|  | 

Тұлғалар

Қытайда діни ғұлама Ақыт қажы туралы жеке сайт ашылды

 Aqit qajiӘлем қазақтарының руханиятында өзіндік орыны бар тұлға, атақты қазақ ақыны, діни қайраткер, халық ағартушысы Ақыт қажы Үлімжіұлы жайында жеке сайт ашылды. 

Ақыт қажы Үлімжіұлы – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол 1891-1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан «Абият ғақидия», «Сейітбаттал Ғазы», «Ишан Махмұд» қатарлы кітаптары «Жиһанша», «Ахиретбаян (Қиямет ахуалы, Ахуал-и-қиямет)», «Сәйпілмүлік-Жамал» дастандары бірнеше рет жарық көрген ірі қаламгер. Өз кезінде «Айқапта» «А. Алтайский» деген бүркеншік атпен шығармалар жариялап тұрған. Оның қажылық сапарынан сыр шертетін «Қажыбаян» атты өлең романы да елге кеңінен танымал. Сонымен қатар, ғұлама Құран Кәрімнің қазақша аудармаларын, сонау, 1920 жыладардың соңы мен 1930 жылдардың басында-ақ қолға алған болса да, тарихи себептерге байланысты бұл жобаны соңына жеткізе алмаған-ды. Кейінен Құран Кәрімнің қазақша түсіндірмесін дайындаған Ғазез және Мақаш ақсақалдар да осы Ақыт қажының перзенттері. Осы мәннен айтулы тұлғаның асыл дінімізге сіңірген еңбегі де орасан.
Қытайдағы қандастарымыз Ақыт қажыны Абайдан кейінгі қазақтың рухани ақылманы, шешен биі, халық ақыны ретінде танып, ерекше қастерлейді. Ақыттану ғылымының бір жүйеленіп келеді. Ақын атында жаңа сайттың ашылуы – Қытай жеріндегі ақыттану ғылымының жетістігі деп айтуға болады.
Аhitalemi.com деп аталатын жаңа сайт «Өмірбаяны», «Өлеңдер», «Деректі фильм», «Толғаулар», «Қиссалар», «Қазынамалар», «Романдар мен дастандар», «Өлеңдер мен жырлар», «Дыбысты өлеңдер», «Түсініктеме» сынды айдарлардан құрам тапқан. Онда қайраткер ақынның өмірі, шығармашылы және ақыттану ғылымының жетістіктері мен ғұлама жайлы телехабарлар, деректі фильмдер қамтылған.
Жоба авторы, «Ақыт әлемі» сайтының бас редакторы – Ши-ән университетінің студенті, «Ай-куә» электрондық кітапханасының құрушысы Муса Тәбітайұлы.
Сайт жаңалығының бірі бүгінге дейін басылған Ақыт Үлімжіұлының төрт томдық шығармалар жинағындағы бір қатар өлеңдердің аудио нұсқасын жасап, ғұламаның мұраларын тірі дауыспен сөйлетуінде. Қазірге дейін 20-дан астам өлең, жыр, толғаулары аудио нұсқасы ғаламтор пайдаланушылар назарына ұсынылыпты. Ғұламаның жыр жауһарларын «сайратқан» – Шыңжаң қазағына танымал тележүргізуші, Үрімжі «Пана» игілік қор қоғамының құрушысы Панар Ерғанқызы.
Аталмыш сайттың материалдық базасын жасақтауға Шыңжаң халық баспасы Қазақ бөлімінің меңгерушісі, ақыттанушы Сімәділ Шүкенұлы қатарлы ел зиялылары да атсалысыпты.
Міне, шекара сыртында, жаттың қабағына қарап отырған қандастарымыздың игі қадамы біздің қазақ еліндегі тұлғатанушылардың үлгі алуына тұрарлық жақсы бастама болып отыр. Санаулы тұлғалардың жеке сайты болмаса, бір Абайдың өзінде жеке сайттың жоқтығы елдігімізге сын емес пе? Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановқа бір сайт ашсақ, айртулы тұлғаның тақиясына тар емес еді ғой. Әрине, бұл түйін зерттеуші, ғалымдарымыздың көкейінде жүрген болар. Десе де, ақтаңдақтың орыны тез толса құба-құп.
Қытайдағы танымал senkazakh.com сайтының хабарлауынша, М.Тәбітайұлының ізденісімен алғашқы мезгілде жеке блог ретінде жұмысын бастаған сайт алдағы уақытта өзінің қазақ харпіндегі (кирилше) нұсқасын іске қоспақ.
Жеке адамдарды қаржылық қолдауымен ашылған сайт 2018 жылы әйгілі ғұламаның 150 жылдық мерейтойына арналған құнды жәдігерлерді оқырман қауымның назарына ұсынуды көздеп отыр.

Оразбек САПАРХАН

baq.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: