|  |  | 

Спорт Шоу-бизнис

Қытай құрамасындағы қазақ конькиші

Қытай құрамасындағы қазақ конькиші Дәстүр Тұрсынжан. Алматы, Универсиада, 5 ақпан 2017 жыл.

Қытай құрамасындағы қазақ конькиші Дәстүр Тұрсынжан. Алматы, Универсиада, 5 ақпан 2017 жыл.

Қытайдағы Шыңжаң өңірінің қазағы Дәстүр Тұрсынжан Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиаданың коньки жарысына қатысты. Ол биыл Қытай чемпионатында үздік үштікке енген.

21 жастағы Дәстүр Тұрсынжан Алматыдағы универсиадада конькимен 5000 метрге жүгіруден 7 минут 27 секунд уақыт көрсетіп, 17-орын алды. Ал командалық есепте Қытай құрамасы 4-орын иеленді. Спортшы Медеу мұз айдынында көрсеткен нәтижесіне көңілі толмайды.

- Қытайдың ішкі жарыстарында 5000 метрді жақсы жүгіргем (6 минут 52 секунд). Алматыға сол нәтижені көрсетемін деп келгенмін. Егер өз нәтижемді көрсеткенде үштікке енер едім. Бірақ бұл жарысқа бабым дұрыс болмай қалған сияқты, – дейді спортшы.

ҚЫТАЙДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қытайдағы жарыстардың бірінде жүрген Дәстүр Тұрсынжан (Сурет спортшының жеке архивінен алынды).

Қытайдағы жарыстардың бірінде жүрген Дәстүр Тұрсынжан (Сурет спортшының жеке архивінен алынды).

 

21 жастағы конькиші ұзақ қашықтықтарға жүгіруге машықтанғанын айтады. Биыл қаңтардың 19-ы мен 20-сы Харбинде өткен Қытай чемпионатында коньки көпсайысының қола медалін алған. Ал 2016 жылы желтоқсанда Харбиндегі Қытай кубогының екінші кезеңінде 5000 метрге жүгіруде – алтын, 1500 метрге жүгіруде күміс жүлде иеленген. Осы жетістігінен кейін ол Қытай жастар құрамасына еніп, Алматыдағы универсиадаға жолдама иеленген.

- Кубок – Қытайдағы екінші деңгейлі жарыс. Көбіне жас спортшылар қатысады. Қытай кубогында жеңіске жеткен соң жастар құрамасына шақырды. Ал биыл алғаш рет Қытай чемпионатында медаль алдым, – дейді ол.

Дәстүр коньки спортымен бала кезінен айналысатынын айтады. Қытайдағы ішкі жарыстарға 2010 жылдан бері қатысқан. Жасөсспірімдер арасындағы Қытай чемпионатының қола жүлдегері.

- Коньки жарыстарын теледидардан көп көрсететін. Содан қызыға бастадым. Оқушы кезден айналысып жүрмін. Негізінен Үрімшіде жаттығамын. Нәтиже бірден болмайды. Ақырындап барлығы келе жатыр. Келер жылы Қытай құрамасына еніп, әлем кубогы мен әлем чемпионатына, олимпиадаға қатысқым келеді, – дейді конькиші.

Дәстүр Тұрсынжан 2016 жылы Үрімшіде өткен Қытай қысқы ойындарына Шыңжаң құрамасы сапында қатысып, 1500 метрлік жарыстан 7-орын алғанын айтады.

Дәстүр Тұрсынжан мұз айдынында жаттығып жүр. Алматы, Универсиада, 5 ақпан 2017 жыл.

Дәстүр Тұрсынжан мұз айдынында жаттығып жүр. Алматы, Универсиада, 5 ақпан 2017 жыл.

 

- Қытайдың қысқы ойындары – елдегі өте беделді жарыс. Олимпиада сияқты төрт жылда бір рет өтеді. Оған қатысу – кез келген спортшының арманы. 2016 жылы Үрімшідегі ойындарға қатыстым. 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы олимпиадаға да қатысқым келеді, – дейді конькиші.

Дәстүрдің ата-анасы Шыңжаңда тұрады. Өзі Үрімші қаласындағы Шыңжаң спорт колледжінде жаттықтырушы мамандығы бойынша оқып жүр. Конькиші Алматыдағы жарыстан соң Үрімшіге оралып, дайындығын жалғастырмақ. Алдағы уақытта ол Қытай кубогының кезеңдеріне қатысады.

Бұл – Дәстүрдің Қазақстанға алғаш келуі. Келешекте ата-анасын алып келіп, тарихи отанын көрсеткісі келеді.

Руслан МЕДЕЛБЕК

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Қытай құрамасындағы қазақ конькиші

    Руслан МЕДЕЛБЕК Аршынғазы Шәкен Пхенчхан олимпиадасына қатысып жатқан сәт. 13 ақпан 2018 жыл. Шыңжаңда туып-өскен этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен Пхенчхандағы қысқы Олимпиадаға Қытай атынан қатысып жатыр. Ол Азаттыққа спортқа қалай келгені, алға қойған мақсат-мұраты туралы айтып берді. Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарына Қытай құрамасы қатарында қатысып жатқан 22 жастағы этникалық қазақ Аршынғазы Шәкен Шыңжаң-ұйғыр автономиялық аймағының орталығы Үрімжі қаласында дүниеге келген. 2010 жылдан бері конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі алғаш рет Олимпиадаға қатысып отыр. Ақпанның 13-і күні Аршынғазы конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықты 1:50.16 минутта сырғанап, жарысты 35-орынмен аяқтады. Ол Олимпиада чемпионы атанған голландиялық спортшы Кьелд Нейстен алты секундқа қалып қойды. – Олимпиададай “жуан жарысқа” (ірі жарыс – ред.) келудің

  • М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа басшысы тағайындалды

    12 ақпан, 2018. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен танымал қазақстандық режиссер Асхат Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директоры болып тағайындалды. Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (PhD), «Болашақ» Президент стипендиясының иегері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2008 жылы Францияның танымал Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, Драма өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен болатын. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері магистрі дәрежесін қорғады. Еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастады. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде «Актерлік өнер» бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының

  • Айтайын дегенім…

    Күршім ауданы жұртшылығы үшін бүгінде үлкен мерекеге  айналған  айтулы шара –өмірден ерте озған дарынды сазгер жерлесіміз Оралхан Көшеровтің творчествосына арналған, екі жылда бір өтіп келе жатқан «Оралхан көктемі» атты ән конкурсы. Бастабында аудандық деңгейде өткенімен, келе-келе ұйымдастырушылар  мен меценаттардың үлкен еңбектерінің арқасында  алдымен облыстық, соңынан республикалық масштабтағы ән байқауларының біріне айнала бастаған «Оралхан көктеміне» биыл «фестиваль» мәртебесі беріліп, өз еліміздің әншілерінен басқа, Қытай, Ресей, Моңғолия үміткерлері қызығушылық танытып отырған сыңайлы.Артына елу шақты ән қалдырған, бергенінен берері көп шағында бақилық болған Оралхан марқұмның  ән-ғұмыры осылай жалғасып келе жатқаны-оның тыңдармандары үшін көңілге медеу,қуаныш әкелсе, екінші жағынан талай әншінің бағын ашқан дүбірлі дода болғаны күршімдіктердің көңілінде орынды мақтаныш туғызады.Біздің көп ретте осындай игілікті іс қалай дүниеге келді, оның бастауына

  • “Астана” – “Вильярреал” 2:3

    Стоилов өзімен бірге қартайып бара жатқан командасына екі нәрсені әлі үйрете алмай келеді. Бірінші, доптан айырылмай қатарынан төрт мәрте пастасу (ең құрығанда алаңның өз жартысында). Екінші, командадағы еуропалық деңгейде ойнайтын екі шебер – Твумаси мен Кабанангаға дер кезінде доп асыру. Испанияның тәуір командасымен тартысты матч өткізді деп мақтауға, тоқмейілсіп отыра беруге болар еді. Бірақ алдағы трансфер маусымында қос мергенді Еуропа клубтары қағып әкеткесін не болмақ? Олардың да заманы өтіп барады, дұрысырақ алаңда доп тепкілері келеді. Ал қалған өкпесі өшкен, физикасы отырған, тек төрешімен тәжікелесуді қатыратын, дені Балқан түбегінен жиналған “астаналықтар” жасанды алаңдарында не нәтижеге қол жеткізбек? Ішкі чемпионатты күшейтпей тұрып, балалар мен жасөспірімдер футболына жағдай жасамай жатып, бюджеттің ақшасын шашып,

  • БҰҰ комитеті Семей өңірі бойынша қарарды мақұлдады

    Семей қаласы орналасқан Шығыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет). БҰҰ Бас ассамбелясының экономика және қаржылық мәселелер бойынша комитеті Семей өңірінің халқын сауықтыру, қоршаған ортасы мен экономикалық дамуын қалпына келтіру мақсатындағы іс-қимылдарды үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық туралы қарар жобасына келісті. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, құжат 23 мемлекеттің демеушілігімен және өзара уағдаластығымен мақұлданған. Министрлік ақпаратына қарағанда, қарарда Қазақстан үкіметінің Семей өңірін сауықтыру және дамытудағы рөлі атап өтіледі. Сонымен қатар құжат халықаралық қауымдастықты “Қазақстанның зардап шеккен тұрғындарды емдеу және оларға қызмет көрсетудің арнайы жобалары мен бағдарламаларын дайындап, іске асыруына және аймақты орнықты дамытып, экономикалық өсімге қол жеткізудегі жұмыстарына көмектесуге шақырады. Министрлік бұл қарарды БҰҰ Бас ассамблеясы Семей өңірі бойынша 1997 жылдан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: