|  | 

Жаңалықтар

Бішкек: Назарбаев өз үкіметіне шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сочи, 11 қазан 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сочи, 11 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды талқылады деп хабарлады Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Кездесу Ресейдің Сочи қаласында өткен Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында болған. Исаков Назарбаевқа шекарадағы жағдайды айтқан. Ол шекарадағы жағдайдың нашарлауынан қырғызстандықтар ғана емес, Қазақстан мен өзге елдің азаматтары да зардап шегетінін де айтқан.

Қырғызстан үкіметінің хабарауынша, келіссөзден соң Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке шекарада туындаған мәселелерді шешуді тапсырған.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадан өту 10 қазаннан қиындаған. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан шекарадан өту тәртібі мен тексеруді күшейткен. Бұның салдарынан шекарадан өту бекеттерінде кезек пайда болған.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Назарбаевтың Қырғызстан үкімет басшысымен кездескені немесе үкіметке шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырғаны туралы әзірге хабарламады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесті

    Мемлекет басшысы жобаға қатысушыларға әлемде болып жатқан өзгерістер жөнінде айтып, қазіргі жағдайларға бейімделу қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық өзгерістер дәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігін атап өтіп, оны іске асырудың аралық нәтижелеріне тоқталды. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жоба туралы айтып, бұл үрдістің басты мақсатын атап өтті. – Бүгінде ғылым және мәдениет туралы ақпараттың 70 пайызға жуығы ағылшын тілінде таралады. Біз үш тілде білім беруге көшетінімізді жарияладық. Жастарымыз қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Латын қарпіне көшу дамып келе жатқан ортақ ақпарат әлеміне енуімізге мүмкіндік береді, – деді Елбасы. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім» және «Туған жер» жобаларының іске асырылу барысына тоқталды. – Біз егер қазақ

  • Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

    Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қарулы күштерінің қазіргі жағдайы және министрліктің биылғы жұмыс жоспарының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді-деп хабарлайды Ақорда баспа-сөз қызметі. Қазақстан Президенті әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету шараларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізді. Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов Елбасыға жалдамалы тұрғын-үй мен тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің тетіктерін пайдалану арқылы әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешуге бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қазақстан армиясын материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау және 2017 жылы ел жастарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті

  • ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады

      ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. «ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды. Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды. Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын арада жоғары октанды бензинмен

  • Астанада Азиядағы Ядролық кооперация форумының 18-ші Кеңесі өтті

    11 қазанда Астанада 12 елдің ірі лауазымды тұлғаларының қатысуымен Азиядағы Ядролық кооперация форумының (FNCA) министрлер деңгейіндегі 18-ші кеңесі өтті. Екі жылда бір рет өтетін шарада «Қоршаған ортаны қорғау үшін ядролық ғылым мен технологияларды қолдану» тақырыбы қарастырылды. Қазақстан Республикасының энергетика Министрі Қанат Бозымбаев Кеңесті алғы сөзбен ашты. Кеңестің жоғары деңгейн атап өткен Қ.Бозымбаев Азия аймағының дамуы үшін оның маңыздылығына тоқталды. «Қазақстан Азиялық ядролық кооперация форумының құрамына 2010 жылдан бері мүше. Содан бері еліміз ұйым жұмысына белсене қатысып келеді. Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша әлемдегі қоғамдастықтармен әріптестік орнатуға мүдделіміз», деп атап көрсетті Қ.Бозымбаев. «Форумның қызметіне қатысу Қазақстанда ядролық медицина саласындағы жаңа әдістерді және ауыл шаруашылығына арналған жаңа материалдар өндірісін ілгерілетуге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: