|  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді

«Рыжий Алмаз»: «Біз кімбіз? Қарақшымыз ба, рэкетпіз бе, әлде еліміздің «Робин Гудымыз» ба?

Qazaq azamattari«Рыжий Алмаз»: «Біз кімбіз? Қарақшымыз ба, рэкетпіз бе, әлде еліміздің «Робин Гудымыз» ба? Біз мына өмірден кеткен соң біз туралы ойлап, естеріне алар ма екен?!

…Мен көп ойланам, өзімді және жігіттерді алда не күтіп тұр деп, ішкі сезім болашақ жоқ дейді, оның өзің көріп тұрғандай барлық жерде «орыс ұрылары».

Бәрі жеке кәсіпке кетті, бірақ оны ешкім түсінгісі келмейді. Әрдайым бәсекелестермен қырылысқанша жеке кәсіппен жұмыс істеген оңай ғой. Бірақ бізге өз еліміз Қазақстанда өмір сүргізіп, жұмыс істетпейді!

Біздің арамызда көбісі көп нәрсе біледі, көп билік басындағы басшылармен сөйлестік, сөйлесіп те жүрміз. Ондай таныстық болашақта ешкімді де қуанта қоймайды. Маған қалай мүмкіндік туады, мен алысқа – ешкімнің қолы жетпейтін жерге кетемін».

1993 жыл.

Сурет Ермек Құрманғалитегінің парақшасынан алынды.

Фотосуреттегі тұлғалардың кім екені Ермек, Айбек және Бауыржан есімді азаматтардың көмегімен анықталды.

Солдан оңға қарай: 1. Жангелді ?. 2. Қайыржан Нұралин (1967 жылы туған). 3. Талғат Атабаев (1967-2005). 4. Несіпбай Нәсенов (1961-1998). 5. Асқар Үшкеев (1964 жылы туған). 6. Серік ?. 7. Құрманғали Сатыбалдиев (1965-2015). 8. Қайрат Ізбасаров (1968 жылы туған).

Заңғар Кәрімхан

Қылмыс әлемі де белгілі бір заңдылыққа бағынады. Мемлекет мықты болуы үшін, оның ішкі криминалы да күшті болуы қажет екен. Олай болмаса, өзге елдің «вор в законелері» осы бос ваккумды пайдаланып, елге әмірін жүргізе бастайды. «Сары Алмас» бастаған жігіттер кезінде келімсектердің осындай жүгенсіздігін тоқтатып, қазақ елінде қазақтың ғана әмірі жүретінін оларға тоқпақтап тұрып түсіндірген болатын. Әттең, билікке дейін сөзі өткен мықты жігіттерді ақырында мақсатына жеткізбеді….

Жолымбет Мәкіш 

Қазағымның намысы үшін жаралған жігіттер осылар болатын.
Пальто, ақ шарфы таққан Несіпбай Нәсенов “Сары Алмаз”, қара былғары куртка киген Талғатбек Атабаев (Атаба), пиджак киген Қайыржан. ” Сары Алмаздан” кейінгі орнында Мейіржан 23-24 жастағы жігіт, және осы Қайыржан қалған. Мейіржан 30 жасқа жетпей өмірден өткен көрінеді.

“Менің жалғыз ғана досым бар, ол- Қайыржан, ал қалғандары бауырларым”,- деген екен Несіпбай.

Ермек Құрманғалитегі

Өткендерді мазаламайықшы

Кешегі арыстармен оғыландардың рухы үшін!
Шоқтығы биік Шоқыр, мұзбалақ Мұстафа және басқада дүрлердің ұлтым деп соққан жүрегі үшін, біз қаншалықты қарыздармыз?

Аз күндік крезиске бола жалымыз жығылмасын, не бір тарғалаңдардан тайсалмай өтіп еді ғой, түйелі көшпен бабаларымыз. Азат аспан астында асфальтта жеңіл көлікпен жүріп, Сарыарқаға екі күн аяз түссе ұлардай шулаймыз. Сол ма біздің ерлігімізбен жеткен-бағындырған биік шыңымыз.
Бүгін айтылмайтын бір сөз” Олар сатып кетті, жеп қойды, отырғызды, тұрғызды.” Өткен марқұмдардың құлағын шулатып, күнәсін көтеріп зар қақсап, көкдолыланып, шәуілдейтін тобыр бар. Сен сол сөзіңді олардың көзі тірісінде, қылтаң дірілдемей қасқайып айтып, қаз тұра алатын ба, едің?
Олар ақымақ болған жоқ, өз бауырларының өзгенің битін тарап кетпеуі үшін кек кернеп алдыға шықты. бүгін Тас керпіштен қаланған төрт тамыңда құрсағыңды тойдырып алып, арыстарды балағаттау қай теңің? Мықтысың ба, онда көп дүние сені күтіп тұр ал дәлелде. Әйтпесе өнер алды……..

Когедай Шамерхан

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: