|  |  | 

Сұхбаттар Шоу-бизнис

«Бизнес деген тек алу мен сату емес» дейді кәсіпкер ғалым

Германияда докторлық қорғаған моңғолиялық қазақ Алаубек Әбділұлы қазір бизнеспен айналысады. Ол мұны «ғылыми ізденістерімді іс жүзінде пайдаланып көргім келді» деп түсіндіреді.

Моңғолиялық кәсіпкер Алаубек Әбділұлы. Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды.

Моңғолиялық кәсіпкер Алаубек Әбділұлы. Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды.

Моңғолияда тұратын 38 жастағы этникалық қазақ Алаубек Әбділұлы 1994 жылы ондағы мемлекеттік университеттің математика факультетін бітірген соң ғылыммен шұғылданған. Германияның Дармштадт техника университетінде информатика саласында доктор атанған азамат кейін бизнеске кетіп қалған. Ол Азаттыққа берген сұхбатында ғылым мен бизнестің бір-бірімен байланысы жайлы да айтты.

Азаттық: - Алаубек мырза, әңгімемізді балалық шағыңыздан өрбітсек? Қандай сәттер есіңізде қалды?

Алаубек Әбділұлы: - 1978 жылы мен туғанда әке-шешем Моңғолияның астанасы Улаанбаатардағы «Дэнжийн мянгат» ауылында пәтер жалдап тұрыпты, одан кейін «100 ауыл» деген жерде киіз үйде өмір сүріпті. Мен ес білгенде әке-шешем бір бөлмелі пәтер алған.

Мектепте математика, физика пәндеріне жетік болдым. 9-сыныпта оқып жүргенімде 10-сыныптың есептерін қиналмай шығара беретінмін. Соны білетін ұстаздарым университетке құжат тапсыруға кеңес берді.

Өскен ортам тек моңғол ұлтының өкілдері болды. Сол себепті ана тілімде аздап қиналатыным бар. Мектепке жеті жасымда бардым, оқуға озат болдым. Мектепте математика, физика пәндеріне жетік болдым. 9-сыныпта оқып жүргенімде 10-сыныптың есептерін қиналмай шығара беретінмін. Соны білетін ұстаздарым университетке құжат тапсыруға кеңес берді. Сол себепті 9-сыныпты бітіргеннен кейін бірден 10-сыныптың емтихандарын тапсырып, куәлік алдым. Өз қатарластарымнан бұрын орта мектепті аяқтап, 16 жасымда Моңғолия мемлекеттік университетіне студент боп қабылдандым.

Азаттық: - Моңғолияда экономикалық ахуал нашарлаған 1990 жылдары студент болу қиын соқпады ма?

Алаубек Әбділұлы: - 1990-жылдардың басы анық есімде. Тамақ аз, ақша жоқ, нанға май жағып, үстіне себетін қант тапсақ торт жегендей болушы едік. Әсіресе өтпелі кезеңдегі мен сияқты жастар үшін тіпті қиын. Студенттер арасында сабаққа көңіл бөлгендер аз, мұғалімдер сабақ үйрету мен сауда жасаудың арасында теңселіп қалған. Оқуға толығынан мойынсұнып, қозғалмай сабақ жаттайтын мүмкіндік аз болды. Математика – тұрақты оқып, көп ойлап, аз сөйлеуді талап ететін пән. Менің мінезім де соған сәйкес – ауыр, аз сөйлейтін, шұқшиып көп ойланып отыруды жақсы көретінмін.

Азаттық: - Университетті аяқтаған соң ғылыммен шұғылданған екенсіз. Ол салада қандай жетістікке жеттіңіз?

Алаубек Әбділұлы: - Университет бітіргеннен кейін өзім білім алған оқу орнында, сондай-ақ менеджмент академиясында сабақ бердім.

2001 жылы қызметімді тастап Германияға кетуге бел будым. Өйткені ғылым жағынан Германия университеттері – Еуропаның алдыңғы қатарында. Оның үстінде университетке ілесіп шыдасаң, оқу тегін. Тіл үйрену, зерттеу жасау негізгі мақсатым еді. Дюссельдорф қаласындa неміс тілінің жедел курсында тіл үйрендім. 2003 жылы Бонн университетіне арнаулы зерттеуші болып жұмысқа қабылдандым. 2004 жылы Дармштадт теxникалық университеттің информатика факультетінде зерттеу жұмысымды бастап, 2009 жылы жаратылыстану ғылымдарының докторы (Doctor of Natural Sciences – Dr.rer.nat) дәрежесін қорғап шықтым.

Азаттық: - Бірақ осыншама ғылыми ізденістен кейін бәрін тастап бизнеске кетіпсіз. Оған не себеп болды?

2001 жылы қызметімді тастап Германияға кетуге бел будым. Өйткені ғылым жағынан Германия университеттері – Еуропаның алдыңғы қатарында. Оның үстінде университетке ілесіп шыдасаң, оқу тегін.

Алаубек Әбділұлы: - Менің ізденістерім, ғылым зерттеулерімнің барлығы бизнеспен тікелей байланысты. Бизнес деген тек алу мен сату емес, ол жерде де толып жатқан есеп бар. Ғылыми ізденістерімді практика жүзінде пайдаланып көргім келді. Анамның сонау нарықтық экономика басталған жылдары өз қолымен іргетасын қалаған «Дакал Фарма» компаниясын әрі қарай дамыту керек болды. Сол себепті 2012-2013 жылдары Голландияның (Нидерланд – ред.) Роттердам Эразмус университетінің менеджмент мектебін бизнес басқару магистрі мамандығы бойынша оқып шықтым. 2013 жылдан бастап компанияда директор орынбасары, қазір директоры қызметін атқарып келемін. Компаниямыз орташа ғана. Негізгі қызметі – ауруханаға қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді жеткізіп беру.

Азаттық: - Отбасыңызда өзіңізден басқа ғылыммен шұғылданатын адам бар ма?

Алаубек Әбділұлы: - Жұбайым Раиса Каирдегі Америка университетінің бакалавриатын, Лондон университетінің шығыстану және Африканы зерттеу институты магистратурасын тәмамдаған, Роттердам менеджмент мектебінде қаржылық басқару магистрі мамандығын алған. 2015 жылдан бері Улаанбаатардағы халықаралық орта мектепте басқарма мүшесі.

Екі балам бар. Үлкені – тоғызда, кішісі – бір жаста.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рахмет.

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: