|  |  | 

Көз қарас Тарих

Бұл датада кие де, қасиет те жоқ.

0539A5AA-2880-4039-820E-4E21D52AA062_w650_r1_s100 жыл бұрын Еуропадағы классикалық марксшіл социализмнен ауытқып, лениншіл большевизм мен жаппай террор жолына түскен бір топ экстремист Бірінші дүниежүзілік соғыстың салмағы мен кедейліктің зарынан қажыған Ресей империясында әлеуметтік жеккөрушілікті әбден қоздатты. Ат үстіндегі көшпендісі модернизация, ауылшаруашылығына тәуелдісі индустриализация көшіне ілесе алмай алқынған қоғамдағы аш-жалаңаш ашулы тобырды мал біткен дәулетті адамдарға, жер иеленушілер мен өнеркәсіп қожайындарына айдап салды. Жекеменшік мүлікті еңбексіз тартып алу ерлікке, іскер топты істікке шаншып өлтіру ұлағатты іске, еркін ойлы адамды ессіз, я тыңшы деп жариялау нормаға айналды. Еуразияда дүние төңкеріліп түсті. 1991 жылдан бері есін жинағысы келіп қайта ырғалып жатыр. Әлі орнына келер емес. Бұл датада кие де, қасиет те жоқ. Адамзат тарихында оқтын-оқтын пайда болатын қан тілеуші, диктатура дәметуші қаскөй, қатыгез көп режимнің бірін еске салып тұрады. Бар болғаны – осы.

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Адвокат Құспан халықаралық қолдауды мақтады

    Қасым АМАНЖОЛ Адвокат Абзал Құспан (алдыңғы қатарда сол жақтан бірінші) Сайрагүл Сауытбайдың сотында отыр. Жаркент, 13 шілде 2018 жыл Азаттықтың тікелей трансляциясында көрермендер сұрақтарына жауап берген адвокат Абзал Құспан Қазақстаннан пана іздеуші Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайдың тамыздың 1-інде сот залынан босатылуына әсер еткен факторларды сипаттады. Панфилов аудандық соты Сауытбайды Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін алты айға шартты түрде соттап, шетке шығарудан бас тартқан. Азаттық: Заңдық тұрғыда Сайрагүл Сауытбайдың ісі шешілді ме? Шешімін тапты деп айта аламыз ба? Абзал Құспан: Толық шешілді деп айта алмаймыз. Назар аударған болсаңыздар, сот әдетте қарарды ғана оқып, толығын кейін беретін еді. Кеше судья басынан аяғына дейін сот үкімін оқып шықты. Сот үкімінде айтылған фактінің бәрі –

  • Қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін”

    Сайрагүл апайдың жеңісін шын жүректен құттықтаймын. Сот шешімінен кейінгі қуанышты бейнесін қайта қайта көріп қатты қуандым. Қуанбаған жұрт жоқ екен сол маңда. Сайрагүл апайдың бейнесіне қарап сан ойға баттым… Қытай қазақтарының мәселесі туралы осыған дейін де азаматтық пікірімді айтқамын, пост тұр. Менің жеке пікірімше қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін” деп дәуір бөлгіштік сипатқа өзгеруі мүмкін. Қазір, біздің жұрт тек ғана қуанышты құттықтап тойлаумен әбігер боллып жатыр екен бірақ мәселеге үлкен маштабтан қарап стратегиялық талдау сараптау жасау жағы жетпей тұр. Қытайдан заңсыз шекара бұзып өту оқиғасы Сайрагүлге дейін де болған (меніңше Сайрагүлден кейін де болады…), Сәбет-Қытай арасындағы қырғиқабақ кезінде қытайдағы Сәбетшіл қазақ ұлтшылдары мен жас зиялылардың біразы заңсыз

  • 1912-жылға дейін Қытай территориясы екі үлкен бөліке бөлінген.

    Eldeç Orda 1912-жылға дейін Қытай территориясы екі үлкен бөліке бөлінген. Бірі, Манжур үкіметіне шын тиесілі заңды территория. Екіншісі, Жанжур үкіметіне сырттай тиесілі баламалы территория. Заң бойынша бұл баламалы территория қалаған уақытында Манжур территориясынан шығып кете алады. Сіз мына картадан қытайға тиесілі яғни Цин мемлекетіне шын тиесілі территорияны нобайлап болсада анық көре аласыз. Бұл картадағы Тибет, Моңғол, Ұйғыр және Қазақ территориясының Цин-ге кірмеуінің себебі неде? Себебі мынау: Олар Цин қағанатына жылына бір рет сырттай салық төлемін өтеп тұрған, Цин үкіметі сырттай салық өтеуші елдің ішкі ісіне килікпеген, ішкі істері, ішкі мәселесі өз ырқында болған, Бірінің сыртқы-ішкі істерін Ресейдің Орынбор, Қазан, Ташкен шаһарлары шешсе, біріне Индиядағы Моғол және алыстағы Осыманлы билігі араласып

  • «Гитлер 45-ші жылы өлмепті. Ол 83 жас жасаған» – құпия деректер не дейді?  

    Дель Пьеро Әр ғасырдың белгілі тұлғалары болады. Ол адам қанын суша ағызған жендет пе, әлде ғажайып дарынымен әлемге танылған өнер адамы ма, мәселе онда емес. Бастысы, артында ертегіге бергісіз аңыздың қалғанында. Соның бірі Адольф Гитлер. Бүгінгі күнге дейін құпиясы ашылмаған дүние ол – Екінші дүниежүзілік соғысты ашқан, «бүкіл әлемді табаныма салып таптасам» деп армандаған, қанды қырғында 50 миллионға тарта адамның опат болуына себепші болған Адольф Гитлердің мүрдесі. 1945 жылы Кеңес әскері неміс жерінің басым бөлігін жаулап алып, бас қала Берлинді қоршауға алған тұста, масқара болып қолға түспес үшін Гитлер өзін-өзі өлтіруге бел-буғаны белгілі. Әйелі Ева Браунмен қатар сүйікті итін қоса өлтірткен. Орыс әскері оның жасырынған бункерінің маңынан өртенген қос мүрдені

  • Қадуан мен Сунь Мэилин

                  1944-жылы Шың Шысайдың онбір жылдық уақытша үкіметі құлады. Көп аялдамай Шың ішкі қытайға жөткеліп кетті. Шығыс Қазақияның тарихында бұрын соңды болмаған тарихи өзгеріс дәл сол тұста бірінен соң бірі орын алып жатты. Суреттегі ақ шылауышты кісі- Қадуан Мамырбекқызы. Көгедай Хан Ордасының соңғы хандарының бірі Әлен Уаңның зайыбы. Қасындағы кісі атақты саясаткер, дипломат Сунь Мэилин. Ол қытай президенті Жаң Қайшының зайыбы. Заманында Америкадан білім алған, өте сауатты, мәдениетті тұлға. 1944-жылы Нан Киннен Үрімжіге ұшып келіп түрмедегі қазақтарды босатып, шет қиырға босқан қазақтарды елге оралту мәселесін қолдап арнайы комиссия құрған және оншақты қазаққа жоғары лауазымды орын тағайындап жұмысқа сайлап кетеді. 1946-жылы қазақтар Нан Киндегі ұлттық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: