуымыз керек! Бұл ән сол жайлы. Меніңше, бұл ән біздің заманымыздың әнұранына айналуы тиіс. Дәл қазір бізге осы қажет деп сенемін!”, – деді ол.

tengrinews.kz
copyRules

Related Articles

  • ЗАМАНБЕК НҰРҚАДІЛОВТІҢ ҰЛЫ ӘКЕ КЕГІН ҚАЙТАРМАҚШЫ

    ——————- «Сені өлтіру шыбыннан да оңай»: Нұрқаділовтің ұлы құпияның шетін 17 жылдан кейін шығарды (ВИДЕО) Авторы: Нұрлан Әлинұр, 03.03.2022, “Түркістан” газеті Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына алғаш рет сұхбат беріп, 17 жыл бойы айтпаған құпиясын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, енді әкесі Заманбек Нұрқаділов туралы бар шындықты айтудың сәті келген. Шындықты айту менің парызым деп санайды. «Әкем саясаттың құрбаны болды. Екі рет жүрегінен, бір рет маңдайынан атып, өз-өзіне қол жұмсады дегенге келіспеймін. Қайтыс болғанда департаменттегілер мені жәбірленуші болып, барлық сараптама құжаттарға сен қол қоясың деді. Бір жұма өткеннен кейін пальто киген ұзын бойлы органдағы екі жігіт келді. Олар «өз-өзін өлтірді болады, суицид деп жазамыз, сен соған

  • Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар туралы сұхбатымның қазақ тіліндегі нұсқасы

    Армысыздар, құрметті достар! Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар туралы сұхбатымның қазақ тіліндегі нұсқасын өз арнама салуды жөн көрдім. Сұхбатта аталған оқиғадан кейін үкімет нақты қандай жұмыстарды қолға алуы тиіс және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қандай шараларды жүзеге асыру керек деген мәселе жөнінде сөз қозғадық. https://youtu.be/BhPWztjzHYw?t=712 https://www.youtube.com/watch?v=BhPWztjzHYw

  • Елордалық филармонияның әртістері ақ халаты абзал жандарға ән арнады.

    https://youtu.be/scqqgINrA6U   Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ халаты абзал жандарға ән арнады.  ​ Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып,  үлкен ерлік пен батылдық танытқан  қазақстандық дәрігерлер де болды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының    әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап “Дәрігерлер” әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, “Қорқыт” этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты

  • Қазақ Сібір хандығына – 800 жыл!

          Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер де Қазақ хандыгының тарихы бір жақты көрсетіліп жүр. алғашқы Қазақ хандығымен соғысқан көрші елдер халқымыздың бітіспес жауы ретінде баяндалады. Солардың бірі – Сібір хандығы. Ғасырлар бойы Қазақ Хандыгының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сібір хандыгының құрамында ғұмыр кешкені белгілі. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сібір хандыгын Ресей ғалымдары меншіктеп алып жүр. Ал қазіргі қазақ елінің құрамына кіретін керей тайпасының сол заманда өз хандығы болған. Керей хандарының ғасырдан ғасырға созылған ежелгі әулеті Оң ханмен, Сәнгүнмен бітпейді. Әрқилы тарихи жағдай, әртүрлі кейіпте одан әрі жалғасқан. Оң ханның «Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: