Жаңалықтар Көз қарас Саясат Шоу-бизнис
Отандық маман: Доллар бағамы апта соңында 380 теңге болуы мүмкін
ForexClub сарапшысы Айдар Қалиасқар доллардың теңгеге шаққандағы бағамы алдағы уақытта қаншалықты құбылатынын болжады. Бұл туралы NewTimes.kzагенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Сарапшының айтуынша, бүгінде инвесторлар үшін ең жағымсыз жайт алдағы уақытта мұнай бағасының төмендеуі болмақ.
«43 доллар деңгейіне жеткенде төменірек мақсаттар қою керек – шамамен 40 доллар деңгейінде. Ал бұл дегенің тағы алты пайыздық төмендеуді білдіреді. Салдары теңге бағамына әсер етеді», – дейді Айдар.
Маман бұл орайда саудадағы ең маңызды серіктестердің бірі Ресейге назар аударған абзал екенін алға тартты.
«Америкалық статистиканың да әсерін назардан тыс қалдырмаған жөн: еңбек нарығы бойынша мәліметтер жеткілікті дәрежеде күшті болып шықса, доллар нарықтың барлық саласында көтеріле түседі. Осылайша апта соңында доллар бағамы 360-380 теңгеге дейін жетуі әбден мүмкін», – деп түйді Қалиасқар.
Айта кетерлігі, бүгінде доллар бағамы 351,59 теңгені құрайды.
Пікір қалдыру