|  | 

Тарих

Өзгежан Кесижи: “Алашорда қазақты мәдени тұрғыда ұлт ретінде танытты”

Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының жетекшілері (солдан оңға) Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов. (Көрнекі сурет)

Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының жетекшілері (солдан оңға) Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов. (Көрнекі сурет)

20-ғасыр басындағы Алаш қозғалысын зерттеген еуропалық қазақ «Алашорда қайраткерлері өлеңді саяси құрал ете білді» дейді.

Осыдан 99 жыл бұрын, 1917 жылдың 5-13 желтоқсаны аралығында Орынборда екінші жалпықазақ съезі өтіп, Алаш автономиясы жарияланды, Алашорда үкіметі құрылды. Ал 1920 жылы наурыз айының 9-ында Казревком Алаш автономиясы мен оның аймақтық бөлімшелерін таратты.

Азаттық: – «Қазіргі заманға ұлтшылдықпен жету: Қазақ Алашорда қозғалысы» деп аталған диссертацияңызда Алаш қозғалысын саяси қырынан зерттедіңіз бе, әлде тарих тұрғысынан қарастырдыңыз ба?

Өзгежан Кесижи: – Менің бірінші мамандығым – саясаттану. Ал докторантураны әлеуметтік салада оқып, содан қорғадым. Сол себепті тақырыпты әлеуметтік-тарихи тұрғыдан қарастырдым. Өйткені ұлт болу үшін талпынған қозғалыстарды ең көп қарастырған – әлеуметтанушы ғалымдар. Мен де солардың теорияларын қолдана отырып, Алашорда тақырыбын зерттеп көрдім.

Ұлт болып қалыптасу тақырыбында ғалымдар пікірге екіге жарылып жатады. Бір тобы «ұлт болу үшін алдымен капиталистік қоғам орнауы керек» дейді. Екіншілері «жоқ, ондай болмай-ақ ұлт болып қалыптасуға болады» дейді. Ал алашордашылар Ресей империясына қарсы қозғалды. Мен осы мәселені қарастыруды жөн санадым. Оған қоса магистратурада оқып жүргенімде қазақ тақырыбын зерттеген едім.

Германиялық қазақ ғалымы Өзгежан Кесижи.

Германиялық қазақ ғалымы Өзгежан Кесижи.

 

Азаттық: – Алашорданы зерттеу барысында тапқан жаңалығыңыз қандай?

Өзгежан Кесижи: – Қазақ ең алғаш Алашорда қозғалысы арқылы мәдени тұрғыда ұлт ретінде танылған. Әлеуметтік аспект бойынша ұлт болу үшін алдымен әдебиеті, одан кейін ұлттық оқулықтары мен басқа да мәдени белгілері болуы тиіс. Алашорданың басқы жоспарларында осы мәселелер болған. Мысалы, Ахмет Байтұрсыновтың тіл танытқыш құралдары, әдебиет туралы оқулықтары. Алғаш рет әдеби бәйге де осы Алашорда тұсында ұйымдастырылған. Өздерінің жеке саяси газеттері болды. Қазақты мәдени тұрғыдан ұлт ретінде танытты дегенім – осы.

Қазақтың жеке қасиеті – өлең шығару. Осы өлеңді саяси тұрғыда алғаш рет Алашорда қайраткерлері пайдаланғанын білдім. Мәселен, «Оян, қазақ» деп аталатын өлең сол тұста саяси тұрғыдан өте жақсы берілген. Бұл қазақтың жеке ерекшелігі деп айта аламын.

Азаттық: – Алашорда тақырыбында қазақша не орысша жазылған материалдарды көптеп табуға болады. Ал өзге тілде жазылған деректер мол ма?

Өзгежан Кесижи: – Стивен Сабол деген тарихшы ғалым 2003 жылы Алаш туралы зерттеу жұмысын жеке кітап етіп шығарды. Онда Алаш қозғалысының мақсаты мен міндетін, саяси көзқарастарын талдап, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов және Мұхамеджан Сералин туралы мол ақпарат берген. Бұдан басқа диссертациясын Алаш тақырыбынан қорғаған Питуе Тиер деген ғалым бар. Жапон тілінде жазылған еңбекті де табуға болады. Жалпы, Алаш тақырыбы өзге тілдерде өзге ғалымдардың назарында болған, бірақ көп емес.

20-ғасыр басындағы Алаш оқығандары (бірінші қатарда солдан оңға - Халел Ғаббасов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов; екінші қатарда солдан оңға - Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Абдолла Байтасов).

20-ғасыр басындағы Алаш оқығандары (бірінші қатарда солдан оңға – Халел Ғаббасов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов; екінші қатарда солдан оңға – Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Абдолла Байтасов).

 

Азаттық: – Мюнхенде туып-өскен сіз қазақ тарихын зерттеуге қалай келдіңіз?

Өзгежан Кесижи: – Мен қазақтар туралы ең алғаш неміс тілінде оқыдым. Ол Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы мен «Қилы заман» повесі, Шыңғыс Айтматовтың қазақтар туралы жазған «Ғасырдан да ұзақ күн» деп аталатын шығармалары болатын. Қазақ тарихына қызығуым осы кезден басталды.

Азаттық: – Еуропада тұратын қазақ жастары арасында өзіңізден басқа ғалым жастар көп пе?

Өзгежан Кесижи: – Әрине, бар. Бірақ әлеуметтік немесе тарих ғылымы саласында емес. Химия, биология саласында ғылыммен айналысып жүргендер баршылық.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: