|  | 

Жаһан жаңалықтары

Қазақстан қорғаныс министрі Мирзияевпен кездесті

Қазақстан мен Өзбекстанның тулары (Көрнекі сурет).

Қазақстан мен Өзбекстанның тулары (Көрнекі сурет).

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 17 тамызда осы елде ресми сапармен жүрген Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады деп хабарлайды Uzbekistan 24 агенттігі.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланған. Атап айтқанда, тараптар Өзбекстан мен Қазақстанның қорғаныс министрлігінің өндіріс кооперациясы мен әскери кадр дайындауда өзара іс-қимылдарын тиімді дамытуды талқылаған.

Министр Сәкен Жасұзақов өзін “жылы қабылдағаны үшін” Өзбекстан президентіне ілтипатын білдіріп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жолдаған.

Министр Қазақстан мен Өзбекстан арасында әскери-техникалық қарым-қатынастың дамуына мүдделі екенін, әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірген.                      Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақстанды алманың арғы отаны атайды

    Анна КЛЕВЦОВА Алматы теміржол вокзалында сатылатын алмалар. 2 қазан 2014 жыл. Батыс баспасөзі Қазақстанның экономикалық өсімі, көшпенді халықтар арасында кең тараған көкпар ойыны жайлы және Тянь-Шань тауы баурайында өсетін алманың шығу тегін қазіргі Қазақстанмен байланыстыратын зерттеуге қатысты комментарий жазған. СТАТИСТИКА ЖӘНЕ ШИКІЗАТҚА СҮЙЕНГЕН ЭКОНОМИКА Америкалық Stratfor сараптама орталығының сайты журналист Чарльз ван дер Лееувтің «Қазақстан: экономикалық дамуға қатысты болжам мен нақты жағдай» деген мақаласын жариялаған. Мақалада елдің ұлттық статистикалық агенттігі дерегінше, Орталық Азиядағы ең ірі ел – Қазақстанның экономикасы биыл алғашқы жарты жылда 4,2 пайызға өсті деп көрсетілген. Салыстырсақ, биылғы бірінші тоқсанда өсім 3,6 пайызды, ал 2016 жылдың алғашқы жарты жылында бар-жоғы 0,1 пайызды құраған болатын. Бұл деректер халықаралық экономикалық ұйымдардың болжамдарына

  • Ресейде Путинге қарсы әскери төңкеріс болуы ықтимал

    Әзімбай Ғали Алда орыстың төл ақшасы девальвацияға ұрына беретін болады. Ресей тұрғындарының тұрмыс деңгейі бұрынғыдан да төмендей түседі. Шет елдік тауарларды тұтыну ресейліктер үшін қымбатқа түспек. Ресей ұзақ уақыттық дағдарысқа тап болды. Бұл дағдарыс 2007 жылы айқындалып еді. Содан бері көршіміз қателіктің үстіне қателік жасап келеді. Алдымен сол қателіктердің бірнеше алғышарттарын келтірейік: 1. Ресей нарықтық либералдық, құқықтық , саяси еркіндік жолынан тайды. 2. Империялық әскери-саяси экспансиялық жолды таңдады. Батыс елдері (АҚШ пен Еуропалық Одақ және НАТО) бірлестіктерімен конфронтацияға түсті. Экономиканы милитаризация жолына түсіру, Ресейдің ішкі саясатын тоталдық полицейлік күштік құрылымдардың қадағалау жолына ауыстыру, Ресей экономикасын әкімшілік жолмен бағындырып, әлемдік финанстық-нарықтық принциптерге жүгінбеу белең алды. 3. Ресей идеологиясы – құндылықтар жолынан

  • Өзбекстан халқының саны 32 миллион адамнан асты

    Ташкент көшесіне шыққан халық (Көрнекі сурет). Өзбекстан халқының саны 1 шілдеге дейінгі есеп бойынша 32 миллион 345 мың адамға жетті. Gazeta.uz басылымының Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің ақпараттық қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, халық саны 2016 жылдың соңынан бері 224 мың адамға (0,7 пайыз) артқан. Қала халқы 16 миллион 353 мың (50,6 пайыз), ауыл халқы 15,9 миллион (49,4 пайыз) адам болған. 2017 жылдың алғашқы алты айында 311,9 мың бала дүниеге келген. 2016 жылдың алғашқы алты айында туған бала саны бұдан алты мыңға аз. Қаңтар-маусым айларында 78,8 мың адам қайтыс болып, 2016 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда 4900 адамға артқан. Қаңтар-маусым айларында Өзбекстанда 96,3 мың неке, 15,6 мың ажырасу тіркелген. Елде мың адамға

  • Ричард Кумбс: “Дипломаттар әжетхана тазалап, сүт тасыды”

    Азаттық радиосы Мәскеудегі АҚШ елшілігі ғимараты. 15 сәуір 1987 жыл. Мәскеу Вашингтонға Ресейдегі дипломатиялық миссиясы қызметкерлері санын қысқарту жайлы талап қойды. “Қырғи-қабақ соғысы” жылдары Мәскеудегі АҚШ елшілігінде қызмет атқарған америкалық ардагер дипломат Ричард Кумбс отыз бір жыл бұрынғы ұқсас оқиғаларды еске алады. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Ресейдегі дипломатиялық миссиясындағы 755 қызметкерді қысқартуға пәрмен берді. Екі ел арасында дипломаттарды жаппай қысқарту оқиғасы соңғы рет 1986 жылы қазанда болған. СССР үкіметінің АҚШ дипломатиялық миссиясындағы қызметкерлер санын 200 адамға қысқарту туралы талабынан соң онда жұмыс істейтін совет азаматтарын америкалықтар жұмыстан босатуға мәжбүр болған. Сол кезде Мәскеудегі АҚШ елшілігінің екінші адамы болған Ричард Кумбстың айтуынша, адамның жетіспеуінен адмиралдар әжетхана тазалап, бірнеше тілді еркін

  • Өзбекстанда Каримовтың саясатын алғаш рет сынады

    Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов. Өзбекстан телевидениесінде алғаш рет елдің тұңғыш президенті марқұм Ислам Каримовтың жүргізген саясаты сынға ілікті. Өзбекстанда мемлекеттік ақпарат құралы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтың жүргізген саясатын сынға алды деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик радиосы). Хабарда Каримовтың тұсындағы “[аймақта] лидер атану үшін үнемі көршілермен бәсеке жарыстырып, үстемдігін дәлелдеуге” тырысудың кесірінен шиеленіскен проблемаларды қазіргі таңда президент Шавкат Мирзияевке шешуге туралы келгені айтылды. Аталған хабар жақында ғана, елдің қазіргі президент Шавкат Мирзияевтің туған күні – 24 шілдеде жұмысын бастаған, тәулік бойы ақпараттық-сараптамалық хабар тарататын “Өзбекстан 24″ телеарнасының “Таҳлилнома” бағдарламасының алғашқы санында көрсетілген. Шілденің 30-ы күні эфирден берілген телеабағдарламада Ислам Каримовтың аты-жөні аталмағанымен, оның тұсында жүргізілген саясат “кесек астында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: