|  |  | 

Көз қарас Саясат

«Ердоған діни риторикамен көп қолдау тапты»


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған референдумдағы жеңісін тойлаған жақтастарының алдында тұр. Түркия, Стамбул, 16 сәуір 2017 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған референдумдағы жеңісін тойлаған жақтастарының алдында тұр. Түркия, Стамбул, 16 сәуір 2017 жыл.

Президент Тайып Ердоған билігін нығайтуға қол жеткізген референдум нәтижесі туралы Азаттық Стамбулда докторантурада оқитын қазақстандық маманмен сұхбаттасты.

Нұрат Ілияс: – Түркияның Стамбул университетінде «Түркітану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатқан қазақстандық зерттеуші. Стамбулда 2013 жылдан бері тұрып келе жатқан Нұрат Азаттыққа Түркияда өткен президенттік басқару жүйесіне көшу бойынша конституцияға өзгеріс енгізу референдумында не себепті Ердоғанды жақтаушылар басым түскені туралы ойларын айтты.

Азаттық: – Жексенбіде Түркияда өткен президент билігін нығайтуға қатысты конституцияны өзгерту туралы референдумда құптаушылар неге басым түсті деп ойлайсыз?

Нұрат Ілияс: – Мұның өзіндік себебі бар. [Президент Тайып] Ердоған басқарған «Әділет және даму» партиясының билікте отырғанына 15 жылдай болды. Осы 15 жылда [Ердоған] діни тақырыпты халыққа тартымды етіп көтере білді. Және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартқанын айтты. Менің ойымша, Ердоған осы діни риторикамен көп қолдау тапты. Бірақ 51,3 пайызбен жеңіске жеткенімен, алғашқы сайлаулармен салыстырғанда Ердоған Анкара мен Стамбул сияқты үлкен қалаларда 10-15 пайызға дейін ұтылып қалғанын байқауға болады.

Азаттық: – Ердоған не себепті үлкен қалаларда жеңіске жете алмады?

Нұрат Ілияс. Түркиядағы қазақ сарапшысы. Сурет Нұрат Ілиястың Facebook парақшасынан алынды.

Нұрат Ілияс. Түркиядағы қазақ сарапшысы. Сурет Нұрат Ілиястың Facebook парақшасынан алынды.

Нұрат Ілияс: – Кейбір жергілікті жұрттың тілімен айтқанда, «өткен жылы жаздағы тырнақша ішіндегі бола жаздаған» әскери төңкерістен кейін20-ға жуық радио мен 30 шақты телеарна жабылды. Одан басқа судьялар, прокурорлар, әскерилері бар, ұзын саны 120 мың адам қызметінен кетті. Олардың әрқайсысының отбасында бес адам бар деп есептегеннің өзінде Ердоған 600 мың сайлаушыны жоғалтып отыр. Және сол ұсталған, қызметінен кеткен адамдардың туыс-туғандары бар дегендей. Былайша айтқанда [Ердоған] екі-үш миллион дауыс берушіден айрылып қалып отыр.

Азаттық: – Ердоған діни тақырыптарды қозғау кезінде электоратқа қайтіп тартымды көріне білді?

Нұрат Ілияс: – Жалпы Түркия қоғамының [зайырлы-діндар] болып екіге бөлінуі 1950-1960 жылдар аралығы. Өйткені Ататүрік билік басына келгеннен кейін көптеген солшыл көзқарастар пайда болып дінді басу, қудалау әрекеті ашық көрінген болатын. Ал 1950 жылдардың басында тұңғыш рет демократиялық партия билік басына келген болатын. Және бұл партия діни көзқараста болған. Бірақ 1961 жылы әскери төңкеріс болып, оларды биліктен аластады. Міне, осыдан кейін 1971, 1981 және 1997 жылдары болған әскери төңкерістің қай-қайсысын қарап отырсаңыз да, діни партия билік басына келгеннен кейін, әскери төңкеріс болып, оларды ығыстырып шығарып отырғанынкөреміз. Яғни осы күнге дейін әскери күш діни көзқарастағылардың билік басына келуіне қарсы еді. Жергілікті түрікшілдердің жазуынша, бесінші бола жаздаған төңкеріс кезінде «діншіл» көзқарастағылар жеңді.

Референдумдағы жеңісті тойлауға көшеге шыққан Ердоғанның қолдаушылары. Түркия, Стамбул, 16 сәуір 2017 жыл.

Референдумдағы жеңісті тойлауға көшеге шыққан Ердоғанның қолдаушылары. Түркия, Стамбул, 16 сәуір 2017 жыл.

 

Азаттық: – Президент Тайып Ердоғанның жақтастары негізінен қандай әлеуметтік саяси топтың өкілдері? Яғни сіз айтып отырғандай, тек діни топ қана ма, әлде оны қолдаған басқа да бір топтар бар ма?

Нұрат Ілияс: – Негізінен Анадолыда өмір сүретін, ауылдық жерде тұратын және білімі ортадан төмен деңгейдегі адамдар. Сосын діни көзқарастағы адамдар.

Азаттық: – Зайырлы демократиялық құрылымның, парламентшіл кемализмнің жақтаушылары кімдер болды және не себептен басым түсе алмады?

Нұрат Ілияс: – Әрине, зайырлы демократиялық құрылымды жақтаушылар – Ататүріктің өзі құрып кеткен Республикашыл халық партиясы. Екіншісі – билік президенттік жүйеге негізделсе, аз ұлттарға қысым жасалады деген қорқынышпен қарсы шыққан Халық демократиялық партиясы. Міне, осы екі партия ғана [оппозиция] болды. Олардың жеңіске жете алмай қалуы – өткен жылғы [биліктің] БАҚ-ты қысып тастауынан болуы мүмкін деп ойлаймын.

Азаттық: – «БАҚ-ты биліктің қысып тастауынан болуы мүмкін» деп қалдыңыз. Референдум қарсаңында Түркиядағы билікшіл БАҚ-тың үгіт-насихаты мен билеуші топтың саяси популистік ұрандарының барынша күшейгені көрінді. Қарама-қарсы тараптың бұл жолдағы іс-әрекеті қаншалықты әсерлі болды, ақпарат тарату мүмкіндігі қаншалықты еркін болды?

Нұрат Ілияс: – Қазір Түркиядағы барлық ақпарат құралдары биліктің қолында ғой. Сондықтан қарсы тараптың ақпарат тарату мүмкіндігі тек әлеуметтік желілерге тәуелді болды деп ойлаймын. Екіншіден, оппозициялық топтардың ішінде Республикашыл халық партиясының жетекшісі Кемаль Кылычтароглуның харизмасы жоқ болды. Қарсы тараптың пікіріне сай уәж айтып, халықты соңына ерте алмады.

Қолдаушылары алдына шыққан Ердоған. Түркия, Стамбул, 16 сәуір 2017 жыл.

Қолдаушылары алдына шыққан Ердоған. Түркия, Стамбул, 16 сәуір 2017 жыл.

 

Азаттық: – Халықаралық сарапшылар мен адам құқықтарын қорғау ұйымдары Ердоғанның тұсында Түркияның авторитаризмге бет бұрғаны туралы айтып жатады. Ел ішінде мұндай пікірлер бар ма, жалпы болса, қандай сипатта айтылады?

Нұрат Ілияс: – Әрине, бар. Мұндай пікірлерді жиі айтып жатқандар – [Фетхулла] Гүленнің (былтырдан бері «әскери төңкеріс жасамақ болды» деген айып тағылған, соңғы жылдары қуғынға ұшырап, АҚШ-та тұрып жатқан түркиялық теолог – ред.) «терроршыл» [деп айыпталған] жақтаушылары. «Билік Гүленнің бүкіл баспасөз құралдары мен бизнесін тартып алды» деген тұрғыда пікір айтады. Ал Ердоғанның жақтаушылары «гүленшілер террорлық әрекет жасады» деген уәжге сенімді.

Азаттық: – Президенттік басқару жүйесіне өткеннен кейін Түркиядағы демократиялық институттар қандай өзгеріске ұшырауы мүмкін деп ойлайсыз?

Нұрат Ілияс: – Осы жолғы ата-заңға енгізілген 18 бапты айтып, түсіндіріп жатқандарына қарағанда оң өзгеріс болмайды. Мысалмен айтқанда Түркияның бұл әрекеті Германиядағы парламенттік жүйеден Түркіменстандағы немесе Беларусьтегі жағдайға бір-ақ түскен сияқты ғой.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рақмет!                                                               Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: