АҚШ: Ресей арнайы қызметінің өкілдері Yahoo-ға кибершабуыл жасады
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлері Дмитрий Докучаев және оның бастығы Игорь Сущин деп танылған. АҚШ билігі олардың 2014 жылы Yahoo серверлерін бұзып кіруге қатысы бар дейді. Хакерлік шабуыл жасалғаны өткен жылы белгілі болған. Шабуылда 500 миллион аккаунт бұзылған. Кибершабуылдар тарихында мұндай кең ауқымды қылмыс болмаған.
Айып тағылған өзге хакерлер Алексей Белан және Карим Баратов деп танылған. Баратов бірер күн бұрын Вашингтонның сұрауы бойынша Канадада ұсталған. Бұған дейін Баратовтың бұрын Қазақстан азаматы болып, кейін Канада азаматтығын алғаны туралы хабарланған еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Twitter-дегі парақшасында Баратовтың Қазақстан азаматы емесін, 2011 жылы Қазақстан азаматығынан айырылу туралы құжат рәсімдегенін хабарлады.
Азаттық радиосы
Пікір қалдыру