Азаттық жыры (Өмірхан АЛТЫНҒА)
Күлкісін баланың, Әлдиін ананың, Кісінеуін жылқының, Боздаған түйенің, О, ғажап киелі үн, Мен соны сүйемін. Киелі дауыстар, Жер жарып тарады. Жұпыны тірліктен, Қорғанып барады. Рухын жоймауға, Ертеңін ойлауда, Ұлы көш үдере көшуде, Сатылу ақшаға, алтынға. Жоқ мінез, қазақтың салтында. Мезі боп, ыс түтек ғасырдан, Қанжардай атылған, Көктегі күнді жайлатып, Найзағай ойнатып, Арыстандай аһ ұрған. Намысын бермеуге, Жел сөзге ермеуге. Дінсіздің қолынан, Қиянат көрмеуге. Дінінен айрылып, Имансыз өлмеуге. Ізінен шаң борап, Өлгенін тоңға орап. Айқасқа мінген ұл, Айшылық жол қарап. Туы бар көтерген, Қолында ардан ақ. Аталар шешімін, Ботасы жөн санап. Ұлы көш барады, Бір-бірін қаумалап. Ұлы құл, Қызы күң Болуды қаламас. Бұл тірлік тағдырмен, Бетпе-бет жағалас.