|  | 

Көз қарас

Сiз неге үнсiз қалдыңыз, Иманғали мырза?!

«Жас Алаштың» коллажы

Иманғали Тасмағамбетов күнi кешеге дейiн БАҚ бетiнен көрiнбей кеттi. Маусым айының басында өткен  KADEX-2016 көрмесiне қатысқаны жайында, 7-8 күндерi Қытайдың қорғаныс ведомствосының басшысы Чан Ваньцюанмен және Ресей Қорғаныс министрi Сергей Шойгумен кездескенi жөнiнде ресми мәлiмет бар. Бiрақ бiрде-бiр телеарна бұл кездесулер жайында ақпарат таратып, Қорғаныс министрiнiң жылт еткен бейнесiн көрсет­педi. Тiптi мамыр айында “Тасмағамбетов үй­қа­мақта екен” деген әңгiме де туған. Дегенмен бiз мұның бiрiне де тоқталғымыз жоқ. Айтпағымыз – мүлде басқа мәселе.

Ақтөбедегi қанды оқиға бүкiл Қазақстан жұртын дүр сiлкiндiрдi. Өйткенi құрбан көп. Күдiктiлер толық ұсталып болмаған соң, атыс тоқтады деп те ешкiм айта алмайды. Қарулы қақтығыстан полиция қызметкерлерi мен бейбiт тұрғындарды қоспағанда үш сарбаз қаза тауып, алтауы жараланды. Атыстың алғашқы күнiнен-ақ Ақтөбе­дегi әскери бөлiмдер күшей­тiлген тәртiпке көшiрiлдi. Астанадан арнайы барған “Нұр Отан” төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед аймақ басшысы Бердiбек Сапар­баевқа iлесiп, қаза тапқандардың отбасына көңiл айтып шықты. Әскери борышын өтеп жүрiп 19 жасында мерт болған Оңтүстiк өңiрдiң тумасы Досбол Сапардың жерлеу рәсiмiне облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов пен ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұха­мет­қали Сатов қатысты. Ал әскери салада тосын жағдай бола қалса, оқиға орнына дереу жететiн Иманғали Тасмағамбетов тым-тырыс. Бұл жолы тiптi тәспiсiнен жаңылғандай.
Бiрер мысал келтiрейiк: 2015 жылы 18 қыркүйекте Ақ­таудағы оқу-жаттығу ке­зiнде БТР суға батып кетiп, 4 сарбаз қаза тапқан. Оқиға се­бе­бiн тексеруге шұғыл пәр­мен берген министр 19 қыркүйек күнi оқиға болған жерге өзi де келген. Сарбаз өлi­мiне соқтырған осы жағдайдан кейiн төрт бiрдей лауазымды әскери маман қызме­тiмен қош айтысқан едi.
21 мамыр күнi Сарыөзекте де бiр сарбаз мерт болды. Iле-шала әскери горнизонды тексеруге барған И.Тасмағамбетов: “Әдетте әскерилерде орын алатын қайғылы оқиғаларда қауiп­сiздiк шараларының бұзылуы, бақылаудың болмауы және лауазымды адамның немқұрайлығы себепкер болады. Аталған фактi бойынша қылмыстық iс қозғалғаны өте дұрыс және барлық кiнәлi адамдар лайықты жазаларын алуы тиiс” дегенi есiмiзде.
Әрине, Қорғаныс саласының тiзгiнiн ұстап отырған министрдiң әр сарбаздың өмiрiне жауапкершiлiкпен қарағаны заңды. Турасын айтқанда, бұл – Тасмағам­бетовтiң мiндетi.
Бiрақ бұл жолы министр Ақтөбеге аяқ баспақ түгiлi, қаза тапқан өрiмдей жастардың туыстарына көңiл айтуға да жарамады. Әйтпесе Құл-Мұхамедтiң барғанынан гөрi Тасмағамбетовтiң Астанада тұрып-ақ, “олар – нағыз батырлар едi” дейтiн бiр ауыз сөзi қайғы жұтқан халыққа күш берер едi ғой.
Бұл ендi адамгершiлiк, мемлекеттiк қызмет, әскери саланың жазылмаған заңдылығы тұрғысынан ойға оралатын дүниелер.
Келесi мәселе Тас­мағам­бетовтi “жоғалтып” алған жұрт үшiн де, Тасмағам­бе­товтiң өзi үшiн де өте өзектi. “Ақтөбедегi қанды қақ­тығыс­ты ұйымдастырды”, “Мем­ле­кеттiк төңкерiс жасамақ болды” деп айыпталған Т.Төлешовтiң сыбайластары ретiнде бiр топ адам қамау­ға алынды. Олардың iшiнде Iлияс Бақтыбаев, Хибратулла Досқалиев, Сәкен Айтбеков, Бекзат Жумин және Қайрат Пернебаев бар. Алдыңғы үшеуiнiң лауазымы жоғары болғанымен, олар қазiр қызметте емес. Сондықтан “бұрынғылардың” санатында. Ал Б.Жумин мен Қ.Пернебаев – әскери бөлiм ко­мандирлерi, полковниктер.
Мемлекеттiк төңкерiс жасауға ұмтылу былай тұрсын, егер әскери командирлер ұйымдасқан қылмыстық топпен ауыз жаласып жүрсе, таяқтың бiр ұшы мiндеттi түрде Қорғаныс министрiне тиедi. Өйткенi полковник шенiндегi адам әскери тәртiпке шыдамаса, үйiне қашып кететiн шикiөкпе бозбала емес. Олар әскери соғыс тәсiлiнiң қыр-сырын бiледi. Иелiгiнде айтқанын екi етпейтiн сарбаздар, қолында қару бар. Осындай iрi лауазымдағы әскерилердiң террористермен қатысы дәлелденсе, Қорғаныс саласында жедел “тазарту” жүруi мүмкiн. Ондай жағдайда министрлiктiң екi тiзгiн, бiр шылбырын ұстап отырған Тасмағамбетовке тықыр таянары анық.
Жағдай керiсiнше де өрбуi мүмкiн. Мәселен, басы бәлеге шатылған командирлер ақталады. Олардың қылмысы дә­лелденбейдi. Бiрақ қандай жағдайда да Тасмағамбетов өз пiкiрiн ресми түрде айтуы керек емес пе? Қажет деп санаса, ол өз қарамағындағы адамдарды қорғауға құқы бар. Айталық, “мен олардың бүлiкшi­лермен байланысқанына сен­беймiн. Бәрiн тергеу анықтайды” деуiне де болар едi. Немесе Мамытбеков құсап, “пол­ковниктердiң қылмысы дәлелденсе, мен қыз­метiмнен кете­мiн” десiн. Жоқ, Тасмағамбетов үнсiз. Жоғарыда айтқанымыздай, қаза тапқан сарбаздар туралы да ләм-мим демейдi. Iшкi iстер министрi Қ.Қасымов оқиғаның барысынан ара-тұра ақпар берiп қояды. Денсаулық сақтау министрi Т.Дүйсенова жұртты жаралылардың жайынан құлағдар қылады. Ал И.Тасмағамбетов үнсiз.
Бұл халықты ойландырады. Белгiсiздiк жұртты беймаза қылады.
Сондықтан оқырман кө­кейiн­дегi көп сауалды сығымдап, Қорғаныс министрiне бiрнеше сұрақ қойғанды жөн көрiп отырмыз:
1.             Iлгерiнi былай қойғанда, Ақтөбедегi қанды оқиғалар кезiндегi Сiздiң жым-жырт үнсiздiгiңiздi қалай түсiнуге болады? Нелiктен қаза болған сарбаздардың туыстарына көңiл айтпадыңыз?
2. Қамауға алынған қос полковник туралы пiкiрiңiз қандай? Оны ресми түрде мәлiмдеуге не кедергi?
3. Мамыр айындағы бүкiл­халықтық шеру мен Сiздiң “жоғалып” кетуiңiздiң тұспа-тұс келуiнде не мән бар? “Иманғали үйқамақта екен” деген әңгiмеге неге өз аузыңызбен тосқауыл қоймадыңыз?
Сансызбай НҰРБАБА
zhasalash.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: