|  |  | 

Езутартар Суреттер сөйлейді

Ата – Ананың балаларына бере алатын үлкен мирасы оны керемет, рухы мықты жан ретінде тәрбиелеуі.

12509651_898926023547831_4814549035467880376_nКалифорнияда Лонг Битч қаласындығы Ейалет Университетінде сабақ беріп жүрген кезімде, бір студент қыз мені таң қалдыратын. Бұл жас қыздың мынандай ерекшеліктері бар еді: ең алдымен ол өте сұлу еді, еріксіз көзім сол қызға ауып кететін. Екіншіден ол өте жақсы оқитын қыз еді, сабақтардың барлығынан ең жоғарғы бағаны алатын.

Сонымен қатар ол өте сыпайы қыз болатын. Бір күні сыныппен барған пикникте ол өзінің сүйіктісімен таныстырды. Шынымды айтайын, оның сүйіктісін көргенде алғаш ойыма келген нәрсе, «алманың ең жақсысын аюлар жейді» деген ой болды. Сол керемет қыздың сүйіктісі жиырма жеті – жиырма сегіз жастарында, шашы біраз түскен, толықтау, сүйкімсіз, бойы қысқа. Мен ойладым, бұл кісінің ақшасы үшін сүйген болар деп. Кейіннен білуіме қарағанда, оның ешқандай байлығы жоқ, бақса университеттің психология бөлімінде доктарантура студенті болып оқитын, академиялық өмірді таңдаған, мақсаты профессор болуды қалайтын жігіт екен.

Қызық, менің сұлу студент қызым бұл адамның несін сүйді екен? Бір аптадан кейін сабақтан шыққан кезде, сұлу студентім Саллимен сөйлестім:
« – Салли, сүйіктіңмен қалай таныстың?
- Бір шіркеу жұмысында, бір бөлімде жұмыс жасадық, сол кезде таныстым.
- Оның несі сені таң қалдырды? »
Салли бір Американдық ретінде бұл сұрақты күтпеген еді. Америка мәдениетінде бұндай сұрақтар әдепсіздік деп біледі. Америка мәдениетімен алсақ мен қәзір Саллинің жеке өміріне мұрнымды сұғып отқаным болады. Салли бұл сұраққа таң қалып болғаннан кейін: «Ол менің батырым! Ол керемет жат! Мен одан көп нәрсе үйрендім» деп жымиды. Сол кездегі сезімім қызғаншықтық еді.

Сұлу бір әйелдің өз жарына «сен менің батырымсың» дегені еркек үшін ең үлкен сыйлық болар. Бұндай сыйлықты өмірім бойынша ешқашан алмадым және оны қызғандым.
«Қалай сонда?» дедім. «Франк жетімдер үйінде тәрбиеленді. Жетім болу не екенін жақсы білген ол, университет оқып жүргенде, екі жетім балаға аға болу шешімін алған. Аптасына он сағатын солармен өткізеді; олармен кездесіп ойнайды, кітап оқиды, оларды музейге алып барады. Олардың жақсы жетілуіне қолынан келгенін жасап жүр. Біреусі өткенде ота жасалынды, Франк қазір түнде соның қасында, соларға қамқор. Ол өмірге басқа қырымен қарайды…»

Біреу бетімнен шапалақпен қойып қалғандай болды. Ұялдым. Өзіме ашуландым. Мен жоғары білім алған жан едім және қарсымдағы кісіні әлі күнге дейін сыртқы келбетіне қарай бағалаймын. Өзімдегі лас ойдан ұялдым. Біраз уақыт өте Саллидің отбасына қызыға бастадым. Былай ойладым: ол кісіге қарағанда мен неге ол туралы «алманың жақсысын аю жейді» деп ойладым? Себебі, мен осы ұқсастыруды есіте – есіте өстім. Менің өскен ортам меған қалай әсер етсе, Саллидің де өскен ортасы оған солай әсер еткен болу керек. Бірнеше аптадан кейін Саллидің отбасы қайда екенін сұрадым. Лос – Анджелестен 350 км ұзақтағы бір ауылда тұрады екен. Соның отбасымен танысуыма болама деп сұрадым, өздерінен сұрайын, бірақ сізбен қуана танысады деп жауап берді. Екі күннен соң: «Отбасыммен сөйлестім, сізбен танысқысы келеді» деп айтты. Төрт – бас аптадан кейін Сан – Францискоға баратын едім, Саллидің ауылы жолымның үстінде еді, отбасымен танысып, сосын жолымды жалғастыруыма болатын еді.

Бұл жоспарымды Саллиге айтқанымда, ол да сол күні отбасына баратынын, қаласам бірге баратынын айтты. Отбасы да бізді таңғы асқа келулерімізді айтты. Біз таңғы алтыларды жолға аттанып, таңғы асқа жетіп бардық. Саллидің ағасы Брайннің үйіне бардық. Саллидің әкесі Джордж сол жерде кездесуімізді жөн санапты. Жүздері сондай жылы жандар екен. Брайнің, төрт баласы бар екен, ең кішісі 4 жаста. Қонақ болған бұл отбасымда екі жағдай менің назарымды аударды.
Алғашқысы, Саллидің әкесі немерелерімен сөйлесер кезде, немерелерімен бірдей дәрежеде иілді. Бұны жасанды емес табиғи жасап жатқаны сондай білініп тұрды. Саллиге әкесінің немерелерімен үнемі осылай сөйлеседі ме деп сұрағанымда: «Иә, бізбен де солай сөйлесетін» деп жауап берді. Ағам да балаларымен осылай сөйлеседі. Менде балам болса осылай сөйлесеміз, біз осылай деп білеміз деді. Терім тітіркеніп кетті.

Мен университетте мұғаліммін және менің мамандығым психолог, бірақ мен осы уақытқа дейін балаларымның алдында иіліп сөйлескенімді есіме түсіре алар емеспін. Өзіме ашуландым; сосын өзіме ашуланудан баз кештім, мені өсіргендерге ашуландым. Оларға да ашуланудан баз кештім, бізді жетілдірген мәдениетімізге ашуландым. Сосын келе, ешкімге ашуланбауға шешім қабылдап, осы жерден үйрену мүмкіндігімді пайдаландым. Немерелерінің алдында иіліп сөйлесіп отырған Джордж ағайға: «Ағай, немерелеріңіздің алдында иіліп сөйлесіп отырсыз!» дедім. Меған таң қаларлықпен қарап, «Әрине, себебі олар кішкентай адамдар» деді. Сол кезде меған қараған көз қарасы, бұл табиғи нәрсе, менің ойымша бұны барлығы жасайды, сіз де осылай жасайсыз ба деп тұрғандай еді.

Оның меған бұлай қарауына тек қана ұялып тұрған бір жымиумен жауап бердім. Бұл ыстық жанұяда мені таң қалдырған екінші жағдай, Брайнің балаларымен қарым – қатынасы еді. Брайн үлкен мемлекеттермен сауда – саттық жүргізетін бай кісі еді. Үйлерінің үлкендігімен, жүзу бассейінен, көлігінің маркасынан – ақ отбасының қаншалықты ауқатты екені білініп тұрған еді.

Таңғы астан кейін, таңғы он бірлер шамасында Брайнге біреу телефон соқты. Офисинен хабарлап тұрған екен, Кореядан келген бір кәсіпкер Лос – Анджелеске келген екен, Брайнмен кездесу үшін түкұшағыменпен сағат түскі екіде келгісі келеді екен. Бірақ Брайн онымен кездесе алмайтынын, бақса бір кездесуі бар екен айтты:
«Төрт балам бар, әр апта біреусімен төрт сағат жеке кездесемін. Бүгін төрт жастағы қызым Маримен кездесуім бар. Балалар өте тез ұлғаяды, егер абай болмасаң уақыт зымырап өтіп олар үлкейіп кетеді».
Брайннің өмір сүру тәртібін сұрамадым, бірақ оның әрекеттеріне қарап тұрсаң, ол алдымен нелерге мән беретіні белгілі еді. Брайннің балалары оның жұмысынан да бағалы еді. Брайннің өмірінде өкініш болмайтынына сенемін.

Саллиге «әкең сенімен де кездесетін ба еді» деп сұрадым, ол «әрине» деді, «тек қана менімен емес, әр баласымен кезекпе кезек уақытын өткізетін, біз осылай үлкейдік. Менің балаларымның да әкесі осылай жасайды» деп жауап берді. «Балаларыңның әкесі бұлай жасайтынын қайдан білесің» дегенімде, бұл туралы Франкпен сөйлескенін айтты.
Ішімде бір нәрсе үзілгендей болды. Салли әлі туылмаған баласы туралы ойлап қойған еді. Өзімнің балаларыма жаным ашыды. Бойдақ кезімдегі басымның істемегені, үйленгеннен кейін жарымна көрсеткен қорлықтарым, ең ащысы да балаларыма көрсеткен қорлығымды ойладым. Өзімнің балалық шағыма да жаным ашыды, сосын ата – анамның балалық шағына жаным ашыды. Сонында, өз елімнің балаларына жаным ашыды.

Сомен ешкімге ашулана алмайтынымды түсініп, «бұдан кейін» не істей алатынымды ойладым. Саллидің өскен ортасын көріп, оның әрекеттер түсіне бастадым. Салли өз отбасында төрт құбыласы түгел ұлғайыпты. Баланың алдына иіліп тұрып, көзбе – көз сөйлескеніңізде, бала «Сен барсың, сен табиғисың, сен қымбаттысың, сен мықтысың және сен сүйуге лайықсың» деген хабарламаны алғандай болады, сомен баланың рухани ЖАНЫ ризық алады.

Баласымен кездесуін тоқтатпаған әке, «сенімен уақытымды өткізгім келеді, сені сағындым» деген сөзді балаға жеткізе алады. Бала бұл сөзді есітпейді, бала бұл сөзді сезімдермен алып, «Мен сүйгенге лайықпын» деп өседі.
Бір ата – ананың балаларына бере алатын үлкен мирасы оны керемет, рухы мықты жан ретінде тәрбиелеуі.
Доған Шүшеліоғлыдан
Аударған Lazzat Bazarbayeva

Related Articles

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: