|  | 

Көз қарас

Ататегімізді төрге шығарайық

Ататегімізді төрге шығарайық

Арада үш ұрпақ ауысып, 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақ­стан өз егемендігін қолына алғаннан кейін ғана барып, кейбір азаматтар «ов»,«ев» жалғауларынан бас тартып, жеке куәліктері мен төлқұжаттарын қазақыландыра бастады.

Түрік ағайындарға ұқсатып Наурызбай Махмуд Дүйсекұлы болып жазу үрдісі де қалыптасты. Бұған мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза сияқты ұлтжанды тұлғалар алғаш­қылардың бірі болып үлгі көрсеткені анық. Сөйтіп, төлқұжат пен жеке куәлікті толтыру барысында фами­лиясы мен өзінің атын жазатын дәстүр бой көрсете бастады. Содан көп ұзамай кейбір кісілер фами­лиясының соңына «тегі» деген жал­ғауларды дұрыс көріп солай жазғызды. Руларын айшықтағандар да жетерлік.
Әлем халықтарының қай қайсын алып қарасаң да өздерінің ұлтына тән ататегі бар. Атап айтатын болсақ, армяндарда «ян», грузиндерде «швили», «адзе», украиндарда «ко», поляктарда «ский», жапондарда, корейлерде бағзы заманнан қалып­тасқан ататегін көріп еріксіз сүйсінесің. Оларды осы ататегіне қарап-ақ қай ұлттың өкілі екендігін оп-оңай ажыратып алуға болады. Осыған келгенде еріксіз ойға батасың.
Мені қазақтың ататегіне «ата» сөзін тіркеп жазсақ қалай болар еді деген ой көптен бері мазалап жүр. Мысалы, Наурызбайата Махмұт Дүйсекұлы деп жазсақ, бұл жерде «ата» жалғауы, яғни Махмұттың атасының кім екендігін нақты көр­сетіп тұр. Бұл – біріншіден, қазақ аза­маттары өздерінің ататегіне «ата» сөзін тіркеп жазса, оның фами­лиясының өзі-ақ төлқұжат иесінің қазақ ұлтынан екенін білдірсе, екіншіден, өзге қай елге, қай жерге бармайық сол мемлекеттің өкілдері төлқұжатымызға қарап-ақ қазақ екенімізді бірден айырар еді. Уақыт өте келе «тегі», «тің», «нің» деген жалғаулар «ата» сөзіне жол берері анық.
Бүгінгінің жастары шежірені жетік білмегендіктен өзінің тегін осы «ата» сөзі арқылы ажыратып, қанның ара­ласып кетпеуінен сақтанатындығы хақ.

Қазақ халқы ататегіне жазылғанда не ұтамыз?
1. «Ата» жалғауынан қазақ халқы бір атаның балалары екенін білдіреді.

2.Ата сөзі қазақ ұлтына «тайға таңба басқандай» таңбасы емес пе?!

3.Ұлтымыздың жүзге бөлінбеуіне басты бастамасы болады.

4.Ұлтымызды бірлікке, ынтымаққа шақырады

5.Қазақ халқын тілін және дінін қадірлеуге ықпал етеді.

6.Қазақ мемлекетіндегі басқа ұлт өкілдерінің бастаушысы болады.

7.Шет мемлекеттерге, Қазақ елі болмаған дегендерге табанды ел екеніміздің дәлелі болады.

8. Ұлтымыздың әдет-ғұрпын сақтауға қадірлеуге әсерін тигізеді.

Менікі көпшіліктің ортасына өз ұсыныс-пікірімді білдіру. Кім қалай қабылдайды, оны әркімнің өз таным-түйсігі біледі. Бірақ қалай дегенмен де, Қазақ Республикасының мемле­кеті мен үкіметі,еліміздің заң шыға­рушы органы Парламент Мәжілісінің депу­тат­тары бұл мәселеге терең зейін қо­йып талқыласа, қазақ ұлтының мәсе­лесі болғандықтан бұл қадам керек-ақ.
Наурызбайата
Рахымберді Дүйсекұлы

Айқын-ақпарат

Related Articles

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Бүгін Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) «Паутина» деп аталатын стратегиялық операциясын жүзеге асырып, Ресейдің әскери авиациясын нысанаға алды. Украиана тарабы операция барысында Ресейдің 41 соғыс ұшағы жойылған алға тартты. Олар Ресейдің А-50, Ту-95МС және Ту-22М3 сынды стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын істен шығарып, 2 миллиард доллар шығынға батырған. Украинаның арнайы қызметі операцияны жүзеге асыруға бір жарым жыл бойы дайындалыпты. Операция барысын Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі бақылаған, ал оның орындалуын СБУ басшысы Василий Малюк пен арнайы жасақтардың үйлестірілген ұжымы атқарған. Украина тарабы алдымен FPV-дрондарды Ресейге контрабандалық жолмен жеткізеді. Артынша – ағаштан жасалған шағын үйлер жібереді. Дрондар сол үйлердің шатырының астына тығылған. Кейін бұл үйлер жүк көліктерге тиеліп, Ресейдің ішкі аумақтарына жеткізіледі. Дәл сәт

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: