АҚШ сенаты Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы директоры Майк Помпеоны мемлекеттік хатшы етіп бекітті.
Осыған дейінгі мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон отставкаға кеткен соң, оның орнына Майк Помпео ұсынылған. Бірақ демократ конгресмендер Помпеоның кандидатурасын оны АҚШ президенті Дональд Трамппен өте жақын қарым-қатынаста деп сынаған. Олардың дені бас дипломат еркін ойлы, тәуеллсіз адам болуы керек деп мәлімдеген. Трамптың өзі Помпеоны қызметке тағайындауда уақытты тым созып жіберді деп демократтарды айыптаған.
Помпео болса, Ресейге қатысты жұмсақ саясаттан бас тартып, Мәскеуге қарсы санкцияны кеңейту керек деген ұстанымда. Атап айтқанда, ол Ресей президенті Владимир Путин өз еліне алып держава мәртебесін қайтарғысы келеді деп біледі.
Майк Помпео Ресейдің АҚШ президенті сайлауына араасуын “демократиясы дамымаған елдерге авторитарлық басқару моделін таңғысы келгені” деп мәлімдеген.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру