|  | 

Жаһан жаңалықтары

Мэттис: Асад режиміне әуе соққысымен белгі бердік

Сирия астанасы Дамаск. 14 сәуір 2018 жыл

Сирия астанасы Дамаск. 14 сәуір 2018 жыл

АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Сириядағы нысаналарға қарсы соққы Башар Асад режимін химиялық қару қолдану мүмкіндігінен айыруды және Сириядағы бейбіт тұрғындар арасында құрбан саны неғұрлым аз болуын көздеп жасалғаны туралы мәлімдеген.

Оның айтуынша, әуе шабуылы кезінде химиялық қару әзірлейтін зерттеу орталығы мен химиялық қару қоймасы нысанаға алынған. Пентагон басшысы Думада химиялық қару қолданғаны үшін Сирия билігі жауап беруі тиіс деп санайды.

АҚШ штаб басшыларының бірлескен комитетінің жетекшісі генерал Джозеф Дэнфорд Сирияға қарсы әуе шабуылының алғашқы кезеңі аяқталғаны туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Ұлыбритания және Франциямен бірлесіп”жоғары дәлдікпен” жасалған әуе шабуылы туралы Ресейге алдын ала ескертілмеген.

Министр Джеймс Мэттистің сөзінше,”бір жолғы” шабуылдың мақсаты – Башар Асад режиміне”күшті белгі” беру.

“Өткен жылы жасалған белгіні Асад режимі қабылдамады. Бұл жолы одақтастарымызбен бірге бұрынғыдан күшті соққы жасадық. Біз Асад пен оның қоластындағы кісі өлтірушілерге жауапкершілігін өздері көтеретін химиялық шабуылды қайталамауы үшін ескерту белгісін бердік”, – деген Пентагон

Жұма күні кешкісін АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияның Дума қаласында жақында жасалған ықтимал химиялық шабуылға байланысты президент Башар Асад үкіметі бақылауындағы нысандарды “жоғары дәлдікпен” зымыранмен атқылауға бұйрық бергені туралы жариялаған. Ақ үй басшысы Сирияға қарсы соққы беруді Ұлыбритания мен Франция қолдап отыр деп мәлімдеген. Трамп Думадағы химиялық шабуыл Сирияның химиялық қаруын жою туралы Ресейдің бұған дейін берген сөзінде тұрмауының кесірінен болды деп мәлімдеген.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ-тың қазіргі заман тарихында екі президент баптаған жалғыз америкалық әйел

    АҚШ-тың қазіргі заман тарихында екі президент баптаған жалғыз америкалық әйел, үлкен Буштың жары, кіші Буштың анасы, 17 немере, жеті шөбере сүйген Барбара Буш 92 жасында дүние салды. Бұл аяулы жанды Америка ерекше жақсы көрді. Елдің есінде қалған әр жылдары айтқан ұтқыр ойлары мен шынайы сөздері көп. Солардың төртеуін төменде тәржіме еттім: 1. Алғаш сүйіскен жігітіммен тұрмыс құрдым. Қазір осыны балаларыма айтсам, құсқылары келеді; 2. Күйеуіме “ЦРУ басқарғаның қалай болар екен, менің аузымда сөз тұрмайды ғой” дедім; 3. Баласының не бүлдіргісі келіп жүргенін анық білетін Америкадағы жалғыз шеше мен шығармын; 4. Басқа да білікті адамдар көп, президенттің Буш әулетінен шыға бергені жөн емес. Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды

  • Путин Асадты қорғамай неге бұғып қалды?

    Азаттық радиосы Солдан оңға қарай: Сирия президенті Башар Асад, Ресей президенті Владимир Путин және Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Хмеймим әскери базасында. Сирия. 11 желтоқсан, 2017 жыл. Сәуірдің 13-інен 14-іне қараған түні АҚШ, Ұлыбритания және Францияның қарулы күштері президент Башар Асад армиясының нысаналарына зымыранмен соққы беретіні туралы алдын ала Ресейге ескерткені белгілі. Алайда Ресей Таяу Шығыстағы негізгі одақтасына көмектескен де жоқ. Кремльдің бұрынғы мәлімдемелеріне, тіпті егер Батыс елдері Шығыс Ғутада химиялық қаруды ықтимал қолданғаны үшін Асад күштеріне шабуылдауды ұйғарса,  қарымтасы болады деген сесіне қарамастан көмектен тартына қалған қылығын қалай түсінуге болады? БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 14 сәуір күні кешке өткізген шұғыл жиынында Ресей ұсынған АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға соққысын айыптайтын қарар

  • Ким Чен Ын Пекинге құпия барып, Си Цзиньпинмен кездескен

    Оңтүстік Корея сарбазы теледидардан Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі жайлы хабарды көріп тұр. Сеул, 28 наурыз 2018 жыл. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пекинге құпия түрде барып, Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті деп хабарлады қытайлық және солтүстік кореялық БАҚ. Ким Чен Ын Пекинге 26 наурыз күні Си Цзиньпиннің шақыруымен барған. Ким Чен Ынның сапары туралы ол Пхеньянға қайтып кеткен соң – 28 наурызда хабарланды. Қытайлық Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын Қытай басшысына АҚШ-пен диалог орнатуға, президент Дональд Трамппен кездесуге және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға дайын екенін хабарлаған. Қытай басшысы Солтүстік Кореяның Корей түбегіндегі жағдайды “оңалту ұмтылысын” қолдаған. Америкалық БАҚ Ким Чен

  • АҚШ ресейлік 60 дипломатты еліне қайтармақ

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН U.S. — A moving truck enters the Russian Embassy in Washington, December 31, 2016 АҚШ Ұлыбританияда уланған бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальдың шуына жауап ретінде 60 ресейлік дипломатты еліне қайтарып, Сиэттлдегі Ресейдің Бас консулдығын жабу туралы шешім қабылдады. Ақ үйдің мәлімдеуінше, президент Дональд Трамп ондаған ресейлік барлау офицерін АҚШ-тан шығарып, Сиэттлдағы сүңгуір қайықтар базасы мен Boeing компаниясының штаб-пәтеріне жақын орналасқан ресейлік консулдықты жабу туралы тапсырма берген. Мәлімдемеде “бұл – АҚШ-тың НАТО-дағы және әлемдегі басқа да одақтастарымен бірге Ресейдің әскери саладағы химиялық қаруды Ұлыбритания территориясында қолданғанына жауап” деп көрсетілген. Бұған дейін Германия бұрынғы ГРУ офицері Сергей Скрипальдың улануына Мәскеудің қатысы бар деген күдікпен ресейлік төрт дипломатты еліне қайтару туралы шешім қабылдағаны

  • АҚШ: Ресейдің “жаңа ядролық қаруы” келісімді бұзады

    Хизер Нойерт, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы. АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейді халықаралық келісімдерді бұзып отыр деп айыптады. Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт Мәскеудің “10 жылдан астам уақыттан бері тұрақтылықты шайқалтатын қару-жарақ жасап, халықаралық міндеттемелерін бұзып отырғанын” мәлімдеді. Мұның алдында Ресей президенті Владимир Путин Федералдық кеңестегі жолдауында “жаңа ядролық қару-жарақ” туралы бейне ролик көрсеткен. Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрлігі Владимир Путиннің мәлімдемесіне таңғалмағанын хабарлаған. Пентагонның баспасөз хатшысы Дана Уайт АҚШ армиясы америкалықтарды кез-келген қауіптен қорғай алатынын айтқан. Ол АҚШ-тың Еуропадағы зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейге қарсы емес, керісінше Солтүстік Корея мен Ираннан қорғану үшін орнатылғанын айтады. Америкалық шенеуніктер Ресей АҚШ-қа шабуыл жасаған жағдайда “тегеурінді күшке” тап болатынын айтады. Вашингтон Путиннің жаңа

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: