|  |  | 

kerey.kz TV Руханият

ЗУҚА БАТЫРДЫҢ КİШİ КЕЛİНİ БАЯН АПАМЫЗДЫҢ ЖОҚТАУЫ (ЖЫРЫ)

Жыл: 1996. Зукаұлы Сауат Хажынын үйі. Стамбул. Жырды айтқан кісі Керей-Шақабай руынан Мәукеатаұлы Шамшерқан ақсақал, осы жыр туралы әңгімесінде былай айтқан: Бұл жырды Хажы Зуқа Батырдың Баян есімінде кіші келіні жоқтап айтқан кезде біз кішкентай балалармен ақын ағаларымыз үйдің төңірегінде тыңдап отырғамыз. Әнін де сөздерін де жаттап алғамыз.

Kuddüs Çolpan

 


Мейірбан ғазиз атам-ай,
Не болар зарлап ботаң-ай.
Мамыққа жатпас әтиім,
Жерге де қайтып жатады-ай.
Сол күні білсем әтиім,
Қалар ем алып батаңды–ай.
Өзгеден бұрын бір сәрі,
Әтиім маған батады-ай.
Әтиім өтті арманда,
Бір атыспай қалғанда.
Арманда емей немене,
Бесатар берен тұрғанда.
Тұрған үйде қырық мырыш,
Жарқыраған сары қылыш.
Қапыда басып қалың жау,
Бір түнде болды тып-тыныш.
Алдыңнан өтпес әтиім,
İшіме түсті күйініш.
Әтиім сапар шеккен соң,
Қорадан кетті жиылыс.
Әтиім өтіп дүниеден,
Түсті-ау басқа бір киын іс.
Бір дүңген мен дос болдың,
Осыған неге бос болдың,
Біле тұрып атиім,
Белқұдыққа шет қондың,
Не көрсем өзім көрем деп,
Жұртыңның қамын жеп қондың.
Бесінде Дүңген келіпті-ай,
Қолынан бір шай беріпті-ай.
Қолынан шайды алғанда,
Қып-қызыл қанды көріпті-ай.
Қасында келген Қытайға,
Әтиім бір ат беріпті.
Дүңгеннің алдап жүргенін,
Жақия шошқа біліпті.
Екеуі аман барғанын,
Мадарың Ырым (İбрайім) көріпті.
Ұрдалып шыққан Мадарың
Сол күні түнде келіпті.
Қапыда басып қалың жау,
Әтиім шейіт болыпты.
Әтиім шейіт болған жер,
Талдысай басы қорық-ты.
Әуелде жазу осылай,
Бұзуға келмес бұйрықты.
Әтиім сапар шеккен соң,
Жоғалтты Керей ұлықты.
Бесатар мылтық мойнында,
Сарыала қамшы қолында,
Қажы атам шейіт болды-ғой,
Белқұдықтың жолында.
Дауыйың сөзге жетті ғой,
Керейден тыныш кетті ғой.
Қытайдан түсіп қарауыл ,
Ортаңнаң орын кетті ғой.
Кеткені осы емес пе,
Баянбай, Дөнен, Байқадам,
Осыларды алам депті ғой.
Қытайдан түсіп қарауыл,
Ортаңнан орын тапты ғой.
Бұрыңғыдай күнің жоқ,
Үйің тігіп қойыңды сой,
Қой десең зарлап қойдым ғой.

kerey.kz

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: