|  | 

Тарих

Қазақтың қариясы сондай-ақ болар немесе менің атам

20160110_183508

Атам 1950-жылдары Қытайда жүргізілген «мәдениет зор төңкерісінде» «байдың тұқымы» атанып мойнына тесік шелек ілініп, басына қалпақ кигізіліп топпен бірге айдауда болған адам. Ақ сақалы көкірегін жапқан, қолынан Құраны, аузынан Алласы түспеген Ілияс Ақшалұлы деген кісі.

Мен өмірге келгенде атамның баласы болу маңдайыма жазылыпты, себебі сол кезде ата-әжелер алғашқы ұлдарынан туған бір-ер немересін иемденіп баурына салып алатын, мен сол салт бойынша ата-анамнан көп жыл алшақтап кеткем, бірақ атам мен апам өлер шағында ата-анама табыс етті. Сондықтан атамнан көргенімде естігенімде көп еді. Қаламы төселген жазушы болмасам да соның бір парасын жазып -өзім осы тектес дүниелерді көп оқып тұратын «Намыс» сайтының «Ататаным» айдары бойынша жариялғым келді.

***

Сол атам дүниеден өткеніне 26 жыл болғанда ауылдастар көңіл айтып, бет көріскен ғой. Оған дейін ақталмаған адамның қазасына қайырлы болсын айтудан қорыққан. Сонда көңіл айтып келіп отырғандардың ішінде бір ақсақал: «Е, е, е, Ілекең ел бастаған серке еді ғой» депті. Сонда Қанапия деген бір ұрт тілді кісі: «Расында елдің серкесі еді, баяғыда өзің суға лақтырғанда елді бастап өте шығушы еді ғой…» депті. Олай дейтін себебі белсенділер тұтқындарды жасанды сасық көлшікке бір-бірден қойша лақтырып «тоғытады» екен.  Сонда атам кәпіршіл зұлымдарға денемді тигізбеймін деп көлшікке өзі секіріп, киімшең өте шығады екен. Ал, «серкесі еді…» деп отырған ақсақал сол белсенділердің бел ортасында жүрген адам екен. Қанапияның әлгі сөзі кейін дүйім жұртқа тарап жүре берді.

***

Атамның адамгаршілік, еңбекқорлық, қайырымдылық, ақылмандық жақтарындағы жақсы атағы Алтай Боғданың түкпір-түкпіріне және оңтүстіктегі ұйғыр аймақтарына дейін жайылып кеткен. Бір күні атамның атағын естіп Алтай жерінен келген екі салт атты кісі қой жайып жүрген атама келіп: мынау кімнің малы? Ілияастің ауылы қайсы?- дейді. – Бұл Ілиястің малы, ал ауылы анау, – деп жол нұсқайды. Сонда әлгі екеудің бірі: Ей жігіт, Іләң кешке бізге мал сояды, сен семізінен әкел! – депті.  Кеште атам бір еркек қойын сүйреп есіктен кіріп «аумин» дегенде қонақтар Іләң қайда?- дейді. Сонда атам, «Қойды семізінен әкелдім, іздеген Ілиястарың мен болам» – деген екен. Әлгі екеуі қатты ұялыпты. Атамның қарапайымдылығына таңданысып қайтыпты.

***

Тағы бірде Алтай өңірінен келе жатқан Ақсапы бір кісі атамның үйіне қонады. Түнде арқандаулы атын қасқыр жарып кетіпті, жолаушы кейігеннің орнына қуаныпты, атам аң-таң болып үйірден бір ат ұстап беріпті, сонда қонақ: «Менің барар жерім жоқ жалғыз жан едім, сіздің атыңызды бұрын білуші едім, пейіліңізге рахмет Құдай тілегімді берді. Мені енді осында алып қалыңызшы» депті. Атам алып қалып бес жыл қарайласып басына үй тігіп, баурына қазан асып, алдына мал салып, ат мінгізіп, атан жетелетіп 1953 жылы еліне аттандырады.

***

Атамның қолұшын берген адамы аз емес. Мамай деген жетім қырғыз баланы қолына алып өз інісіндей қамқар болып үйлендіріп қазанына дән салып беріпті. Үкімет саудасынан 500 қойға қарызға жығылған үш қазаққа 200 бас қой көмек атап түрмеден аман алып қалыпты.1948 жылы Алтайдан ел ауып Боғдаға бет алғанда Мори жерінде Бижан деген жалғыз кемпір және Әліпхан деген бір қария қаңғып далада қалады. Атам бұл кісілерді қолына алып өз анасы мен әкесіндей күтіп қолында бағады.  1950 жылы Қытайдың «Кореяға көмек беру» науқаны кезінде 7 бас ірі қара 45 бас ұсақ мал, бір жамбы көмек атаған екен. Атамның атаған мал-мүлкі аудан бойынша алдынғы орында болыпты. Морида алғаш салынған мешітке 50 бас мал атаған да осы менің атам екен.

***

Атам әйгілі ғашықтар Қасен мен Жәмиланы көзімен көрген адам екен. Баркөл жерінен қос ақбоз атпен қашып шығып Моридың тауындағы Мектепаша деген жерін паналап жатқан қос ғашықтың соңынан қуғыншы келіп атыс-шабыс басталып кетіпті. Сонда жаңа туған нарестелері шетінеп анау екеуі соған қарайлап қолға түсуге айналғанда анадай жерде мал жайып жүрген атам: «балаларың маған аманат, қашыңдар» деп айқай салыпты. Олар қашып жаудан құтылып кетіпті. Сәбиді атам сол жерге жерлепті.

***

Атам Меккеге баруды армандап өмір бойы алтын күміс жинаған кісі еді. «Мәдениет зор төңкерісі» деген құйын атама қатты тиіп, қойнындығы Құраны мен аузындағы иманына жармасып қатты қинады. Сол кезде атам жинаған қазынасын түйе өркешінен тігілген тұлыпқа салып Бұйрығы болса кейін алармын деген оймен Қырыққұдықтағы белгілі бір орынға көмеді. Кейін ел орныққанда іздеп барып таба алмады және ұрпағынада «іздемеңдер» деп ескертіп кетті…

***

Атам сұңғыла кісі еді. 1960 жылы тоған қазу жолға қойылып комуна басшылары «жазықта су шығатын жер бар ма?» деп сұрағанда атам осы күнгі әйгілі Ақдала кәрзінің (тоған) орнын көрсетіп: «Бұл араға түйе айналып жайыла береді, қарақұйрық баурын төсеп жата береді, су бір шықса осы арадан шығады» депті. Айтқандай бүгінде сол жерден шыққан су арқылы тұтас дала суармалы алқапқа айналды.

***

Атамның тізесіне шынтақтай отырып Құран сүрелерін жаттап өстім, атам атқа мініп қой жайуға шығарда шап етіп артына жабыса кетемде, барқыт сырмасына мұрнымды тақап белінен тас қып құшақтап алам. Атамның қара сырма шапаны, күміс белбеуі, жұрынды тері шалбары, саптама етігі, төбесі шошайған қара күләпарасі, жирен қасқа аты бәрі, бәрі менің санамдағы өшпес бейнелер. Атамның артында отырып күн шуағына балбырап ұйықтап отырып аттан құлаған кездерімде болды,ондайда атам екеміз қайта атқа міне алмай,биік тас немесе жарқабақ іздеп көп сандалушы едік. Атам 90 ға келгенде тістері маржандай аппақ әрі бүтін еді мен қалайша деп сұрағанымда алтынды қайнатып тістеріңді шайқаңдар дейтін.

***

Атамның айтқанын айта берсем таусылмайды. Қайран атам соншама қыспақта жүріп Ораза мен Намазды жасырын өтеп, ақырғы сәтінде аузынан кәоимасы  ақтарылып көз жұмып еді. Арман болған қажылыққа баруға да қиын уақыт орай бермеді. Қолымнан келері Құран бағыштау, Алла жаныңызды жаннатта қылсын. Менің атам осындай кісі болды, мен ұрпағыма қандай ата боламын? Ауыр ой басады. Шүкірлік етем. Қазақтың қариясы сондай-ақ болар.

20160112_090559

Рахат Бәдиұлы,
Талдықорған қаласы

namys.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: