|  | 

Көз қарас

ҮШ “МӘҢГІ”

Shanghai, China, Wednesday, May 21, 2014. (ITAR-TASS Photo/Mikhail Metzel)

Қытай өзгерді. Коммунистік партия диктатурасынан гөрі авторитарлық президент билігін жөн көрді. Жексенбі күні Си Цзиньпин “мәңгі басшы” болып бекітілді. Енді наурыздың 18-інде Ресей бейресми “мәңгі президентін” қайта “сайлап” алмақшы. Сөйтіп, “Мәңгі елдің” қос көршісі “Мәңгі авторитаризм” режимдерін заңдастырып жатыр. “Мәңгі” деп айтқан сайын Тарих Ата мырс ете қалатын болар. Бірақ ғұмыры шектеулі, ары кетсе бір ғасырдай уақыт ішінде, осы шақта арқандаулы күйі айналып жүрген көптеген замандастарымның күлуге зауқы жоқ.

P.S. Еуразия Одағы мен Шанхай ұйымын қойып, “Үш Мәңгі” деген жаңа саяси бірлестік құрып алуды ұсынам 

 

Galym BokashТЫҢ парақшасынан алынды

Related Articles

  • “Назарбаев 2020 жылы сайлауға түседі деп ойламаймын”

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлыбританиялық ВВС телеарнасының Hard Talk бағдарламасына сұхбат беріп, Назарбаевтың билігі және елдегі жемқорлықпен күрес туралы айтты. Сұхбат 20 маусымда ВВС News телеарнасына және BBC радиосына шықты. “Назарбаевтың билікте ұзақ отыруы – тұрақтылықтың белгісі. 2020 жылға дейін билікте болады. Кейін сайлауға түсем десе өзіне байланысты” деді Тоқаев сұхбатында. Осы сәтте хабар жүргізушісі Стивен Сакур “Егер менің математикалық есебім дұрыс болса, 2020 жылы Назарбаев 80 жасқа толады ғой?” деп сұрады. Бұл сұраққа Тоқаев “Иә, Иә. Малайзияда 92 жасқа толған Махатхир Мохамад премьер-министр болды ғой. Ашығын айтқанда, 2020 жылы Назарбаев президент сайлауына түседі деп ойламаймын. Ол өте ақылды адам. Мүмкін 2020 жылғы сайлау басқа кандидаттармен өтер. Сайлауға

  • Жүрегіңізден айналдым, Иманғали аға!

    Қазақстанның Ресейдегі Өкілетті елшісі, алаштың жүректі ұлы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Ресейде өтіп жатқан футбол чемпионатындағы Ресей мен Египет арасындағы кездесуде қай елге жанкүйер болатынын айтты, – деп хабарлайды Абай-ақпарат.  Имекең – өзі Елші болып жүрген һәм әлемдік доданы дүркіретіп өткізіп жатқан Ресейге жанкүйер болмайды. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де Имекең – Египеттің ұлттық футбол құрамасының фанаты. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов “Футболдан әлем чемпионатында кімнің жанкүйері боласыз?” деген сұраққа жарысқа қатысушылардың бәріне құрметпен қарай отырып, египеттіктердің жанкүйері болатынын, өйткені бұл чемпианаттағы Египет қандық тұрғыдан, тарихы мен рухы һәм діні жағынан бізге жақын ел екенін айтып, Мысыр халифаттығын ұзақ жыл уысында ұстап гүлдендіріп, “Жүректердің әміршісі” атанған Сұлтан Бейбарыстың біздің бабамыз екенін еске

  • Ақыш бізге үлгі емес…

    Ақыш бізге үлгі емес, онда қару-жарақ сататын 65,000 дүкен бар, осысын да үлгі алуымыз керек пе?!? Ақыш стандард емес, ол өзінің парадокстары мен әлеуметтік апаттарын өзіне сақтап қалсын. Халқының 10%-сауатсыз, бұл 30 млн адам деген сөз. Ақыш түрмелерінде 3 млн қылмыскер жатыр, бұл әлемдегі ең үлкен көрсеткіш, федералды бюджеттен жылына 80 млрд доллар осы түрмелерді ұстауға жұмсалады екен. Жылына 17,000 Ақыш азаматы бейтаныс адамдардың атқан оғынан өліп жатыр. 70 млн Ақыш азаматы əлеуметтік арнаулы жəрдемақымен өлместің күнін кешіп жатыр. 24 млн адам наркоман! Ақыштың білім беру жүйесінің сапасы әлем бойынша 37-ші орында, айта берсек көп нәрсе бар. Ал Осындай елде өтірік шіркеу мен жалған діннің көп болуы еш таңғаларлық нәрсе

  • Қытайдың әкімшілік территория реформасы

    Алдағы уақытта қытайды өте күрделі реформалар күтіп тұр. Соның бірі, қытайдың әкімшілік территория (құрылым) реформасы. Яғни, келешекте қытайдың ішкі әкімшілік аумағында зор өзгерістер болады. Бұл қытайда 40 жылдан бері талқыға түсіп жауыр болған тақырып. Естеріңізде болса бұл темені (теама) екі үш жылдың алдында осы парақшамда көтергемін. Қытай ұлтшылдары мен демократтарының әкімшілік құрлымға түбегейлі реформа жасап бірқанша жоба, ұсыныс тастағанын қарапайым жұрт білмейді. Сол сыбыстың негізінде қытай әлемі бірқанша үлгі-жобасын интернет парақшаларына шығарып ашық қоғамдық талқыға салған. Сіз, олардың әкімшілік құрлым реформасына қарап отырсаңыз қазіргі Шыңжаң регионын үшке немесе екі бөлекке бөліп тастағанын көресіз. Енді осы туралы айтайық. Осындан шамасы он жыл бұрын қытайдың ұлтшыл зиялылары ұлттық конгрес пен орталық партия комитетіне

  • қытай мен Қазақстан арасындағы үңірейіп тұрған бостықты Қазақ бизнесмендері монополдап алуы керек

    Қытай орталық азия мен Түркия базарына ендеп кіру үшін Шыңжаңдағы ұйғыр бауырларымыздың орта және шығын бизнесіне миллиондап қаржы ажыратты. Соның арқасында 1991-жылдан бастап Ұйғыр бизнесмендері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай дүр ете түсті. Оған бір жағы қытайдағы әлеуметтік, экономикалық жаңа реформалар бап болды. Қысқа уақыт ішінде Ұйғыр бауырларымыздың орта және шығын бизнесі қарыштап дамып шағын монополданған ұлттық компаниялар бой көтере бастады. Қытай сыртқы экономика мен сауда-бизнесте Ұйғыр бауырларымызды алдыға сап қойып перде артында өздері тұрып алыс-жақын көрші елдердің базар нарығына Ұйғыр кәсіпкерлері арқылы монополия саясатын жүргізе бастаған еді. Таяу бір екі жылдан бері Шыңжаңдағы саяси тұрақсыздыққа байланысты, қытайдың бұл стратегиялық саясаты уақытша тоқырап туралап қалды. Ұйғыр бизнесмен, кәсіпкерлерінің десі басылып, өңірдегі сауда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: