Қырғызстанда Текебаевтың серігі қамалды
Чотонов 26 ақпанда 48 сағатқа қамауға алынған оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевтың ісі бойынша тергелген. Қазір ол МҰҚК-ның тергеу абақтысында.
25 ақпанда Қырғызстан бас прокуратурасы “Ата Мекен” фракциясының жетекшісі Омурбек Текебаев пен тағы бірнеше адамның үстінен “коррупция” және “алаяқтық” баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, ол іс бойынша тергеудә МҰҚК-нің тергеу басқармасына тапсырған.
Дүйшөнкул Чотонов 2010 жылғы сәуір оқиғасынан кейін төтенше жағдайлар министрі, Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі қызметтерін атқарған.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру