|  | 

Жаһан жаңалықтары

Өзбекстан халқының саны 32 миллион адамнан асты

Ташкент көшесіне шыққан халық (Көрнекі сурет).

Ташкент көшесіне шыққан халық (Көрнекі сурет).

Өзбекстан халқының саны 1 шілдеге дейінгі есеп бойынша 32 миллион 345 мың адамға жетті. Gazeta.uz басылымының Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің ақпараттық қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, халық саны 2016 жылдың соңынан бері 224 мың адамға (0,7 пайыз) артқан. Қала халқы 16 миллион 353 мың (50,6 пайыз), ауыл халқы 15,9 миллион (49,4 пайыз) адам болған.

2017 жылдың алғашқы алты айында 311,9 мың бала дүниеге келген. 2016 жылдың алғашқы алты айында туған бала саны бұдан алты мыңға аз.

Қаңтар-маусым айларында 78,8 мың адам қайтыс болып, 2016 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 4900 адамға артқан.

Қаңтар-маусым айларында Өзбекстанда 96,3 мың неке, 15,6 мың ажырасу тіркелген. Елде мың адамға шаққанда алты неке, бір ажырасудан келеді. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында мың адамға 5,9 неке, 0,9 ажырасу тіркелген еді.

Алғашқы жарты жылда Өзбекстанға қоныстанғандар саны 82,5 мың, елден кеткенден саны 91 мың адамды құраған.                         Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Трамп: Иран соғыс ашса, өз түбіне жетеді

    АҚШ президенті Дональд Трамп.  19 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соғыс ашпауды қатаң ескертті. Трамп өзінің Twitter парақшасына “Иран соғысқысы келсе, өз түбіне өзі жетеді. Бұдан былай АҚШ-қа қоқан-лоққы көрсетуші болмаңдар!” деп жазды Трамп Тегеранға қарата. АҚШ-тың мәлімдеуінше, Тегеран Парсы шығанағында қайықтарға зымырандарын орналастырып, Біріккен Араб Әмірліктерінің жағалауында төрт кемені атқылаған. Иран мұны жоққа шығарды. Мұндай жазба жарияламастан бірер күн бұрын Трамп АҚШ-тың Иранға қысымы дауға ұласып кеткенін қаламайтынын айтқан. 16 мамырда президент “АҚШ соғысқа дайындалып жатыр ма?” деген журналистер сұрағына “Дайындалып жатқан жоқ деп үміттенемін” деп жауап берген. Тегеран да Иран билігінің “соғысты қаламайтынын” айтқан. Екі апта бұрын Вашингтон Парсы шығанағына “Авраам Линкольн” зымыран тасығыш ұшақтарын қондырған. АҚШ Иранға

  • Латвия елдегі барлық мектепті латыш тіліне көшіруді мақұлдады

    Латвиядағы орыс мектептерін қолдау акциясы. Көрнекі сурет.  Латвия конституциялық соты елдегі аз ұлт өкілдерінің мектептерін түгел латыш тіліне көшіру туралы заңды Конституцияға қайшы емес деп тапты. Сот төрағасының орынбасары Санита Осипова “бұл – соңғы әрі даулауға келмейтін шешім” деді. Былтыр Латвия президенті Раймондс Вейонис елдегі барлық мектептерді 2021 жылға қарай мемлекеттік тіл – латыш тіліне көшіру туралы заң өзгерісін бекіткен. Қазір Латвияда мектептің екі түрі – латыш тілінде білім беретін және ұлттық азшылық мектептері бар, соңғысында орыстілді балалар да оқиды. Ұлттық мектептерде сабақтың 60 пайызы латыш тілінде, қалған 40 пайызы – ұлттық азшылық тілінде оқытылады. Еуропа кеңесінің мәліметінше, Латвияда СССР-дан келген 223 мыңға жуық азамат тұрады. Оларға “Латвия азаматы емес” деген

  • Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

    Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне орай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсуде-деп хабарлайды aqorda. Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлескен жұмысын жоғары бағалай келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен де осындай жемісті қарым-қатынас қалыптасатынын асыға күтетінін атап өткен. «Мен Сізді еліңіздің Президенті лауазымына кірісуіңізбен құттықтағым келеді, сондай-ақ Наурыз мейрамында Сізге, отбасыңыз бен Қазақстан халқына қуаныш пен өсіп-өркендеу тілеймін. Осы күндері көптеген америкалықтар мен әлем халықтары да осы тамаша жаңару мейрамын атап өтуде. Біз елдеріміз арасындағы қатынастарда үлкен табыстарға қол жеткіздік және мен олардың дамуы жалғасатынына қуаныштымын. Америка халқы мен бизнесінің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа бағыттарды іздеуін жалғастырып жатқанын да  алғаусыз

  • Кашмирде не болып жатыр?

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы Руслан МЕДЕЛБЕК Кашмирдің Үндістанға тиесілі аймағындағы наразылық. 15 ақпан 2019 жыл.  Үндістан мен Пәкістан арасында Кашмир дауы қайта ушықты. Екі ел дипломаттарын кері шақырып алды. ЖАНЖАЛ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ? Ақпанның 14-і Кашмирдің Үндістанға тиесілі аймағындағы Пулвама қаласында жарылғыш зат салынған көліктегі жанкешті 70-тен астам үндістандық әскер мінген автобусқа барып соғылған. Жарылыстан 45 үндістандық әскери қызметкер мерт болды. Шабуылды Пәкістанда орналасқан “Жаиш-е-Мұхаммед” (“Мұхаммед пайғамбардың әскері”) исламшыл тобы мойнына алды. Шабуылға ұшыраған автобустың маңында жүрген үндістандық әскерилер. 14 ақпан 2019 жыл. Үндістан тарабы жарылысты 20 жастағы Кашмир тұрғыны жасағанын хабарлады. Ал өз-өзін жарған жігіттің ата-анасының айтуынша, балалары үш жыл бұрын үндістандық әскерилерден таяқ жеп, кейін діни топтарға қосылған.

  • Венгрия көп бала туған әйелдерге жеңілдік жасамақ

    Азаттық радиолы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан жолдауы аяқталған соң жүздеген адам наразылыққа шықты. Будапешт, 11 ақпан 2019 жыл.  Венгрия үкіметі халық санын көбейту мақсатында бала тууды қаржылай ынталандыруды қолға алмақшы. Ақпанның 10-ы күні Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан халыққа жолдауы кезінде үкімет екі баласы бар отбасыларға “салықты азайтып, төменгі пайызбен ипотека ұсынуды, автокөлік алуға субсидия беруді жоспарлап отырғанын” айтты. Орбанның сөзінше, үкімет төрт және одан көп бала туған әйелдерді жеке табыс салығынан босатады. “40 жасқа толмаған әйел бірінші рет тұрмысқа шықса 10 миллион форинт (36 мың доллар) субсидиялық несие береміз. Несие алған отбасының екінші баласы туғанда қарыздың үштен бір бөлігі кешіріледі. Ал егер үшінші бала дүниеге келсе, несие толығымен кешіріледі” деді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: