Тиллерсон: Ресейдің сайлауға килігуі “жақсы дайындалған”
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон NBC телеарнасына берген сұхбатында Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына килігуі “жақсы дайындалғанын” мәлімдеді. Тиллерсонның ақпараты бойынша, килігу жоспары соңына дейін орындалмаған. Мемлекеттік хатшы Ресеймен қарым-қатынасты АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сай келетіндей деңгейде қайта жеткізу керек.
АҚШ-та ресейлік хакерлердің іс-әрекетіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеушілер хакерлер президент сайлауына Демократиялық партия мен оның кандидаты Хиллари Клинтонға кибершабуылдар жасау арқылы республикашыл кандидат Дональд Трамптың жеңіске жетуіне ықпал ету мақсатында килікке деп жорамалдайды.
Кремль АҚШ-тағы саяси процестерге килікті деген айыптауды жоққа шығарады. Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру