|  |  |  | 

Жаңалықтар Мәдениет Қазақ шежіресі

Шежірелі Шілікті

Шиликти-01-1құнды қазынасымен қуантты

Биыл ала жаздай Тарбағатай, Маңырақ және Сауыр тауларының түйіскен алқымында жатқан Шілікті жазығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Шығыс өңірінің археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жоспары шеңберінде патша обалары көптеп орналасқан бұл жазықтағы ең ірі қорғанды қазу жұмыстары биылғы жылдың мамыр айында басталды.

Археологтар мен студенттердің күнге күйіп, жауын-шашынға су болып жүріп атқарған еңбегі нәтижесіз болған жоқ. Жуырда обада екі адамның жерленгені белгілі болды. Сонымен бірге саркофагтан бағалы заттар табылды. Бұл біздің бабаларымыздың зергерлік шеберлігіне тағы да тәнті еткен алтын бұйымдар еді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданындағы жұмыс сапары аясында аталған қазба жұ­мыстарымен танысты. №16 қор­ғандағы қазба жұмыстарының нәти­жесін көргеннен кейін аймақ басшысы жауапты тұлғаларға қорғанды үстінен жауып тұратын және көне жерлеу ғұрпын турис­тердің көруіне мүмкіндік беретін күмбез құрылысы жобасын әзір­леуді тапсырды.

– Қорғаннан табылған заттар өте ерекше. Бұл бұйымдар бабаларымыздың зергерлік өнер­ді өте биік дәрежеде меңгер­генін көрсетеді. Сондықтан өз әлеуе­тімізді пайдаланып, этнотуризмді дамыту инфрақұрылымдарын қолға аламыз. Дәл осы іспетті құры­лым Берелде де тұрғызылуда, – деді Д.Ахметов.

Қазба жұмыстары шегіне жетіп қалған ескерткіштің биіктігі 8,5 метр, диаметрі 88 метрді құрайды. Оба біздің заманымызға дейінгі VII ғасырға тән. Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, топырақ үйіндісі мен шыммен қаланған қабаттан тас үйіндісі шығып, оның астынан ағаш бөренелермен қорғалған табытқа екі адам жерленгені анықталды. Тоналғанына қарамастан, обадан ата-бабаларымыздың үздік зергерлік шеберліктерін ай­ғақтайтын құнды бұйымдар табыл­ды. Әсіресе, сақ тайпаларының дәстүрлі жануарлар бейнесінде жасалған алтын әшекейлері мен тары дәніндей кішкентай алтын түйіндіктері ерекше әсерге бөлейді. Кішкене түйіндіктерге ұсақ құлақшалар жапсырылған. Алтын әшекейлерді киімге қадаған екен. Бұл сол заманның өзінде-ақ бабаларымыздың өнерді шеберлік деңгейіне көтергенін, зергерліктің құпиясына жетік болғанын әрі шағын дәнекерлеу техникасын пайдаланғанын көрсетеді.

Саркофаг-павильон дайын бол­ғаннан кейін, Шілікті ауылдық округінде туристерді қабыл­дай­тын инфрақұрылымды дамыту жұмыс­тары басталмақ. Осы аяда таудың сай-саласын қуалап келетін жолдың жағдайы да түзеліп қалуы мүмкін.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы

Related Articles

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: