|  | 

Мәдениет

Пәкістандағы калаш халқы

Калаш халқы Пәкістанның таулы аймақтарында тұрады. Олар өздерін Александр Македонский сарбаздарының ұрпағы санайды. Жақында ғана Пәкістан үкіметі оларға көптен күткен мәртебелерін берді – билік калаштарды дербес діни, этникалық топ деп таныды.


Ежелгі калаш халқының өкілдері ғасырлар бойы түрлі құдіретке табынатын наным-сенім жүйесін тұтынып, Пәкістанның солтүстік-батысындағы таулы аймақтарда оқшау өмір сүріп келген. Олар өздерін Александр Македонский сарбаздарының ұрпағы санайды. Олар бабаларының бұл өңірге 2300 жыл бұрын келгенін айтады.     Бұл халықтың саны 400 мың адамның төңірегінде. Калаштар өздерінің ерекше тілдерін, діндері мен әдет-ғұрыптарын сақтаған. Бірақ Пәкістан үкіметі оларды дербес этникалық топ ретінде мойындамай келген еді.  
1

Ежелгі калаш халқының өкілдері ғасырлар бойы түрлі құдіретке табынатын наным-сенім жүйесін тұтынып, Пәкістанның солтүстік-батысындағы таулы аймақтарда оқшау өмір сүріп келген. Олар өздерін Александр Македонский сарбаздарының ұрпағы санайды. Олар бабаларының бұл өңірге 2300 жыл бұрын келгенін айтады.

Бұл халықтың саны 400 мың адамның төңірегінде. Калаштар өздерінің ерекше тілдерін, діндері мен әдет-ғұрыптарын сақтаған. Бірақ Пәкістан үкіметі оларды дербес этникалық топ ретінде мойындамай келген еді.

Сәуір айында Пешавар қаласының соты калаштарды дербес діни, этникалық топ ретінде таныған шешім шығарды. Енді оларды (20 жылдан кейін өтетін) алдағы халық санағында жеке топ ретінде белгілейді. Пәкістан негізінен мұсылмандар тұратын ел болғандықтан, калаштар ұзақ уақыт күрескен бұл жеңістерінің қадірін бағалайды. Бұл елде кейбір этникалық топтарға радикал діни жасақтар шабуыл жасап отырады және үкімет те діни топтарды қатаң қадағалайды.  
2

Сәуір айында Пешавар қаласының соты калаштарды дербес діни, этникалық топ ретінде таныған шешім шығарды. Енді оларды (20 жылдан кейін өтетін) алдағы халық санағында жеке топ ретінде белгілейді. Пәкістан негізінен мұсылмандар тұратын ел болғандықтан, калаштар ұзақ уақыт күрескен бұл жеңістерінің қадірін бағалайды. Бұл елде кейбір этникалық топтарға радикал діни жасақтар шабуыл жасап отырады және үкімет те діни топтарды қатаң қадағалайды.

Калаштарды дербес этникалық топ деп тануға арыз түсірген адам жылдар бойы осы шешімге жету үшін күрескен.    32 жастағы Вазир Зада "Бұл жаңалық калаштар тұратын ауылдарға лезде тарады, адамдар қуанып жатыр, тіпті мұсылман көршілеріміз де құттықтады, олар "бауырларымыз өздерінің жеке халық екенін дәлелдеп шықты" деп жатыр" дейді.    Заданың сөзіне қарағанда, дербес халық ретінде мойындалғаннан кейін калаштардың құқықтары басқа этникалық азшылық топтардың құқықтары сияқты қорғалатын болады. Ондай құқықтар қатарына калаш тілін ресми мойындау да кіреді.  
3

Калаштарды дербес этникалық топ деп тануға арыз түсірген адам жылдар бойы осы шешімге жету үшін күрескен.

32 жастағы Вазир Зада “Бұл жаңалық калаштар тұратын ауылдарға лезде тарады, адамдар қуанып жатыр, тіпті мұсылман көршілеріміз де құттықтады, олар “бауырларымыз өздерінің жеке халық екенін дәлелдеп шықты” деп жатыр” дейді.

Заданың сөзіне қарағанда, дербес халық ретінде мойындалғаннан кейін калаштардың құқықтары басқа этникалық азшылық топтардың құқықтары сияқты қорғалатын болады. Ондай құқықтар қатарына калаш тілін ресми мойындау да кіреді.

Калаштар Пәкістандағы басқа этникалық және діни топтардың ешқайсысына ұқсамайды. Бұл халықтың жартысынан астамы индуизмнің көне түрін, түрлі жануарларға табыну ғұрыптарын ұстанады. Олардың діни мейрамдарында ән шырқалып, би биленеді.   Калаштар тұрмыстағы әйелдердің басқа еркектермен қашып кетуіне қатаң қарамайды. Калаштардың жас бозбалалары кез келген әйелді жыныстық серігі ретінде таңдай алады. Бұл халықтың ғұрыптары арасында ондаған ешкіні құрбандыққа шалу рәсімі де бар.  
4

Калаштар Пәкістандағы басқа этникалық және діни топтардың ешқайсысына ұқсамайды. Бұл халықтың жартысынан астамы индуизмнің көне түрін, түрлі жануарларға табыну ғұрыптарын ұстанады. Олардың діни мейрамдарында ән шырқалып, би биленеді.

Калаштар тұрмыстағы әйелдердің басқа еркектермен қашып кетуіне қатаң қарамайды. Калаштардың жас бозбалалары кез келген әйелді жыныстық серігі ретінде таңдай алады. Бұл халықтың ғұрыптары арасында ондаған ешкіні құрбандыққа шалу рәсімі де бар.

Калаштар жыл сайын жаздың басын тойлайды, ол мерекені Чилам Джоши деп атайды. Жұрт жиылып бұл күні той өткізеді, ән-жыр айтып, үйлерін безендіреді.  
5

Калаштар жыл сайын жаздың басын тойлайды, ол мерекені Чилам Джоши деп атайды. Жұрт жиылып бұл күні той өткізеді, ән-жыр айтып, үйлерін безендіреді.

Калаштар түрлі-түсті бас киім киеді. Әйелдер оюлы қара халаттар киеді, кейбіреулері беттеріне өрнек, суреттер салып алады.  Олардың тілі Пәкістанның солтүстік-батысында, Кашмир мен Ауғанстанның шығысында таралған тілдердің үндіарийлік тобына жатады.    
6

Калаштар түрлі-түсті бас киім киеді. Әйелдер оюлы қара халаттар киеді, кейбіреулері беттеріне өрнек, суреттер салып алады.

Олардың тілі Пәкістанның солтүстік-батысында, Кашмир мен Ауғанстанның шығысында таралған тілдердің үндіарийлік тобына жатады.

Калаштар өздерінің дәстүрлерін сақтауға тырысады. Кейінгі жылдары олардың саны зорлық-зомбылық, табиғи апаттар және кейбір мүшелерінің ислам дініне өтуіне байланысты азайған. Олар тұратын Пәкістанның солтүстік-батысындағы таулы өңір кедей аймақтардың біріне жатады. Калаштардың көбі жету қиын болса да оларды көруге баратын туристер есебінен күн көріп отыр.     Зада калаштарды ресми түрде мойындағаннан кейін үкімет оларға мектеп ашуға қаржы бөледі деп үміттенеді. Өйткені, олардың тілі мен мәдениетін сақтауға мектеп жүйесі көп көмектесетін еді.     Консервативті мұсылмандар калаштарды «қара кәпір» атайды. Кейінгі жылдары "Талибан" содырлары оларға көптеген шабуылдар жасады.  
7

Калаштар өздерінің дәстүрлерін сақтауға тырысады. Кейінгі жылдары олардың саны зорлық-зомбылық, табиғи апаттар және кейбір мүшелерінің ислам дініне өтуіне байланысты азайған. Олар тұратын Пәкістанның солтүстік-батысындағы таулы өңір кедей аймақтардың біріне жатады. Калаштардың көбі жету қиын болса да оларды көруге баратын туристер есебінен күн көріп отыр.

Зада калаштарды ресми түрде мойындағаннан кейін үкімет оларға мектеп ашуға қаржы бөледі деп үміттенеді. Өйткені, олардың тілі мен мәдениетін сақтауға мектеп жүйесі көп көмектесетін еді.

Консервативті мұсылмандар калаштарды «қара кәпір» атайды. Кейінгі жылдары “Талибан” содырлары оларға көптеген шабуылдар жасады.

Калаштар - Кәпірстан аталып кеткен таулы аймақта аман қалған азшылық топтардың бірі.  
8

Калаштар – Кәпірстан аталып кеткен таулы аймақта аман қалған азшылық топтардың бірі.

Science журналына 2014 жылы шыққан мақалада калаштардың ДНҚ-сын зерттеу кезінде Еуропаны мекендеген адамдардың ген фрагменттері табылғаны жазылды.     Грек үкіметі калаштардың көне дәстүрлерін сақтауға мүдделілік танытып, олардың мәдени орталығын салуға қаражат бөлген еді.  
9

Science журналына 2014 жылы шыққан мақалада калаштардың ДНҚ-сын зерттеу кезінде Еуропаны мекендеген адамдардың ген фрагменттері табылғаны жазылды.

Грек үкіметі калаштардың көне дәстүрлерін сақтауға мүдделілік танытып, олардың мәдени орталығын салуға қаражат бөлген еді.         Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: