|  |  | 

Көз қарас Саясат

ҒЫЛЫМНАН АЖЫРАҒАН  БІЛІМДЕ САПА БОЛМАЙДЫ!

12607169_1675810842691850_1065942310_n

Бүгінгі күні Қазақстанда орта білім беру саласы күрделі қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғаны баршаға аян. Еліміздегі білім сапасы халықаралық PICA, TIMSS, PIRLS зерттеулеріне қарағанда айтарлықтай төмендеп кеткен. 15 жастағы оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауатттықтарын анықтауды мақсат еткен PICA ұйымының 2009 және 2012 жылдарда өткізген зерттеуінде қазақстандық оқушылар сәйкесінше 59-шы орыннан 63- орынға төмендеген. Осы жылдар аралығында «Денсаулық және бастауыш білім» көрсеткіші 86 орыннан 93 орынға түскен. «Жоғарғы білім және кәсіптік даярлық» көрсеткіші 51-орыннан 60-орынға ығысқан.

Қазақстандағы салыстырмалы педагогика ғылымының негізін салушы көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Президенті Асқарбек Құсайынов кеше (02.08.2016) жарық көрген «Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары» атты кітабында «елімізде білім беру сапасын көтеруге бағытталған барлық реформалар ешқандай ғылыми негізсіз жүргізілген» айтады. Соның салдарынан бірде бір реформа аяғына дейін жеткізілмегенін алға тартады.

Тәуелсіздік алған ширек ғасырда білім саласын 14 министр басқарған. Әрқайсысы өзінше реформа жасағысы келеді. Бірақ өкінішке қарай шенеуніктердің министрлік «ғұмыры» келте болып жатады. Бірі бастаған істі екіншісі аяқтағысы келмейді. «McKinsey&Compani» компаниясының ғалымдары өз зерттеулерінде барлық елдер білім сапасын көтеру мақсатында бірдей жұмыс атқаратындығын, алайда сол жұмысты жүйелі түрде атқарған елдің ғана білім сапасы көтерілетіндігін анықтаған. Қазақстанда сондай жүйеліліктің жоқтығынан 25 жыл бойы білім саласы таптаурында немесе алға басу орнына кері кетіп жатыр.

Педагогикалық зерттеулерге бөлінетін қаражат «мысықтың сідігіндей». 2009 жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге 6 млрд 163,5 миллион теңге бөлінсе 12 жылдық білім беру жүйесіне өту проблемаларын зерттеуге бар болғаны 12 млн теңге бөлінген. Кейінгі жылдардағы жағдай да осы шамалас. Яғни Қазақстанда білім сапасын көтеру ғылыми негізде жүйелі түрде жүргізілмейтіндігі көзге ұрып тұр. Жүргізілген зерттеулер нәтижесіне құлақ түріп жатқан ешкім жоқ.

Автор өз кітабында ұрпақты ана тілінен аулақ тәрбиелеу бейруханиятқа бастайтынын айтады. «Ұлттық құндылықтан ажырай бастаған жас буын ұлт келешегінен гөрі өз басының қамын ойлауға бейімделеді, оның патриоттық қасиетіне сызат түседі. Бұл аса қауіпті әрі қорқынышты құбылыс», –дейді автор.

Орта білім беру жүйесі мен экономикасы озық дамыған 20 мемлекеттің ішінде 1-сыныпта екі тіл Гонконг, Сингапур, Жаңа Зеландия және Ирландия сияқты төрт елде ғана оқытылады екен. 2-сыныпта бұларға Люксембург қосылып 5 ел болған. Жалпы осы 20 елдің ішіндегі 13 елде 2 тіл оқытылады. 1-6-сыныптарда дамыған елдердің ешқайсысында 3 тіл оқытылмайды. Сонда Қазақстан «үш тұғырлы тілді» қайдан шығарған. Қандай ғылыми негізге сүйенген?

Академик, педагог- ғалым Асқарбек Құсайынов Канада, Жапония, Финляндия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг, Ирландия, Жаңа Зеландия және тағы басқа отыз шақты елдің елдің тәжірибесіне үңіледі. Үңіледі де бала ұлттық негізде адамгершілік, ізгілік тәрбиесін алмай толыққанды патриот болып қалыптаспайтынын тұжырымдайды. Ал біз қазақ халқымен қоса барлық диаспораларға ұлттық құндылықтарымызды сіңірудің орнына «ұлт» деген, «қазақ» деген сөздерден бетімізді басып тұра қашамыз.

Шикі оқулықтар да жан шошытады. Бір оқулық жасауға шетелдерде 3-5 жыл жұмсалса бізде сәуір айында шыққан бұйрыққа сәйкес күзде, 1-қыркүйекке күлдібадам «оқулық» дайын болып қалады. Онда 1-сыныптағы қазақ балаларына «бутерброд пен пицца дайындау» көрсетіліп жатады.
Қазақ мектептерінде кейбір пәндерді ағылшын, орыс тілінде оқыту туралы биылғы шешім де «сау сиырдың боғы емес». Білім саласы «ой-хой, дариғалардың» волюнтаристік нұсқауларына көнбейді. Аспаннан алынған шешімдер Қазақстандағы білім саласын одан әрі батпаққа батыра түспек.

Қазақстанда өзінің азаматтық құқығын пайдалана алмайтын, дауысын шығара алмайтын ең әлсіз мамандық – бұл ұстаздар қауымы. Олар жалтақ. Оған бастық көп. Олар қалтасына түсіп жатқан ұрыны көріп тұрып «пышақ сұғып ала ма?!» деп қорқып, аузын аша алмайтын жолаушылар тәрізді. Шынайы ұлттық идеологияның болмауы оқу саласында білім сапасын көтеретін ұзақ жылдарға арнаған жүйенің қалыптаспауына ұрындырып отыр.

Мұғалімдердің биылғы тамыз кеңесіне қатысушылардың Асқарбек Құсайыновтың «Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары» атты кітабымен қаруланып баруын қалар едім. Конференцияда білім беру жүйесі құраушыларының сапасын көтеру, оқулықтар сапасы, «үш тұғырлы тіл» ұстанымының зияны, «Өзін өзі тану» сияқты қажетсіз пәндер орнына қазақ тілі пәнінің сағатын ұлғайту, педагог кадрлар сапасын жақсарту сияқты өткір проблемалар батыл талқыланылып, ертеңгі күнге деген ұтымды жүйелік база қалыптастырылуы қажет деп ойлаймын! Білім саласындағы бассыздықтар дереу тоқтатылуға тиіс!

Марат Токашбаевтың facebook  парақшасынан алынды

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: