|  | 

Көз қарас

1,7 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРДІҢҚҰНЫ ҚАНША?

Жердің құны

1,7 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРДІҢҚҰНЫ ҚАНША?
======================================Qazaqhanigi

Қазақтың жерінің жартысы жартылай шөлейтті, және шөлейтті . Атырау, Маңғыстаудан шығысқа қарай Торғайға дейін жосылатын ақшаңдақ жерлер жартылай шөлейтті.Орал, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының да жарымы жартылай шөлейтке жатады. Ырғыздан басталып, сонау Балхашқа барып тірелетін Бетпақдала шөлейтті жерге жатады. Бұл жерлерді тап қазір ешкім сатып алмас.  Осы биылғы шілде айында сатылатын екі миллион гектарға жуық құнарлы жерлер  егін, жеміс, көкөніс өсіріуге қолайлы жерлер. Яғни, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шыңыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент облыстарының көкорай шалғыны мол, құнды жерлері. Сатылатын осы «Екі миллион гектар жердің жалпы көлемін кім біледі?” деген манағы менің сұрағыма ешкім жауап бере алмады.. Мәдениет министрі сауатсыз болып жатқан мемлекеттің қарапайым халқынан не сұрауға болады. Қарапайым халық екі миллионға жуық гектар жердің көлемі қанша екенін түсінбей жатыр. Бұл төрт бес облыстың көлеміндей жер. Және ең құнарлы, бидай шығатын, жеміс, көкөніс  өсіре алатын құнарлы жерлері. Ал, енді «әлемдегі мемлекеттердің ішінде миллион гектар жер сататын мемлекет, ел бар ма” деп сұраңызшы! Жоқ қой,жоқ! Өйткені, әлемдегі кез келген мемлекет бір миллион түгілі, жүз мың гектар жерге зар болып отыр. Әлемде кішкентай жер телімі үшін соғыс болып жатыр. Мәселен Қытай, Жапония, Корея бүгіндері бір кішкентай арал үшін қырылысқалы жатыр.Ертедегі тарихтанда мысал келтіруге болады. Патшалық Ресей кезінде шамалы ақша үшін Алясканы Америкаға беріп жіберген. Ресей қазір сол жерді триллион ақша берсе де, Америка оны қайтарып бермес еді.
Сондай ақ, Куриль аралдары үшін Жапония жүз миллиондаған доллар берсе де, Ресей, Жапонияға ол аралды қайтармауы мүмкін. Айтайын дегенім, Жердің құны өте қымбат. Мысалға, қазақстанның Ұлттық қорында 70 миллиард доллар бар делік. Ұлттық қор осы 70-миллиард долларға Қазақ халқы үшін әлемнің басқа мемлекетінен 1миллион гектар ЖЕР сатып ала алар ма еді?. Тіпті сонау Оңтүстік Африкаданда, Оңтүстік Америкаданда Триллионға жер сатып ала алмас еді! Өйткені, әлемде бізден басқа ондай үлкен көлемде жер сататын мемлекет жоқ! Жер үшін әлемде соғыс болып келді, соғыс болып жатыр.Осындай кезде, кризисті сылтау етіп, Қазақ жерінің жартысын жекеге сатып жіберу- тарихта қайталанбайтын сұмдық!
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, журналист жазушы

kerey.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: