|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл

Арысты атқан күн

Арысты атқан күн Алаш Орда үкіметінің төрағасы, энциклопедист ғалым, саяси қайраткер, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның дүниеден өткен күні

Әлихан Бөкейхан қатысқан төртінші экспедиция ССРО Ғылым акамедиясының Антропологиялық экспедициясының экономикалық бөлігі 1925 жылдың жазында адайлар елі Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарын зерттеуге шығады. Осы сапарда жергілік жұрт Әлихандай арысты зор құрметпен күтіп алады, хан көтереді. Сонда әйгілі тұлға өзіне тән ерекше кішіпейілдікпен мұнысы артық екенін, хан болуға тырыспайтынын, «қойыңдар» деп бір ауыз сөзден қайтарып тастайды.

Журналист Серікбол Хасан жариялаған Әлиханның бейнесі сақталған фотосуретте алдыңғы қатарда ұлт көсемі отыр. Сонымен бірге алқалы топтың қақ ортасында ақ кепка киген, қырын қарап, қыранша қарап отырған жас Әлкей Марғұланды да көз шалады. 6314d78bd8840a8e8d51c24ae15451ec.jpg Әлихан Бөкейханның өмірін егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Сұлтан Хан Аққұлы: «Осы экспедиция жұмысын ерте аяқтап, күзді күні С.П. екеуі Қызылордаға А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлыға қонаққа барып, вокзалда ұлт көсемін ҚазАССР халықкомының төрағасы Н.Нұрмақұлы күтіп алады. Қызылордадан Ақтөбеге оралған сәтінде Әлихан Сталиннің нұсқауымен тұтқындалып, Мәскеуге кісенделіп жеткізіліп, Бутыркаға жабылады.

Қарт бәлшебек, лениншіл «ескі гвардияның» бір өкілі, Василий Шелгунов Сталиннің Кремльдегі кабинетіне есікті теуіп кіріп келіп:   – Коба, сен кімді тұтқындағаныңды білесің бе? Бұл бізді марксизмге үйреткен Бөкейханов; дереу босат! – дегенде, Сталин «ескі бәлшебектің» мысына қарсы тұра алмай, телефонмен «Босатыңдар!» деп нұсқау беруге мәжбүр болған», – деп жазады.

Бұдан кейін ұлт көсемін ҚазССР басшылығы (Нығмет Нұрмақұлы) «Қазақ АССР-ның жер бойынша халық комиссарының (халком) істерін уақытша атқарушы» деген лауазымға тағайындағаны Сталинге қатты батады. Мұндай ірі мансапқа өзінің келісімінсіз тағайындап, қолын қойған Нұрмақұлын да атарға оғы жоқ. Оның 1937 жылдың қыркүйек айында білімін жетілдірсін деген желеумен алдап шақырылып, Әлиханмен бірге бір күнде атылуы осыны аңғартады.

Әлихан Бөкейханның ел арасындағы зор беделінен қорыққан большевиктер оның Қазақстанға баруын, жүріп-тұруын мүлде шектеген. Жаралы арыстандай торға қамалып, Мәскеудегі үйқамақта он жыл тіршілік етті. Бұл жылдарда ұлт көсемі елдегі азаматтарды қабылдап әңгімелерін тыңдады, кейбір сенімді серіктеріне арнайы тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалады. «Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі» дегендей, ізбасарларына әр қилы ғылым салалары бойынша оқулықтар мен әдебиеттер жазуға, ғылыми-әдістемелік материалдар дайындауға жұмылдырып, оқу-ағартушылық істерді ұйымдастырды. Мәскеуде тұратын және орталыққа келіп түскен республика басшылары, ел басқарған азаматтардың (Х. Досмұхамедұлы, М. Есболұлы, Ә. Мұңайтпасұлы, М. Бұралқыұлы, М. Мырзаұлы) бірден Кремльге тартпай, Әлиханға бұрылуы, сәлем бере баруы жайындағы деректер оның беделінің өшпегенін, ұстаз тұтқандарын көрсетсе керек. 61a63fa366ba47c68dffdc8c175c8481.jpg Әлихан Бөкейханды 1937 жылдың 26 шілдеде НКВД бастығы Н. Ежов бастаған жендеттер қайта тұтқындаған. Тергеушілер Әлекеңді жауапқа тартып: «Сіз «Алашорданы» білесіз бе?» – деп сұрақ қойғанда: «Маған «Алаш Орданы» білесіз бе?» деп сұрақ қойма. Мен – «Алаш» партиясы мен «Алаш Орда» кеңесінің төрағасымын, «Алаш Орда» үкіметінің төрағасымын. Сондықтан да оның іс-әрекетіне толық жауап беремін. Ал «Алаш Орда» совет өкіметін мойындап, оның бұрынғы іс-әрекеті үшін ешкім де, ешқашан да жауапқа тартылмайтыны туралы Ленин қол қойған келісімнен кейін ол үкімет тарихтан кетті. Егер де Лениннің қолы оның өзі өлген соң жүрмей қалса, онда үшінші адам болып Сталин қол қойған. Ол келісім күшін жойған жоқ. Жойса, келісім бойынша, маған хабарлар еді. Мен Сталиннен ондай хат алғам жоқ. Әлде сендер оны мойындамайсыңдар ма? Онда маған жазбаша жазып беріңдер. Ал жазбасаңдар, демек, ол келісім күшінде, одан да келесі сұрағыңа көш», – деп жауап берген.

Әлихан Бөкейханды ату жазасына кескен үкім 1937 жылы 27 қыркүйекте шығарылған және дәл сол күні шешім орындалған. Тек 1989 жылы мамырдың 14 күні ССРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан толық ақталды.

«Мен советтік билікті жақсы көрген емеспін, бірақ, мойындадым». Әлихантанушы С. Жүсіп мырзаның зерттеуінше, бұл – Алаштан асып туған көсем Әлихан Бөкейханның соңғы сөзі.  Заңғар Кәрімхан

e-history.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: