|  |  | 

Көз қарас Тарих

ГИТЛЕРИЗМ ҚАЗАҚ САНАСЫНА ЖАТ

Марат Токашбаев15727111_1322420177820962_4549859131674809772_n

Бүгін, Фейсбуктен кейбір інілеріміздің Адольф Гитлерді (20-көкек туған күні көрінеді) әспеттеген, оған тамсанған пікірлерін көріп қалдым. Қай тарихи тұлғаны өзіне пір тұтады бұл әрине, әркімнің еркінде. Дегенмен қазақ жастарының Гитлерді жақсы көруі дұрыс па? Осы туралы ойларымды ортаға салғым келеді.
Гитлердің басты кінәсі не?
1. Ол неміс ұлтын өзгеден артық санап, бүкіл әлемге солардың билігін орнатқысы келді. Нацизм деген сол. 
2. 1939 -1945 жылдар аралығында Бүкіл дүние жүзіне қарсы агрессия жүргізді. Соғыс бастаған Сталин емес Гитлер!
3. 1939 жылы 23-тамызда Кеңес Одағымен бір-біріне қарсы шабуыл жасаспау туралы Пактіні опасыздықпен бұзды.
4. Әлемдегі бейбітшілік ісіне қарсы орасан қастандық жасады.
5. Әскери қажеттіліктер болмаса да үлкен және шағын қалаларды, елді мекендерді қиратты, өртеді. Тұрғындарын босқындыққа ұшыратты.
6. Әскери тұтқындарды адам айтқысыз азаптарға салды, сотсыз, тергеусіз атып, қырды. Оккупацияланған аймақтарда бейбіт халықты өлтіріп, қорқыныш пен үрей септі. Бейбіт тұрғындарды құлдыққа салды.
7. Нацистік режимге қарсы шыққанның бәрін қуғын-сүргінге ұшыратты, азаптауларға жол берді, сотсыз, тергеусіз өлтірді. Мұның бәрі адамзатқа қарсы ауыр қылмыс болып табылады.

Фашистердің жүздеген концлагерьлерінде миллиондаған адамдар азапқа салынды, крематорий пештерінде өртелінді.

Нюренберг процесінде АҚШ тарапынан айыптау сөзін сөйлеген Роберт Джексон: «Басқаны былай қойғанда Гитлер өзі билік жүргізген Германияға қарсы орасан қылмыс жасады. Оның ісі ақымақтықпен пара пар еді, ешқандай себепсіз соғыс бастады да оны ұтылып жатқанына қарамастан еш мағынасыз жалғастыра берді. Билік жүргізуге дәрменсіз қалғанында да Германия тағдыры не болса сол болсын» деген ұстанымда болды», –деді. Ол тіпті өз отанына да жаны ашыған жоқ.

Гитлер таңған Екінші жаһан соғысы салдарынан бүкіл әлемде 60 миллион адам құрбан болды.
Нацистер көсемі ұрындырған соғыстың салдарынан Қазақ халқы кезекті демографиялық апатқа ұшырады. Қазақстаннан 1,5 миллиондай адам соғысқа қатысқан болса содан жарты миллиондай ардақтыларымыздан айырылдық.

Осыншама қырғын салдарын көре отырып, Гитлерді кім жақсы көрсе сол майданда қаза тапқан жарты миллион қазақтың қанын мойнына жүктеген болып табылады. Жалпы гитлеризм – қазақ санасына жат!

facebook  парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: