|  | 

Көз қарас

МЕН АНАМДЫ 8 НАУРЫЗДА ҚҰТТЫҚТАМАЙМЫН

“Абай” ақпарат порталының электронды поштасына халықаралық әйелдер мерекесінің тарихы туралы Тоғайбай Нұрмұратұлының мақаласы келіп түсті. Бұл мейрам біздің елде аналар мерекесі болып тойланып келеді. Аталған мерекенің маңызы салт-санамызға сіңісті болып кетті. Сондықтан да, автордың тым қатты кеткен тұстары болса, оқырман қауымнан кешірім сұраймыз. Егер де Сіздердің айтар уәждеріңіз болса, оны да жариялауға дайынбыз. 

Аbai.kz порталы

Кеңестік қандыбалақ коммунистер құрған террорлық мемлекет өз қылмыстарын жасыру үшін өтірік тарих, өтірік мәдениет, өтірік адамдық қасиеттерді ойлап шығарды. Бұлардың ұлт болмысы, адамдық қасиеттен жұрдай ететін ғылыми тұжырымдамалары әлі күнге күшінде келеді.  

Александра Михайловна  Коллонтай – бұрынғы орыс армиясы генералының қызы еді. Мектеп бетін көрмей-ақ, үйінде жүріп әріп танып, оқып үйренді. Он алты жасында үлкен-кіші демей, еркек атаулының кез-келгенімен төсек қатынасына түсіп, күллі елге «қызуқанды Шурочка» атанды. Бірақ ата-анасы еңіреп, жалынып, соңынан қалмай жүріп, Владимир Коллонтай дегенге қосады. Үйде отырып шаңырағына шаттық сыйлап, құлдыраңдаған баласының тәтті күлкісін аңсамайтын қатынға отбасында отыру нағыз азапқа айналды. Күйеуінің алдындағы әйелдік паразын өтеу, еркек пен әйелдің ең ыстық нәзік сезімін, махаббатын, ақ некесін; «ақымақ, надан  адамдардың әйелдерді отбасына байлап, құл қылып ұстау үшін ойлап тапқан құйтырқы ісі» деп ашық айтумен болды. Онысымен қоймай, «бір еркекпен ғана төсекте жату, өміріңді қор ету» деп, күйеуі жұмысқа кеткенде оның досы Александр Саткевичпен ашық түрде ашыналық жасады. Көп уақыт өтпей 1898 жылы бұл екеуінен де жалығып, шетелге кетеді.   

ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Еуропада  Клара Цеткин мен Роза Люксембург деген әйелдер жезөкшелерді қорғап, «олардың да адамдар сияқты мемлекеттен көмек алуға, сайлануға, сайлауға қатысуына, заңды құжатталуына құқы бар» деп, жезөкшелерді ұрып-соғып, қуып таратылған «8 наурыз» күнін «жұмысшы» әйелдердің «теңдік үшін күрес» күні ретінде атап өту үшін, көше жезөкшелерін жыл сайын қайта-қайта митингіге алып шығып, батыс баспасөзін шулатып жатқан кез. Соларға қосылған Коллантай: «Ресей дамымаған, өркениетке жетпеген, әйелдерді қорлап ұстайды» деген мақалаларымен «күрескер әйел» атанып, қалаған еркектерімен «бақытты» өмір кешіп жатады. Сонымен қатар Еуропада өздерін «революционер» атаған қарақшы, алаяқ, ұры-қары, терористік топтардың көсемдері Поль Лафарг, Карл Каутский, Георгий Плеханов, Владимир Ульянов (Ленин) «Ресей патшасын өлтіреміз, езілген халыққа бостандық әпереміз» деп неше мәрте патшаға, биліктегі министрлер мен  атақты зиялы жандарға қастандық әркет жасаумен айналысқан топтың белді мүшесіне айналады. Орыс империясы Коллантайға Ресейге келуге тиым салады. Ресейдегі 1917 жылғы ақпан революциясын естісімен Петерборға шұғыл оралады. Мыңдаған жұмысшылар мен солдаттар алдында, «әйел бостандығы» туралы сөйлеген сөзін сайқымазақ ретінде қабылдаған тобыр, улап-шулап қолпаштап, ақырында солдаттар оны, «біздің Саша «революцияның секс гүлі» деп «қолдан қолға» алып кетеді. Көп өтпей қырық бес жастағы Коллантай, Балтық флотының  матросы, жиырма сегіз жасар сотқар Дыбенконың ойнасына айналады. Коллантай 1917 жылы Мәскеу қаласында зауыт жұмысшылары мен қызыл әскерлер алдында: «Әйелдердің бір еркекпен ғана некеге тұрып, оған тәуелді болуы – әйел бостандығын қорлау. Революцияның мақсаты әйелдерге бостандық әперу. Сондықтан әйелдер қалаған еркегімен болып, ұнатпаса тастап кете алады. Бала туғысы келе ме, келмей ме оны әйел шешуі керек» деп оттайды. Ленинмен де төсектес болып жүргендіктен Революциялық үкіметтің құрамына кірген жалғыз қатын болады. Ленин оны әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындайды. Министр болысымен 1917 жылы 19 желтоқсанда еуропалық азғын, гомик философсымақ Фрейдтің ілімін негізге алып, әйелдер, еркектерге экономикалық, жыныстық тәуелді болмау үшін «Әйел теңдігі», «Некені бұзу», «Азаматтық неке», «Некесіз туған баланың құқығын заңды туылған баламен теңестіру», «Некенің күшін жою», «Гомосексуал болғандығы үшін жазалаудың күшін жою сияқты заңдар жинағын дайындап оған Ленин қол қойып, қабылдайды.  «Түсік тастау еркіндігі» – «свобода абортов», «Гомосексуализм», «жастардың жыныстық қатынастағы еркіндігі» – «молодежные (сексуальные) коммуны», «балаларды ұжымдық түрде тәрбиелеу» – «коллективное воспитание детей» сияқты ережелер қабылдайды. Сонымен қатар Кеңес Одағына «8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы» деген мерекені енгізеді. Ресейдің есті әйелдері ешқашан митингіге шығып бұл күнді талап текен емес. 

Бұл заңдар мен ережелерді қуана қолдаған Троцкий Ленинге жазған хатында: «Ресейде әйелдерді жынысына бөліп қорлайтыны, әйелдер экономикалық, жыныстық қатынаста еркекке тәуелді екені рас. Отбасы да буржуазия билігі сияқты «іріп шіріген» институт. Біз бұны жоюымыз керек» депті қаныпезер.  

«Молодая гвардия» журналына жыныстық қатынас туралы доктринасын жариялап, соңына; «Комсомолдар мен комсомолкалардың бір-бірімен  жыныстық қатынасқа түсуі – шөлдегенде ішетін бір стакан су сияқты, шөліңді басып жүре беретін қарапайым болу керек» деп жазды. «Новая мораль и рабочий класс», «Дорогу крылатому Эросу!», «Любовь пчел трудовых» сияқты азғындыққа шақыратын жүздеген мақалалар жариялап, кітаптар жазады. Алғашқыда халық оған, «ақымақ қатын» деп күле қарады.  «Коллантайдай атақты әйел боламыз» деп армандаған комсомол хатшысы, партком хатшысы, комиссар, бастықтың хатшысы болған қыздар, келіншектер білім, ғылымымен, талантымен емес «жеңіл жолмен» билікке жетуді мақсат етті. Еркектерде көрінген қатынға «көз салып» отбасын ойрандап, бала-шағаны жетім етіп, қоғам бұзылып, революцияның атына кір келіп, мазаққа айнала бастаған соң, халық Лениннен Коллантайды биліктен аластауды талап етті. 1922 жылы Коллантайды «гендерлік саясатымен» Норвегия мен Швецияға елшілік жұмысқа жіберді. Арасында Мексикада елші болған ол, әлем бойынша; «бірінші министр – әйел, бірінші елші – әйел» атанды. Үстіне былғары тон, алтын мен гауһарға көміліп, ұнатқан еркектерімен сайраңдап жүрді. 1930 жылға дейін Кеңес Одағы Коллантайдың  заңдары мен ережелеріне; «Біздің елде секс жоқ. Жастар бойындағы қуатын секске жұмсамауы керек. Секс жастардың оқып білім алуына, жұмыс істеуіне, социалистік қоғам құруға зиян келтіреді» деп тыйды. Бірақ «8 наурызы» аяулы да асыл аналарымыздың арын кірлеп, әлі мейрам болып келеді. «8 наурыз» туралы жалған тарихтың санамызға сіңіп кеткені соншалық кез-келген әйелге: «Бұл мереке ешқашан «халықаралық» болған емес, өйткені «жезөкшелер күні» екенін білетін шетелдіктер оның «әйелдер мейрамы» екенін мойындамайды. Оқиға болған Дания елі мұндай «мерекені» естімеген де. Тек «тексіз коммунистер» билеген Кеңес Одағында ғана тойланады» десең «өтірік» деп бетіңе баж ете қалады. Өтірік пен жалған қоғамда өмір сүрген жандардың шынайы шындықты қабылдауы екіталай екен.

Мен анамды жылдың 364 күнінде құттықтауға бармын, тек 8 наурызда емес. Өйткені жезөкшелердің бой көтеруінен туындаған «мереке» неге асыл да адал аяулы аналарымызға таңылуы керек? 8 наурызбен «құттықтамасам болмайды» дейтіндер болса, онда Қазақстанда 14 қаңтарды «әйелдер мейрамы» деп жасап алайық. Талдықорғанда әйелдер басқаратын «Ковчек» әлеуметтік ұйымы  2008 жылы 14 қаңтарда  жезөкше қыздарды көшеге алып шығып, бүкіл әлемге: «Қазақстанда әйелдер құқығы аяққа басылып жатыр. Жезөкше қыздарды адам қатарына қоспайды, оларды полицейлер ұрды-соқты» деген сияқты былапыттармен елді былғап, теледидарға сұхбаттар беріп орыс тілді газеттер айқайлап әлемге жариялады. Бұл оқиға мен Даниядағы 1914 жылғы «8» наурыз оқиғасы бірдей. Бәрібір жезөкшелер емес пе? Талдықорғандағы жезөкшелердің суреттері газеттерге басылып, экранға шықты. Ата-аналары, туған-туысы, еліне «күрескер қыздарының» суреттерін көрсетіп әркімге мақтанған шығар. Бүйтіп ата-ана болғанша … Асыл аналарымызды сыйлайтынымыз рас болса, көп ұзатпай ел болып «аналар мерекесін» басқа күнге ауыстыруымыз керек.

Тоғайбай Нұрмұратұлы

Abai.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: