|  | 

Тұлғалар

Өзі де «алтын адам» еді

Қазақ тілінде сөйлеуге еркіміз болмаған кезеңде Жазушылар одағы мен КазГУ-дың филология факультетіндегі қазақ тілінде сөйлейтіндер бақытты көрінетін. Көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішевті жете танымайтынмын. Бірақ сыртынан қатты сыйлайтынмын. «Алтын адамға» қатысты 30 жыл бойы үздіксіз айналысып жүріп ашқан жаңалығымды ең бірінші Тұрсынбек аға жүрген ортаға барып айтқым келді. Сөйтіп, кафедрасына бардым. Бұл 2003 жылдың ерте көктемі еді. Тұрсынбек аға әңгімемді бар пейілмен тыңдады да, «Сонша жыл бойы ешкімге айтпай, қалай жасырып келдің? Жария етіп, елді қуанту керек емес пе? Мұны енді халыққа тезірек жеткізу жағын ойластырайық», – деді. Осылайша Тұрсынбек Кәкішевтің алдынан қуанып шықтым. Көңілім көтеріліп үйге жеттім де, «Алтын адам» мәселесімен айналысатын комиссия құрып, оны үкіметке бекіттіру жағын ойластырдым. Құрамында еліміздің бірталай зиялы азаматтары, журналистер бар, 35 адамнан тұратын комиссия тізімін жасадым. Төрағасы Тұрсынбек Кәкішев екенін көрсетіп, парламентке, сол кездегі үкімет басшысы Даниал Ахметовке де «Алтын адамның» мәселесін айтып хат жаздық. Бірақ жауап болған жоқ.
«Алтын адамның» құпиясын ашуға мен физика маманы және соның ішінде радиацияның қатты денеге әсерін ұзақ зерттеген ғалым ретінде қызыға кіріскен едім. Жер бетіндегілерге осы кезге дейін белгісіз болып келген радиацияның шынайы болмысын осы «Алтын адам» жазуы арқылы ашуға болатын шығар деп үміттенгенмін. Ол үміт шынымен де ақталды. Бүкіл фундаменталды ғылым саласына «Алтын адамның» берері өте көп. Ол тіпті жерасты қазба байлықтары туралы да талай құпияны ашып тұр. Мұнай өңдеу зауытының «Алтын адам» «ұсынған» моделі бар. Сызба түрінде емес, сөзбен айтылған модель. Қағазға өзің түсіруің керек…
Металлургияның жер бетіндегі тұңғыш ошағы болған да осы қазақ жері екен. Оның экспонаттары да тиісті орында сақтаулы. Алтынның құпиясы – өзінше дара әңгіме… Отыз жыл бойы тозақ отына өз еркіммен түсіп, толассыз зерттеп ашқан «Алтын адам» құпиясы бүгінгі Қазақстанды бес құрлықтың алдында заңғар биікке бір-ақ шығаратындай. Осының бәрін жан-тәнімен сезінген жалғыз тұлға Тұрсынбек аға еді. Дархан көңіл тұлғаның «Алтын адам» жаңалығының елге жетіп, қуантқан күнін көрмей кеткеніне өкінемін.
Қазақстан бүкіл сала бойынша әлемді аузына қаратар держава болары сөзсіз. «Алтын адам» өзінің байлығымен осыған кепілдік беріп тұр. Фундаменталды ғылым саласынан лек-легімен ашылар таңғаларлық жаңалықтар тосып тұр. Тіпті шешілмеске айналған Арал мен Балқаштың мәселесі де «Алтын адамның» күміс зереншедегі жазуында бедерленген. Аралдың осындай күйге ұшырау себебін білгіңіз келсе, ағайын, күміс зереншедегі 26 таңбаның шифрын ашып, сонда көрсетілген сілтеме бойынша мәліметтер жинаңыз. Алайда «Алтын адамның», жер-жердегі сақ қорғандарының құпиясын ашатын оқымыстыны Еуропадан іздемеңіз. Қазақтың бұдан бес ғасыр бұрынғы тілін әлі ұмыта қоймаған қойшы баласынан іздеңіз. Сақ қорғаны атаулының барлық құпиясы біздің жерде сақтаулы. Жер бетіндегі географиялық атаулардың коды тек қана қазақ тілінде ашылады. Онда да дыбысталуы бұрмаланған бүгінгі емес, бұдан бес ғасыр ілгерідегі қазақ тілінде. Егер де біз қазақтың байырғы тілін білмесек, күміс зереншедегі жазудың шифрын аша алмас едік. Әрине, бұл жолда алуан түрлі математикалық операциялар қолданылды. Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» жазуын оқу үшін астрономиядан бастап, ғылыми-техникалық прогрестің бар жетістігінен түгелдей хабардар болуың керек.
«Алтын адамның» болашақ ұрпақ үшін сақтап келген қазынасы сан-салалы. Ең болмаса соның әдебиетке, музыкаға, сурет өнеріне қатыстысын ашайық. ҚазҰУ-дың филология факультетінде академик Тұрсынбек Кәкішев атындағы зерттеу орталығы құрылсын. Қабілетті жастарды ізденушілік жұмыспен қамтамасыз ету осыдан басталсын. Бұл іске студенттер қауымы да қызыға тартылар еді.
«Алтын адамның» өнер саласындағы туындылары жер бетінде шашылып жатыр. Соның бәрін біз өз жазуындағы тізімнен алып, атап береміз. Ал енді «Алтын адамның» фундаменталды ғылымдағы еңбектері мен газ, мұнай, көміртегіне байланысты мәліметтері жеке-жеке, дара күйде. Соның бәрімен айналысатын мамандар қажет. Біздің мемлекет адамзатты қызықтыратын ғылыми-техникалық прогрес ошағына айналғалы тұр. Бұған «Алтын адам» кепілдік береді.
Тұрсынбек аға осыны жанымен түсінген асыл жан еді. Академик Тұрсынбек Кәкішев атындағы, «Алтын адамды» зерттеу орталығын ғалым өзі қызмет еткен кафедра аясында ұйымдастырсақ дұрыс болар еді. Гуманитарлық салада қазақ ғалымдарынан асқан озық ойлыны басқа еш жерден таппайсыз. Бардың қадірін білейік, ағайын!

Мағрипа ЖЫЛҚЫБАЕВА, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

zhasalash.kz

Related Articles

  • Голощекинді құлақ-шекеден ұрған Жалау Мыңбайұлы туралы білесіз бе?

    Мемлекет қайраткері Жалау Мыңбайұлының туғанына 125 жыл 2016 жылдың қысында бірінші рет Маңғыстау жерінде болдым. Жалау Мыңбай ескерткішіне тағзым етіп, осы кісінің атындағы мектеп оқушыларымен жүздестім. Биыл күз мемлекет қайраткерінің туғанына 125 жыл толады, соны қалай лайықты етіп өткізуді жергілікті білікті азаматтар ойластыра бастапты. Маған қолқа салды. Каспиге бетімді жуып тұрып, Жалау өмір сүрген уақытқа іштей біраз ой жүгірттім. Большевиктерге тек партбилет шеңберінде қарамай Абай айтқан «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тұрғысынан да қарау керек-ау деген ұстаным безбеніне салып байқадым. Иә, ел азаматтары арасында ертеден түлеп, 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі кезінде бас көтерген, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Тәуелсіздік деген ұранға айналған Алаш идеясы ел билігін большевиктер заңсыз

  • Екі ғасыр сақталған батыр шапаны

    «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі», «Жеті атасын білмеген жетесіз»… Айтуға ғана оңай сөздер әрине. Қағыс естіген болып құлақпен тыңдаған адамға қазақтың көп мақалының бірі сияқтанғанымен, санаға сіңіріп мимен тыңдаған адамға бұдан артық ауыр, бұдан артық ашшы сөз жоқ. «Құлақпен емес мимен тыңда..»дейтін мұндайда қазақ сатирасының атасы Оспанхан Әубәкіров . «Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады» дейтіні бар, «жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін, руға бөлінген у ішіп өлсін» деген һаһарман атамыздың. Өз шыққантегін, өз әулетін білу кейінгі ұрпаққа ұғындыру, үйрету деген сөз ұлттық санадан рулық сананы жоғары қою деген сөз емес. Жаңағы жетесіз жетім атанбауы үшін. Ең маңыздысы тектілікті ту етіп, қан тазалғын сақтау үшін. Жеті атасын жетік меңгерген жеткіншек жар таңдағанда жаза

  • Мүсірепов бағалауындағы Мағауин

    «Бұл Мұхтар туралы бірінші айтпағым — оның жастар қатарында саналатын кезеңі бұдан едәуір жыл бұрын өтіп кеткен екен. Біздің сыншылар ол жайды кезінде-ақ көрген болар, мен өзім кешірек көріп қалдым. Оның алпысыншы, жетпісініші жылдары жазған әңгіме, повестері қалам ұшы өткір, әр сөздің ішкі-тысқы ен таңбасын, қат-қабат сыры барын сол кезде-ақ танытыпты. Мұхтар Мағауиннің сол тұста жазған “Әйел махаббаты”, “Күтпеген кездесу” сияқты әңгімелерін, “Қара қыз” сияқты повесін оқыған сыншы, не болмаса замандас достары сол күні-ақ авторды құшақтап құттықтаған шығар деп ойлаймын. Өз басым сол достар қуанышының ішінде болмағанымды өкініш еткендеймін. Пендешілік тағы… Мұхтар Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ меңгеріп

  • ҚАЛИХАНДЫ ЖАБЫЛЫП ҰРЫП, ҚАБЫРҒАСЫН СЫНДЫРҒАН ОРЫСТАРДЫ ОЛЖАС ИТШЕ ТЕПКІЛЕГЕН ЕКЕН…

    Олжас Сүлейменовтің найзағай намысты азамат екенін көпшілік біледі. Ол шығармашылығы мен ғылыми зерттеушілік жолында түркі нәсілінің орны әмәнда төрде екенін дәлелдей білді. Замандастарына, бауырларына жасаған қамқорлығы, жомарттығы мен намысын жыртуы да талай әңгіменің жүгі. Сондай оқиғаның бірін қазына тілді қаламгер, әйгілі драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалихан Ысқақ “Келмес күндер елесі” роман-эссесінде былай суреттейді. Ол кезде жазушы Мәскеуде әдебиет институтында бір топ қазақ қаламгерлерімен қатар оқып жатса керек. “Бір күні кешқұрым бөлмеме суретші Ыдырыс Қарсақбаев кіріп келді. Бір көзі шодырайып ісіп кеткен. Келіншегі Сара лағман созып, мені шақырып кел деп жұмсап жіберсе керек. Литинститутта оқитын ақынсүрей Предреев, Иванов бастаған бес жігіт баспалдақта кездесіпті де темекі сұрапты. Ыдырыс шылым шекпейтін. Жөнін айтса,

  • Сексен жыл бұрын шабылған бәйтеректер

    Былтыр және биыл «үлкен террор» деп атаған қанды саяси қуғын- сүргіндерге 80 жыл толады. Сонымен қатар, Алаш үкіметінің құруына, Алаш мемлекетінің туының көтеруіне де, Қазан төңкерісі мен кеңес үкіметінің орналастыруына да бір ғасыр толды. Сталиндік қызыл террор Алаш зиялыларын да, кеңес үкіметті орналастырғандарды да аяған жоқ. Екі-үш жылдың ішінде қазақтан шыққан білгендер қызыл қырғынға ұшырды, көбісі атылды, атылмағандары абақтыда, лагерьде темір тордың ар жағында азап тартып дүниеден өтті. «37-ші жыл» деген сөз саяси қуғын-сүргіндерді білдіретін қанатты сөзіне айналып кетті. Шынымен, Шәкәрімдей, Жүсіпбек Аймауытовтай Алаш азаматтары одан жеті бұрын атылса дағы, Жақып Ақпаев абақты мен айдаудардан кешіп ауру халде қайтып дүниеден озса, Алаш көсемі ақын Міржақып Дулатов 1935 жылы лагерьде қайтыс

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: