|  | 

Әлеумет

Бизнесін ұжымына берген адам

Ақсай қаласында тұратын бизнесмен Барлық Меңдіғазиев 40 миллион долларға бағалаған бизнесін компания ұжымына түпкілікті өткізіп берді. Азаттық тілшісі кәсіпкердің бұл жомарттығы себептерін анықтап көрді.

Кәсіпкер Барлық Меңдіғазиев баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы, 29 желтоқсан 2015 жыл.

Кәсіпкер Барлық Меңдіғазиев баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы, 29 желтоқсан 2015 жыл.

Батыс Қазақстан облысындағы KSS building мұнай сервисі компаниясының 46 жастағы басшысы Барлық Меңдіғазиев 2013 жылы облыс басшысы Нұрлан Ноғаевты жұрттың көзінше сынап, тіпті екі апта қамауда отырған. 2013 жылдың жазында салық инспекциясы Меңдіғазиновтің бизнесінен әлдебір заң бұзушылықтар тапқан, бірақ жанжал тез басылған.

Ал 2015 жылдың аяғында Меңдіғазиев бизнесін еңбек ұжымы иелігіне өткізіп беретінін жариялады. Компания құнын ол 40 миллион долларға бағалаған. Кәсіпкердің түсіндіруінше, оның бұл шешіміне аймақтың экологиялық проблемалары және коррупциямен күресу ниеті түрткі болған әрі ол «ұжымды қатерде қалдырғым келмейді» деп мәлімдейді. Өткен аптаның аяғында Ақсай қаласында орналасқан кәсіпорында өткізген баспасөз жиынында бизнесмен компанияны ұжым иелігіне заң жүзінде өткізіп беру процедурасы аяқталғанын жариялады. Меңдіғазиевтің сөзінше, енді кәсіпорын қызметкерлері- оның бұрынғы компаниясының толық құқылы акционерлері болып саналады.

 - Бүгіннен бастап кәсіпорын 100 пайыз ұжым иелігіне өтті. Әрине, қызметкерлерге жұмыс істеген жылдарына қарай үлес тиеді. Бұдан былаймен тек жалдамалы қызметкермін, – дейді Барлық Меңдіғазиев Азаттыққа.

Кәсіпкер «бизнесмен банкрот алдында тұрған компаниясынан осылай құтылмақшы» деп сынайтындарға «компанияның ешқандай борышы, қарыз салығы жоқ» деп мәлімдеді.

НОҒАЕВПЕН ЖАНЖАЛДАСУ, САЛЫҚ ДАУЫ

Барлық Меңдіғазиевтің есімі көпшілікке Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаевты облыстың Зеленов ауданындағы туған ауылы Январцевоның іргесінен мұнай қалдықтарын көметін полигон салуды қолдады деп айыптаған кезінде, 2013 жылы танылған.

Кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевтің сот залынан түсірілген суреті. 22 шілде 2013 жыл.
Кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевтің сот залынан түсірілген суреті. 22 шілде 2013 жыл.

Кейін салық инспекциясы бизнесменнің кәсіпорнын тексеріп, салық төлеуге қатысты заң бұзушылықтар тапқан. Қаржы полициясы 140 миллион теңге салық төлеуден жалтарды деген айыппен кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс қозғаған. 2013 жылы шілденің 22-сі күні Меңдіғазиевті тұтқындап, тергеу абақтысына жапқанымен, онда ұзақ ұстаған жоқ. Сол жылы қыркүйектің 5-інде Астанадағы брифингте «Атамекен» кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес басқармасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев кеңес мүшелеріне Барлық Меңдіғазиевтен хат түскенін хабарлаған. Ошақбаевтың айтуынша, кәсіпкер хатында «қызбалыққа салынып әрі әлдекімдердің арандатуымен облыс әкіміне жалаң айып таққанына» өкінетінін мәлімдеген.

Әлгі брифингте Рақым Ошақбаев кәсіпкердің атынан «таққан айыптары мен айтқандары шындыққа жанаспайды, сондықтан ол қатты өкінеді» деп мәлімдеген.

Екі аптадан кейін ешқайда кетпеу туралы қолхат алып, Барлық Меңдіғазиевті қамаудан босатқан. 2013 жылы қазанның 23-і күні сот бизнесменге 500 айлық есептік көрсеткіш (ол кездегі бағам бойынша бес мың доллардан асады) көлемінде айыппұл мен бір жыл бойы кәсіпкерікпен айналысуға тыйым салған.

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСҚА КӨШУ

Жуырда Барлық Меңдіғазиев қайырымдылықпен айналыса бастады. Бірақ ол «бұл – жарнама емес» дейді.

Биыл ақпанда Меңдіғазиев облыстың Январцево мен Петрово ауылдары тұрғындарына жылдамдығы жоғары ұялы интернет желісін тартып берді. Ал сәл ертеректе 20 жылдан көп төсекке таңылып жатқан оралдық тұрғынға мүгедектер арбасын сыйлаған. Ол қайырымдылықпен бұрын да айналысқан. 2009 жылы жергілікті «Уральская неделя» тәуелсіз газетінде Жымпиты-Қаратөбе газ құбырын тарту жұмыстарына тендер жарияланғаны жайлы «За ширмой тендера» деген мақала шықыт. Журналист «Тенгизмұнайқұрылыс» компаниясы конкурсты тендер аяқталмай жатып ұтып алды деп болжаған.«Тенгизмұнайқұрылыс» компаниясы іскерлік беделін қорғауды әрі моральдық зиян үшін 20 миллион теңге (ол кезде 136 мың долларға жуық)өтемақы өндіріп беруді сұрап, талап-арыз түсірген. Барлық Меңдіғазиев басылым редакторына өтемақының бір бөлігін төлеп беруді ұсынған, бірақ газет оның көмегінен бас тартқан. Кейін компания басшылығы да талап-арызын қайтарып алған.

Ізгі істеріміз арқылы қоғамға дұрыс месседж жолдап, ұрпаққа өнеге болу керек. Ал «өзін жарнамалап жүр» дегенді мен сияқтыларды жақтырмайтын билік қана айтады.

Барлық Меңдіғазиевтің отбасы АҚШ-та тұрады әрі ол жақта кәсіпкердің қонақүй бизнесі бар. Бизнесмен Азаттыққа саясатпен ешқашан айналыспайтынын, қоғамдық жобалар арқылы адамдарға ақысыз көмек көрсетуді жалғастыра беру ниеті барын айтады.

 - Бұл істермен өзімді жарнамалау үшін айналысып жүрген жоқпын. Ізгі істеріміз арқылы қоғамға дұрыс месседж жолдап, ұрпаққа өнеге болу керек. Ал «өзін жарнамалап жүр» дегенді мен сияқтыларды жақтырмайтын билік қана айтады, – дейді Барлық Меңдіғазиев.

Биыл ақпанда бизнесмен ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен аймақтарда құрылған орган – облыстық қоғамдық кеңеске өз кандидатурасын ұсынған. Қоғамдық кеңестердің «жергілікті атқарушы биліктің қоғамға есеп беруі үшін» құрылатынын айтылған еді. Бірақ дауыс беру нәтижесі бойынша Барлық Меңдіғазиевтің кандидатурасы өтпей қалған.

Меңдіғазиев кандидаттарды іріктеген жұмыс топтарын жасақтаудың заңдылығын тексеуді сұрап, қоғамдық кеңеске өтпей қалған өзге азаматтық белсенділермен қосылып, прокуратураға шағым жолдағанын айтады.

Санат ОРЫН ӘЛИ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: