|  | 

Саясат

Қытайда қазақтардың құқығы бұзылуы жайындағы Төтенше жəне өкілетті елші Чжан Хуаньхуэй жауабы.

Анар Төлеуханқызы

Бүгін “Бейжің сарайы” отеліндегі болған кездесуде Қытайдың еліміздегі Төтенше жəне өкілетті елшісіне: “Сіздің елдегі теңізі бар дамыған Шығыстан гөрі бізге географиялық тұрғыда сіздің елдің батысы жақын, ал жуңго жұртында Батыс өңірді дамытуға көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын Сычуань провинциясына барғанда көрдік. Осы ретте Шыңжаңды дамытуда қандай бағыттар барлығын жəне ондағы қазақтардың құқығы бұзылуда деген ақпарат жайында не айтар едіңіз?” деген сауал қойдым. Жəне бұл бүкіл кездесу барысында жалғыз ғана мемтілде қойылған сауал болды. Алдында елшілік қызметкерлері сауалдарыңызды орыс тілінде қойсаңыз, деп өтініш айтқан. Сонда тек қазақша қоямын дегенімде онда алдын ала сұрағыңызды бізге берсеңіз аударуға жеңіл болсын деген. Туған тіл мəртебесі үшін солай жасап, сұрағымды жазып қыздарға бердім. Сонымен Елшінің жауабы.0-2-270x180
Ия шығыс аймағы батысқа қарағанда дамуы жоғары. Мемлекет батысқа өте көп көңіл бөліп, қаржы ағынын солай қарай бағыттауда. Жəне бəрінен де көбірек СҰАРға бөлуде. Соңғы уақытта СҰАР үшін көптеген маңызды жобалар атқарылды. Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына, денсаулық, білім салаларына қаржы көптеп бөлді. Қазақтардың шоғырланған өңірлері-Ертіс, Алтай мен Үрімші. Бұл жерлердің инфрақұрылымдары да, климаттық жағдайлары да біршама жақсы, мемлекет дамуына қаржы бөлуде. Ал қудалауға келсек XIX съезд қарсаңында СҰАР аймағында адамдарды тексеру қатты жүргізілді. Жəне тек қазақтар ғана емес ханзулар да, барлық өзге ұлт өкілдері де содан өтті. Қазаққа деген ешқандай жаман көзқарас жоқ. Бірақ тексереміз деп шамадан артық кетіп қалған жайттар болған. Жоғарыдан съезд ешбір у-шусыз өтетін болсын деп түскен нұсқауды орындаймыз деген құқық қорғау органдарының қызметкерлері шамадан тыс қимылдап, төмендегі жекелеген қызметкерлер ақылға сыймайтын шешімдерге барған. Тіпті Үрмшіге барып біздің елшіліктің дипломаттары қонақүйге орналаса алмады. Олардан куəлік сұраған, ал біздің қызметкерлерде тек диппаспорт қана бар. Сөйтіп Бейжіңнен хабарласып бұларың дұрыс емес дегенде барып орын берді. Кей қызметкерлердің миларының орнына бұлшық еттерін ғана қимылдатуының кесірі тиіп, адамдар құқығы бұзылған жайттар бар. Олар орнына келуде. Бейжіңге хабарланып, Үрімшідегі жоғары билікке жетіп оң шешімін табуда. Бұл мемлекет тарапынан жасалған саясат емес, жеке мемқызметкерлердің жөнсіз кеткен жүгенсіздігі.
Егер осындай факт тағы орын алса азаматтардың елшілікке келіп мəн-жайды айтуын сұраймын. Ондай ақпаратты саудаға салып желкілдету мəселені шешпейді, қайта екі ел арасында түсінбеушілік туғызуы мүмкін. Сондықтан жолсыздық орын алса хабарлассын, мен өзім араласатын боламын”, деп жауап берді Чжан Ханьхуэй.

Related Articles

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: