|  |  | 

Саясат Сұхбаттар

Министр: Шетелдегі шейхтардан «сигнал» келсе, сәләфтар халыққа қарсы шығады

Кейбір деректерге қарағанда еліміздегі салафизм ағымындағы адамдардың саны 10 мыңға дейін барады. Ал шетелдерге кетіп, қолына қару алғандардың жартысы өлген. Кеткендердің саны туралы да ресми мәлімет жоқ. Тек, жартысы әйелдері мен бала-шағасы деген әңгіме ғана бар.

Министр:  Шетелдегі шейхтардан "сигнал" келсе, олар халыққа қарсы шығадыДін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен Астана телеарнасының тілшісі сұхбаттасты.

Тілші: Нұрлан Байұзақұлы, жақында президенттің қабылдауында болдыңыз. Сол кезде мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге тойтарыс беру үшін бірқатар заңға өзгеріс енгізуді тапсырды. Қандай құжатқа, қандай түзетулер енеді?

Министр: Мемлекет басшысы дін саласында орын алып отырған мәселелерді шешудің пәрменді жолын табуды тапсырды. Заңнамалық өзгерістерге келер болсақ, ең алдымен мемлекеттің дін саласына көзқарасының жүйесін қалыптастыру керек деп есептейміз.

Осыған байланысты ең алдымен министрлік сол мемлекеттік дін саласындағы саясаттың тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама көптеген сарапшылар мен дінтанушылардың ой-пікірлерін, ұсыныстарын ескеріп, кең талқылаудан өтті. Қазір тұжырымдама дайын, жақын арада үкіметтің талқылауынан өтіп, бекітілетін болады деп үміттенеміз.

Тілші: Елде дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуы бірқатар проблемаларды тудырғаны белгілі. Олардың қауіптілігі неде?

Министр: Қазір біз деструктивті ағым деп кез келген радикалды фанатизмге негізделген, Қазақстанға жат жат діни ағымдарды айтып отырмыз. Бірақ олардың ішінде қазіргі таңда ең өзекті – ол салафизм деген радикалды ағым.

Деструктивті діни ағым, мысал үшін салафизм болсын, олар қателік діни түсініктерді біздің тарихи дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, біздің халқымыздың көп этносты, конфессиялық сипатынан жоғары қояды.

Олар тек шариғатқа, баяғы ежелгі діни талаптарға негізделген мемлекеттің құрылысын дұрыс жүйе деп есептейді. Мұндай шетін идеялар сан ғасырлық тарихымызға, сан ғасырлық мәдениетімізге қайшы келетіні сөзсіз.

Шетелдерден белгілі бір шейхтардан сигнал келсе, ол кез келген уақытта қолға қару алып, өз жерлестеріне, үкіметке, мемлекетке қарсы шыға алады. Сондықтан оларға сенім деген жоқ.

Министрлік мемлекеттік құзырлы органдармен бірлесіп, заңсыз уағыз жүргізіп, заңыз әдебиет таратып, заңсыз діни жиындарға жол бермеу бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді.

Тілші: Ақтөбедегі терактіден соң президент сойқан салған салафит ағымының өкілдері екенін айтты. Сіз де «бұл ағым біздің қоғам үшін жат, теріс, деструктивті» деп мәлімдедіңіз. Биліктің позициясы – тыйым салмай, тұсаулау. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Министр: Екі бағытта жұмыс жүргізіліп келеді. Дін саласына қатысты дұрыс сипаттағы білім беру. Экстремистік идеологияны жақтырмайтын көзқарас қалыптастыру.

Екінші бағыт – ол мақсатты реабилитациялау. Ол ең алдымен экстремизм үшін сотталған жазасын өтеуші мен олардың отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізу. 2016 жылдың ішінде 70 адам бұрынғы қателік діни көзқарастан, діни райынан қайтты. 150 адам қателік діни сенімге күмәнданды.

Тілші: Басқа елде діни теологиялық білім алғысы келетіндер бар. Оған қатысты биліктің ұстанымы қандай?

Министр: Шетелде жекелеген діни білім беру оқу орындарына кеткен, өз беттерімен кеткен жастардың радикалды діни ағымның ықпалына түсуі әбден мүмкін. Шетелдердегі түрлі діни білім беру иелері солар арқылы қоғамды басқаруды қалайды.

Сондықтан біздің ұсынысымыз, жастар егер шетелге діни білім алуға барғылары келсе, олар алдымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылармен ақылдасып, жолдама алып, шетелге барса болар еді.

Егер өз беттерімен шетелге барып білім алса, ҚМДБ оларды жұмысқа қабылдамайды.                                                                                          qazaquni.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: