|  | 

Жаһан жаңалықтары

Әлемдегі ең қауіпті түрмеден қашып шыққан қылмыскерлерді білесіз бе?

1963 жылы 21 наурызда өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, әлемдегі ең сақ «Алькатрас» түрмесі жабылды. Бұл түрме «Рок» (құз) деп те аталатын. Калифорнияның осы аттас аралынан орын алған түрме АҚШ-та ең сенімдісі болып келген деп жазады Massaget.kz.

 

Әлемдегі ең қауіпті түрмеден қашып шыққан қылмыскерлерді білесіз бе?

ТҮРМЕ. ФОТО: BIGPICTURE.RU

1963 жылға дейін 29 жыл ішінде «Алькатрастан» ешкім қашып шыға алмаған. Бірақ, 1962 жылы 3 қылмыскер айласын асырып, түрме сыртына шығып, жағалауға бет алып қашқан. Олардың не тірі, не өлі екені әлі күнге дейін белгісіз. Мұндағы әр қылмыскерге бір-бір күзетшіден берген, әрі олар бөлек-бөлек камерада отырған.

Аралдан жағалауға дейін бірнеше шақырым жүзіп өту керек, су тіптен суық, ал оның ағысы өте қатты болатын. Сұсты ғимараттың сырты тікенек темірлермен қоршалған. Күзет бақылайтын мұнаралар да жоқ емес.

Әлемдегі ең қауіпті түрмеден қашып шыққан қылмыскерлерді білесіз бе?

Қылмыскерлер түрмеден қашу операциясын мұқият құрастырған болуы керек. 1962 жылы үш ер адам мұндай қатал режимге қарамастан, түрмеден қашуға әрекеттенеді. Олар: банк тонағаны үшін сотталған Фрэнк Моррис, көлік ұрлағаны үшін жазаланған ағайынды Джон және Кларенс Энглиндер. Бұл қашу операциясында Алан Вест деген қылмыскер де болған, алайда бостандыққа қашып шығу оған бұйырмаған екен: камерадан шыға алмай қалыпты.

Әлемдегі ең қауіпті түрмеден қашып шыққан қылмыскерлерді білесіз бе?

Бұлардың бәрі бұрындары отырған түрмелерінен қашып шыққандар екен. Бір емес, көп мәрте қашқан соң, жазасын өтеуге осы түрмеге әкелген. Олар ескі желдеткіш жүйесінің олардың дәл үстінде орналасқанын білген. Төртеуі түрменің шатырына осы ескі желдеткіштің көмегімен өз камераларынан сыртқа шығатын туннель тесу керек деп шешкен. Асханадан ұрланған қасық-шанышқылардан бұрғы жасап, желдеткіш жолын өздері сыятындай етіп күн сайын кезекпен тесіп отырған.

Әлемдегі ең қауіпті түрмеден қашып шыққан қылмыскерлерді білесіз бе?

Қабырғаның бүлінген тұсын үнемі тығып жасыратын болған. Қызу жұмыс жүріп жатқан кезде біреуінің қолы босай қалса, көрші камералардан күрте, құтқару желеткелерін, резеңке күртелерін алған. Күзетшілер олардың қашып кеткендерін байқамас үшін шаштаразда қиылған шаштарын жинап, гипстен адамның бастарын жасап дайындаған екен.

1962 жылы 11 маусымда ұйықтау командасы берілгеннен кейін қылмыскерлер кереуеттеріне алдын ала дайындалған адамның бастарын жастыққа қойып, өздері тер төгіп тескен қабырға арқылы туннельмен қашып кетеді.

Әлемдегі ең қауіпті түрмеден қашып шыққан қылмыскерлерді білесіз бе?

Дегенмен Алан Вест қашып шыға алмаған, себебі өзі өтетін құпия жолды барынша қаза алмаған. Сол себепті, олар үшеуі қашып кете береді. Үшеуі түрменің үстіне шығып, су ағатын тұрбамен бұғазға өтіп, шамамен кешкі ондарға таман жағалауға жетіп алады. Осы жерден Моррис пен Энглиндердің ізі жоғалады. Олар әлі күнге дейін із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

2 жылдан соң, жағалаудан су өткізбейтін пакет табылған. Оның ішінде Энглин ағайындыларының біріне тиесілі телефон кітапшасы, ақша мен отбасылық суреті болған. Сонымен қатар, қолдан жасалған құтқару желеткесі де бар. 1978 жылға дейін қашқындарды іздеумен АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы айналысады. Кейін ордер АҚШ-тың Маршал қызметіне табысталады.

Әлемдегі ең қауіпті түрмеден қашып шыққан қылмыскерлерді білесіз бе?

2003 жылдан бастап Майкл Дик есімді қызметкер іздеумен айналысып жүр. Ол осыған дейін 250 дерек тапқан екен. Бірақ, оларды табу мүмкін болмай отыр. Энглиндердің анасына біраз уақыт белгісіз біреу гүл толы себет жіберіп отырған. 1973 жылы Джон мен Кларенс аналарының жерлеуіне әйелдің образында келіп қатысты деген де дерек бар. Фрэнк Хиней атты тарихшы Энглиндердің туыстары Оңтүстік Америкадан ашықхаттар алып отыратынын білген.

Ал Моррис туралы еш дерек жоқ. Оларды тұтқындауға күші бар ордер қашқындар 100-ге келгенде ғана жарамсыз деп есептеледі. «Алькатрас» қашқындары әлі күнге дейін іздеуде жүр. Бір қызығы, осы оқиға желісімен 1979 жылы «Алькатрастан қашу» атты фильм түсірілген. Фрэнк Морристің рөлін Клинт Иствуд сомдаған. Ал түрме қазір мұражайға айналған.  nur.kz

Related Articles

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: