|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

ҚАЗАҚ ЖЕРІ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАСЫН, ҚАДІРЛІ ЕЛБАСЫ! (АШЫҚ ХАТ)

CfXV95NW8AYgLaG

 № 1/627  «10» сәуір 2016 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа

Көшірмесі: ҚР Премьер-Министрі

К.Қ. Мәсімовке

ҚР Сенатының спикері

Қ.К. Тоқаевқа

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері

Б.С. Ізмұхамедовке

Барлық деңгейдегі әкімдерге, Министрлерге,

Агенттіктерге, Ұлттық компанияларға,

Құқық қорғау құрылымдарына,

Сенат және маслихат депутаттарына,

БАҚ , Қазақстан азаматтарына!

Құрметті  Нұрсұлтан Әбішұлы!

Өзіңізге мәлім, «НұрОтан», «Ақжол», «Азат», БСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы, Халықаралық Адам институты (Институт), қаржыгерлер, тәуелсіз кісіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Ұйымдастыру алқасы Мемлекеттік емес ұйым ретінде елімізде адам капиталы мен мәдениетті дамыту, жаңаиндустриалды қоғамға өту бағдарламаларын іске асыруда.

1992 жылы БҰҰ Қазақстанды өзіне мүшелікке қабылдағанда, оған «авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет» деп анықтама берген. Ұлттық мемлекеттің негізгі байлығы оның ұлты яғни адамдары және жері мен жерасты байлығы. Жерасты байлығының 70%-дан астамы шетелдік компаниялардың басқаруына 25-65 жылға берілгендіктен шет тілдерін меңгерген білімді мамандардың негізгі бөлігі елге емес, сол ТҰК қызмет етуде.

Қазақстанды иесіз жер деп түсінген Қытайдың СНПС ұлттық компаниясы жұмысқа алатындардың міндетті түрде қытай тілін білуі керектігі туралы ел Конституциясына кереғар бұйрық шығарды. Ал, бұл елдің екінші ұлттық компаниясы Синопек білімді инженер Қазақстан азаматына жалақыны басқа инженерлерден бірнеше есе кем төлеп, ол өз құқығын қорғаймын деп сотқа жүгінгенде, сот Қазақстан азаматының құқығын жерге таптап Конституцияға қарсы шешім шығарды.           Жоғарыдағы компаниялардың осындай келеңсіз тірліктерін қоғамда Қазақстанға жұмысқа уақытша келген емес, елді отарлауға келгендердің тірліктері деп қабылдауда.

Бұл компаниялар Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, стратегиялық серіктестік пен екі ел арасындағы ширек ғасыр бойы қалыптасқан татуластыққа сызат салып, екі елді аластатуда.

Ел мен оның азаматтарының мүдделеріне кереғар жоғарыдағы істе елдегі атқарушы, құқық және сот органдары өз үлестерін қосуда. Ел тәуелсіздігіне қауіп төндіретін және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында біз СНПС және Синопек компанияларын Қазақстан заңдарына қайшы жұмыс істегені үшін олар жұмыс істейтін елдердің барлығының елбасшыларына бұл компаниялармен жұмыс істеуге болмайтынын ескертіп, оларға халықаралық санкция жариялайтынымызды ескертеміз. Сонымен қатар, олар Қазақстанмен арадағы контрактіні бұзатын болса, сол келісімшарттарды мерзімінен бұрын қысқартуға жұмыстанатынымызды ескертіп, бұл компаниялардан сәуір айының аяғына дейін жоғарыда көрсетілгендер бойынша жазбаша анықтама берулерін талап етеміз. (Хаттың жоғарыдағы мәтіні Қытай Үкіметі мен компанияларына жіберілді).

Келесі мәселе, — ол Қазақ жерін шетелге сату немесе жалға беру туралы. Жер мемлекеттің негізі болғандықтан ол жалпы сатылмайды немесе өз азаматтарынан басқаларға  жалға берілмейтіндігі аксиома. Ол туралы бұрынғы жер туралы заңда көрсетілген. Халық жерді сатуды — елді сату деп түсініп соңғы кезде қатты толқып, әртүрлі ұйымдар құрып, біздің дерек бойынша облыстарда 50 мыңнан астам қол жиналды. Егер жер сатылып, не шетелге жалға берілетін болса халық оған қарсы көтеріліске шығуға дайын екенін ескертуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санаймыз.Біз осы іске қатты алаңдап, ел болашағын ойлағандықтан билік пен қоғамды ескертіп отырмыз.

Себебі, мемлекеттік тіл, жер, Ел мәселесін бүгінгі билікке сенуге болмайтынын ел де түсінді. Ел бірлігі қоғамдағы келісім мен сенімге негізделген. Енді, оны жер сатып әрмен қарай ушықтыру, — ол, Ливиядағы сияқты биліктің басымен доп ойнап, мемлекеттен айрылуға әкеледі. Ел мүддесін сатып, өткен қарашада осындай заң шығарған депутаттар мен сыбайлас жемқорлыққа былыққан шенеуніктер мәселенің тап осындай ушығатынын түсінбейді, не олар оны түсіне алмайтын кереңдер не соқырлар. Ал, араб елдері, Қырғызстан, Украинадағы төңкерістердің болатынын ешбір арнаулы органдар ескерте алмағаны, ондай жағдайлар болғанша бізде де ресми билік сенбейтінін көрсетеді. Ол халық пен биліктің арасы соншама алыстағанының, ел билікке сенбейтінінің, ал билік елдің жағдайын түсінбейтінің белгісі.

Украинадағы сияқты экономиканы олигархтар және шетелдіктер билеген Қазақстандағы билік қазіргі саясаты, елді, сол елдегідей сын сағатта ыдырауға дайындауда. Қазақстан ішкі саясатын түбегейлі өзгертуі қажет.

Адам құл болу үшін, ұлт бодан болу үшін жаралмайды. Жерді сатып, елді бодандыққа итермелейтіндер бұл елден кетулері, не кетіру керек. Ал, елді тонаған ұры-қарылар жердің астына кіріп кетсе де табылады.

Жоғарыдағыларды ескере келіп, Үкімет, қоғамдық ұйымдармен бірге жерді шағын және орта бизнес өкілдері мен шаруа қожалықтарына сату не жалға беру, шетелге жалға беруге тиым салу туралы соңғы заңға тиісті өзгеріс енгізіп, Парламенттен сол өзгерістерді маусым айында қабылдауын талап етеміз. Біз осы хатты барлық БАҚ арқылы таратып, елдегі толқуды басуға уақытша ықпал жасап, негізгі мәселені шешуді Үкімет пен Парламентен талап етеміз. Ел тыныштығы, оның жарқын болашағының кепілі!

Құрметпен,

Ұйымдастыру алқасы атынан:

ӘКІМ Жанұзақ – Халықаралық Адам институтының президенті, ҚР Ұлттық

Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі,

Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі;

СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар одағының Төрағасы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы,

ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы,

Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым;

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ОСДП «Ақжолдың» Төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері;

АХАНАЕВ А. — ҚР Өнер Академиясының Президенті, ҚР мемлекеттік

сыйлығының иегері,  ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Әлем Шебері;

ТОҚАШБАЕВ Марат — «Президент және халық» газетінің Бас редакторы,

ҚР ПҒА академигі, профессор;

ҒАБЖӘЛЕЛОВ Хайрулла — «Алаш» тарихи-зерттеу Орталығының президенті, Социология ғылымдары Академиясының академигі, ҚР өнер қайраткері;

НҰРЫПБАЕВ Мақсат - «Антигептил» қозғалысының ұйымдастырушысы;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.М.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

ОШАНБЕКОВ Нұржан – Қазақ Ұлттық Кеңесінің атқарушы директоры.

Қазақстан зиялылары мен қоғамдық ұйымдары атынан: 

Ауған соғысы ардагерлер Қауымдастығы;

Қазақстанның генералдар Қауымдастығы;

Қазақстан суретшілер Одағы;

Қазақстан композиторлар Одағы т.б., 12 республикалық Қауымдастықтар мен Одақтар қолдады;

НҰРПЕЙСОВ Әбдіжәміл – жазушы,  ҚСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ҚИРАБАЕВ Серік – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали — филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі;

АЙТБАЕВ Өмірзақ — филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Төрағасы;

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат – генерал-майор, мемлекет және қоғам қайраткері;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас – ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай — физика-математика ғылымдарының докторы, профессор,

ҚҰА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ЕЛЕМЕСОВ Көпмағамбет – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор,  академик;

ЕЛЕШЕВ Рахымжан – ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик;

ҒАББАСОВ Совет-Хан — медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық

М.Нострадамус атындағы Академияның академигі;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

                                   Қазақстанның құрметті журналисі;

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒАакадемигі,

ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат — «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-драматург,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы — жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының  лауреаты;

ЕЛУБАЙ Смағұл — жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор, «Жаратылыстану

ғылымдары және иновациялық технологиялар» ҒЗИ директоры;

КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы бойынша  филиалы директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым, қоғам қайраткері;

БАТТАЛОВА Зәуреш – «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» Қоғамдық қорының президенті;

ҚҰЛКЕНОВ Мереке – жазушы, қоғам қайраткері;

ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты,

«Әділет» тарихи- ағарту қоғамының президенті;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  — «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам қайраткері;

БАПИ ермұрат — «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

АЙҒАЛИҰЛЫ Е. — «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ҚАЛЫБАЙ  ЖарЫЛҚАП — «Жұлдыздар отбасы-Аңыз Адам» журналының бас редакторы;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

                                   ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

«Дала» институтының директоры;

ҚАНАТБАЕВ Серік — ветеринария ғылымының докторы;

ТӘЖИЕВ Қадырбай – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғылыми жетекші;

АМАНЖОЛОВ Қыдырбай -ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, ғылыми жетекші;

АЙЫПҰЛЫ Рахым – БСДП Президиум мүшесі, Қоғам қайраткері;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот — Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер;

СЕЙДУЛАЕВА Айман – ұстаз, қоғам қайраткері;

ҚОЖАБЕРГЕНОВ Өсербай – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты;

БАБАМҰРАТ Дәурен —  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта — Қазақстанның «Демократия және құқық»

халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы;

ҚОСАНОВ Әміржан –қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
АЛИБАЕВ Алик     — экономист, БСДП Президиум мүшесі;
КЕНЖЕБАЙ Мырзан
 – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст -  жазушы, қоғам қайраткері;
МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек – ғалым, қоғам қайраткері;

МАМАЙ  Жанболат — журналист, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ. -  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

СӘДУҰЛЫ Б. «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

МҰҚАНОВ Дәурен — аудармашы, әдебиеттанушы;

КӨШІМ Дос -«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы;

НҰР-АХМЕТ Дос -«Ұлт патриоттары»қозғалысының төрағасы;

ТАЙЖАН Мұқтар —  Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті;

БӨТЕЕВ Марат — «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. — Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. — журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек — филология ғылымдарының кандидаты;

УАТҚАН Марат — журналист;

ҚЫСТАУБАЕВ Геройхан — қоғам қайраткері;

АҚЖІГІТ Өмірзақ- тәуелсіз журналист;

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналист, зерттеуші;

КӘРІПЖАН Аманғазы — ақын;

ҚҰТТЫ Кеуімілжай — қоғам белсендісі;
МЕРГЕНБАЙ Сағидолла — қоғам белсендісі;

ТОҚАЙ Бірлік – журналист;
АЙТМЫРЗА Құрманғазы — 
желтоқсаншы

Ұлт порталы

Related Articles

  • Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери келісімдерді қайта қарауға көшті. Бұл оған не үшін керек?

    Камилла ВАЛИЕВА Коллаж авторы — Тимур Тимаев Шілденің аяғында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан және Өзбекстанмен әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерді қайта қарауды тапсырды. Қолданыстағы келісімдерді Мәскеу Астанамен 2013 жылы, ал Ташкентпен 2016 жылы жасаған. Қазір бұл құжаттар қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізуді, әскери мақсаттағы өнімдер алмасуды және технологиялар беруді реттейді. Алайда келісімдерде нақты не өзгеруі мүмкін және Ресей оларды дәл қазір неге қайта қарап жатыр? Әзірге Кремльдің Астана және Ташкентпен жасалған әскери-техникалық келісімдердің нақты қай тұстарын қайта қарастырып жатқаны белгісіз. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі Азаттық радиосының сауалына жауап бермеді. Ал Қазақстан Қорғаныс министрлігі құжаттар бойынша жұмыс аяқталғанға дейін олардың мазмұнына түсініктеме бермейтінін мәлімдеді. “Шектеулі түрде таратуға жатпайтын ақпарат жұртқа мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: