|  | 

Тарих

Отарлау: Қазақ даласына қарашекпенділер қалай келді?

1861 жылы Ресей шаруалары басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бұларға өмір сүретін жер керек болды. Ресей үкіметі бұл мәселені шешудің жолы шаруаларды Қазақ даласы мен Сібірге көшіру қажет деп тапты. Бұл шаруа іске асқан жағдайда Ресей орасан зор пайда таппақ:

Бірінші. Шаруаларды жаппай көшірсе үкімет болуы мүмкін әртүрлі толқу-үркуден құтылады;

Екінші. Ресей қоныс аударған шаруа орыс-славяндар арқылы жат жеге өзінің сенімді тірегін қалыптастырады;

Үшінші. Шаруалар арқылы жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстау;

Төртінші. Көшпелі халықтарды орыс шаруаларының үстемдігі арқылы отырықшы жұртқа айналдыру;

Бесінші. Мұсылман дініндегі халықтарды шоқындыру ісіне христиан шаруаларды пайдалану;

Алтыншы. Қазақ даласына орыс шаруаларын қоныстандырып, империя мүддесі үшін даланы бай астықты алқапқа айналдыру. (бұл шаруаны Кеңес оотарлаушылары іске асырды)

Жетінші. Отарланған жерлердің қауіпсіздігі үшін орнатылған, бекіністер мен казак-орыс әскери жасақтарын азы-түлік, ас-ауқаттпен қамту ісіне шаруаларды пайдалану;

Сегізінші. Ресейдің ішкі өлкелеріндегі кедей шаруаларды Қазақ даласына жапай көшіру үшін, «жаңа жерде тамаша өмір сүр» дейтін ұран тастап, оларды еліктіретін үгіт-насихат жүргізу. Осы  бағытта 1907 жылы шаруаларға тарату үшін 6.5 млн дана кітапша басып шығарылды.

1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақ даласынна жапай көшуіне жол ашты.

Жалпы осы қоныстандыру мәселесінің бастамашыларының бірі – Жетісу облысының әскери губернаторы Г.А.Колпаковский.  Осы адамның араласуымен 1868 жылы «Жетісу өңіріне орыс шаруаларын қоныстандыру туралы уақытша ереже» жасалды. Осы Ереже бойынша жаңадан қоныстанушы шаруаларға төмендегідей жеңілдік қарастырылды:

  • Шаруаның отбасы мүшелерінің әрбіріне 30 десятинадан жер телімін беру;
  • Барлық алым-салық түрлерінен 15 жыл босату;
  • Пайыздық өсімсіз қарыз береу;
  • Қазақ даласына ходоктар (қазақ даласына келіп құнарлы жерлерді шолып-көріп өзі сияқты шаруаларды бастап көшіріп келетін адамдар) жіберіп жер шолдыру.

Бірақ бұл жеңілдіктер аталмыш өңірге шаруалар легі шамадан тыс көптеп келуіне байланысты 1885 жылы өзгеріп, отбасы мүшесіне 10 десятина жер телімі тиеселі болды да, салықтан босату мерзімі 5 жылға қысқарды. Соның өзінде ағылған қарашекпенділер тасқыны азайған жоқ.

Үкімет Жетісу өңіріне ағылған шаруалар легін реттеу үшін 1903 жылы «Сырдария; Ферғана, Самарханд облыстарына шаруалар қоныстандыру туралы ереже» қабылдап, жергілікті тұрғындардан құнарлы жерлер тартып алынды.

Осы жылдары Қазақ даласына ағылған орыс мұжықтарының көптігі сонша, үкімет бұларды алты аймаққа (Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу) рет-ретінмен бөліп-бөліп қоныстандыру үшін 1904 жылы «Қоныстандыру қорын» құрды. Қордың міндеті қазақтардың басы артық жерлерін тартып алып  шаруаларға бөліп беру және жергілікті тұрғындарды казак-орыс жасағының күшімен ай далаға қуып тастау.

Жаңадан қоныстанушыларды өз алдына жеке-жеке болыстық әкімшілікке біріктіріп, басқарса, 1902 жылы жергілік әскери губернатор «Шаруалар басқармасы» дейтін лауазымды қызмет енгізді.

Жоғардағы орыстардың Қазақ жеріне жаппай қоныс аудару ісін реттеу мақсатында 1906 жылы Ресей Үкіметінің басшысы П.А.Столыпин «Ресейдің Азия аумағына шаруаларды қоныстандыру туралы» шешім қабылдады. Бұл тарихта Столыпиннің аграрлық реформасы деген атпен белгілі. Үкімет мұндай реформа қабылдау барысында жерігілікті ұлт қазақтармен ақылдасу, олардың жағдайымен санасу деген атымен болған жоқ.

  • 1870-1914 жылдары жоғарыдағы алты облысқа 1.4 млн шаруа көшіп келіп қоныстанды. Осылардың 721 мыңы Ақмола облысына жайғастырылды.
  • 1917 жылы қоныстанушылар саны – 1.5 млн-ға жетті. Бұлар қазақтардан 45 млн десятина жер тартып алынды.
  • Петрпавл уезінің – 52 пайызы, Қостанай уезінің – 54 пайызы, Ақмола уезінің – 73 пайыз жері шаруалар үшін қазақтардан тартып алынды.
  • Жерінен айырылып кедейлеген қазақтар еріксіз өндірісті жерді сағалап, стансаларды жанай қоныстанды. Көбі мал шаруашылығын тастап, егіншілікті кәсіп етті. Осылай қазақтар арасындажатақтар дейтін әлеументтік топ пайда болды.

Түркістан генерал-губернаторы Куропаткин өзінің кезекті баяндау хатында: «Қазақтар соңғы 30 жылда барлық тараптан күшті қыспаққа алынды, 1904 жылы тек Жетісу облысынан бірнеше млн десятина жер тартып алынды» депті.

Ерлан Алтай

namys.kz

-3-e1285129913234-429x250

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: