|  | 

Саясат

СІМ: “Визасыз режим – тәуелсіз елдің құқығы”

Әнуар Жайнақов, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Әнуар Жайнақов, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.

Жұмада Қазақстан сыртқы істер министрлігі «шетелдіктерге визасыз режим енгізу – әрбір тәуелсіз елдің құқығы» екенін мәлімдеді. Кеше Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «АҚШ азаматтары үшін Қазақстанға визасыз режим мәселесі келісуді қажет еді» деген.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі «шетелдіктерге визасыз режим енгізу – кез-келген тәуелсіз елдің хақы» екенін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kzхабарлады. Министрліктің мұндай мәлімдеме жасауына бір күні бұрын Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтқан сөзі себеп болды. Лавров Қазақстанның АҚШ азаматтары үшін визасыз режим енгізуі «Еуразия экономика одағының аясында келісіп алуды қажет ететінін» айтып қалған.

Лавровтың сөзінше, Еуразия экономика одағының территориясында визасыз режим бар, сондықтан мұндай шешімдер өзара келісілуі қажет. Ресейдің сыртқы істер министрі бұл мәселені наурыздың 16-сы күні қазақстандық әріптесі Қайрат Абдрахмановпен талқылайтынын айтқан.

Жұма күні Астанаға Сирия келіссөзі аясында келген Лавров әріптесі Абдрахмановпен кездескенімен, дәл осы мәселені қозғағаны белгісіз. Азаттық тілшісіне екі ел министрілеріне сұрақ қоюға мүмкіндік берілмеді.

Сергей Лавров, Ресейдің сыртқы істер министрі

Сергей Лавров, Ресейдің сыртқы істер министрі

Алайда, кешкісін, бірқатар жергілікті БАҚ, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақовтың бұл мәселеге қатысты мәлімдемесін жариялады.

Жайнақов: «Еуразия экономика одағы саяси ұйым емес. Мемлекеттер одағы туралы келісім-шартты талқылау кезінде,мүше елдер оны саясиландырудан және одақтың өкілетіне ұлттық дербестікті қозғайтын мәселелерді қосудан саналы түрде бас тартты» деген.

СІМ өкілінің сөзінше, «Қазақстандық тарап виза режимін оңайлату халықаралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени- гуманитарлық байланысты қарқындатып, инвестицияның келуі мен туризмнің дамуына, халық арасындағы түрлі байланыстарды нығайтуға сеп болады деп санайды».

Бұрынғы дипломат, сарапшы Қазбек Бейсебаев виза мәселесі әр елдің ішкі жұмысы екенін айтады.

- Лавров қателескен болар, я оның қызметкерлері дұрыс ақпарат бермеген. Себебі Қазақстан тек Америкамен емес, [Еуразия экономика одағына кірмейтін] өзге бірнеше мемлекетпен визасыз режим орнатқан және ол бірнеше жыл бұрын болған. Оны Лавровтың білмеуі де мүмкін. Дегенмен кіммен визасыз режим орнатам десе де, ол – Қазақстанның өзінің ішкі шаруасы, – дейді Қазбек Бейсебаев.

Расул Жұмалы, саясаттанушы

Расул Жұмалы, саясаттанушы

Ал саясаттанушы Расул Жұмалының сөзінше, Лавров сияқты жоғары лауазымды дипломаттың қателесуі «кәсіби деңгейінің көрсеткішін» байқатады.

- Еуразия экономика одағының аясындағы мемлекеттерде өзара визасыз жүріп-тұру мәселесі қамтылған. Соны желеу етіп, Ресейдің сыртқы істер министрі өзінің лауазымынан тысқары мәселелерді көтеріп отырған сыңайлы. Бұл сол баяғы, постимпериялық, «Мәскеумен келісіп шешу керек» деген әрекет. Сол арқылы бәлкім, өздерінің маңызын көрсеткісі келеді. Сондай-ақ, бұл Ресейдің Қазақстанның басқа мемлекеттермен ынтымақтастығына, оның ішінде қазір Ресейдің Америкамен арасы салқындаған тұста біздің Америка және Батыс елдерімен қарым-қатынасымызға қызғанышпен және көре алмаушылықпен қарап отырғанының көрсеткіші, – дейді Расул Жұмалы.

2014 жылы Қазақстан үкіметі АҚШ бастаған 10 елдің азаматтары үшін 15 күндік визасыз сынақ режимін жариялаған еді. 2015 жылы бұл тізімге тағы 10 ел қосылған. 2017 жылғы желтоқсанның 31-інен бастап бұл сынақ режим тағы созылған. Қазір АҚШ азаматтары Қазақстан территориясында 30 күн визасыз жүріп-тұра алады. Бұған жауап ретінде АҚШ Қазақстан азаматтарына 10 жылдық іскерлік және туристік визалар бере бастаған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: