|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫ ҚҰРАМЫНА КІРМЕЙ ҚАЛҒАН ҚАЗАҚ УАЛАЯТТАРЫ ТУРАЛЫ

Eldeç Orda суреті.

Қытай қазақтары ШУАР-дың бес үлкен аймағына шоғырлы қоныстанған. Жалпы, Шыңжаңда он ірі аймақ болса, соның бес үлкен аймағында Қазақтар жиы қоныстанған. Қазақтар қоныс тепкен бес үлкен аймақ мыналар: Іле, Тарбағатай, Алтай, Санжы және Құмыл.
Бұл бес аймақтың ішінде тек үшеуі (Іле, Тарбағатай, Алтай) ғана Қазақ автономиясының құрамына кіріп отыр. Қалған екі аймақ бөлініп, бөлшектеліп қазақ құрамына енбей қалды. Сонымен ШУАРдағы қазақтардың байырғы қонысы атанған Қазақ аймақтарына жеке жеке талдау жасаймыз.Eldeç Orda суреті.

1. Іле уалаяты (картадағы 1) жан саны ең тығыз өңір. Орталығы бұрын Күре қаласы еді, кейін Құлжа қаласы болды. 1871-жылы патшалық Ресей құрамына кіріп 1881-жылға дейін он жыл Жетісу, Алматы облысының бір бөлшегі болған. 1881′ден 1914-жылға дейін Шыңжаң өлкесі құрамына қарамай тіке орталық үкіметке әмкери губерния ретінде қарап тұрған. 1912-жылы Іленің Күре, Құлжа қалаларында азаматтық соғыс пен төңкеріс туылып Дихуа (Үрімжі) үкіметімен текетіресіп ақыры Пекиндегі Юуань Шикайдың тіке араласуымен соғыс тоқтап зорлықты күшпен Шыңжаң өлкелік үкіметке қаратылған (1914). 1944-жылғы Шыңжаң Өлкелік үкіметтің қорғаныс миністірлігі жағынан алынған сандық мәлімет бойынша, Іле уалаятында сол жылдары 210 мың 672 Қазақ, 76 мың 229 Ұйғыр, 27 мың 661 Қытай болған екен. Дәл қазіргі қытай коммунисттерінің сан айғақшылары (статикалық) Іле уалаятындағы Қазақтың ұзын санын 500 мыңның айналасында ғып көрсетіп жүр. Сонда 70 жылдан бері небәрі бір есе өскен бе? Сосын, Іле уалаяты мен Тарбағатай уалаяты арасын бөлу үшін арадағы Бұраталаны жеке автономиялы обьлс ғып шығарып Жың, Арасан аудандарының қазақтарын Іле уалаятынан ажыратып алып қояды. 1955-1962 жылдары Іле уалаятынан Қазақ сср-ға қоныс аударушылар өте көп болды. Әсіресе, 1962-жылы Іле уалаятының Қорғас ауданынан шекара асып арғы Қазақ сср-ға көшушілер тіптен көп болған. 2016-жылы Іле уалаятын аралап дерек жинап жүргенімде Қорғасқа қатысты деректі оқып таңқалдым, мысалы, 1962-жылға дейін Қорғаста қазақтың көптігі сонша *** деген бір ауылдың өзіндегі Қазақтың ұзын саны 30 мыңнан асқан, сол ауылдан 3000 оқушы бір уақытта мектепке барып тұрған, 1962-жылғы үркін көште ауыл Қазақсыз қаңғырап қалып, мектеп пен әкімшілік, бос үйлерді зорлықпен қоныстандырылған Ұйғырлар кеп иемденім кеткен. Соның өзінде Күнес, Нылқы, Текес, Өртекес(Моңғолкүре), Тоғызтарау, Шапшал, Құлжа, Қорғас қатарлы сегіз аудан Іле уалаятына тіке қарайды (бұрын 12 аудан еді). Бұның ішінде Қазақ ең көп аудан- Күнес. Шамамен 150 мың мен 200 мыңның арасында, қалғандары 70 мың мен 100 мың айналасы, Қазақ ең аз аудан- Құлжа (Құлжа қаласы емес, Құлжа ауданы) мен Қорғас, соның өзінде әрқайсында 50 мыңнан астам Қазақ бар.

2. Тарбағатай уалаяты (картадағы 2). Орталығы- Шәуешек қаласы. 1916- жылға дейін Іле әскери губерниясы арқылы орталық үкіметке тіке қарап тұрған. Алтайдағы Көгедай ордасы орталық билікке жылына төлейтін 81 ат сар ноқтаның салығының 41-ын Қобда арқылы өтеп тұрса, қалған 40-ын Тарбағатай амбаны мекемесі арқылы орталық Пекинге жөткеп тұрған. 1916′дан 1944-жылға дейін Тарбағатай уалаятында Сауан мен Шиху аудандары қарасты болмай келген. 1944-жылы Шарқи Түркістан үкіметі Сауан, Шиху аудандарын азат қылған соң оны Үрімжі уалаятынан бөліп ап Тарбағатай уалаятына қосқан. 1944-жылғы Шыңжаң Өлкелік қорғаныс миністірлігінің санағы бойынша Тарбағатай уалаятында 103 мың 180 Қазақ, 1 мың 15 (1015) Ұйғыр, 26 мың 299 Қытай болған. Бірақ, ескере кетіңіз бұл санаққа Сауан (Сандыққозы) мен Шиху (Қарасу) ауданының қазақтары кірмейді. 1955-1962 жылдары Тарбағатай уалаятының орталығы Шәуешек пен Шағантоғай ауданынан Қазақ сср-ға қоныс аударушылар саны ерепайсыз көп болды. 1962-жылдың сәуір айының 21-28 жұлдызы шекара небәрі бір ақ апта ашылып еді, 60 мыңнан астам Қазақтар Қазақ сср-ға өтіп кеткен. Сонымен Шәуешек қаласы мен Шағантоғайдың қазағы күрд азайып Дөрбілжін мен Толы ауданының қазақтарын бөліп көшіріп Шәуешек пен Шағантоғайдың жан санын толықтырған. Тарбағатайдағы Қазақ ең көп аудан Дөрбілжін мен Толы ауданы, әрқайсында 80 мың мен 100 мыңнан Қазақ тұрады, Қазақ ең аз аудан шекарадағы Шағантоғай ауданы, онда небәрі 17 мың мен 20 мыңның айналасында Қазақ тұрады. Тарбағатай уалаятына Шағантоғай, Толы, Дөрбілжін, Қобық, Сауан және Шиху қаласы қарайды. Кезінде Тарбағатай мен Алтай уалаятының арасын бөлуді жоспарлап Қобық ауданынан жеке автономия жасамақшы болған, бірақ іске аспай, қисынсыз болып Қобық аудан статусы күйінше қала береді.Eldeç Orda суреті.

3. Алтай уалаяты (картадағы 3). Орталығы- Алтай қаласы. 1920-жылға дейін Көгедай Ордасы деген атпен орталық Пекинге 130 жыл тіке қарап кейін зорлықты күшпен Шыңжаң өлкесі құрамына кірген. Алтай жеке хан ордасы ретінде Пекиннің басқаруына тіке қарап тұрған кезде Қазақтар “Төрт Би Төре Заңы” бойынша басқарылып тұрған. 1920-жылы Алтай ордасы Шыңжаңға қаратылған соң Алтай қазақтарының бағы тайды. 1920′дан 1951′ге дейін Алтай дүрбелең мен зобалаңнан көз ашпады. 1944-жылғы Шыңжаң Өлкелік қорғаныс миністірлігінің санағына Алтай қазақтарының жалпы саны енбей қалады, оның себебі Алтайда 1939-жылы ұлт азаттық көтеріліс туылады да, ол 1944′ке дейін тұтас Алтайды шарпып Алтайда әлеуметтіе жұмыс мүлдем тоқтайды. Соның өзінде 1944-жылғы санаққа Алтайдың батысындағы бір екі ауданның саны кіреді, онда 53 мың 352 Қазақ, 2 мың 961 Ұйғыр (2961), 2 мың 331 (2331) Қытай болған. Бұл Алтай уалаятының Жеменей, Қаба аудандарының саны, қалғандарын санауға ешқандай мұрсат болмаған. 1955-жылы Алтай қаласындағы Сәбет консулы жабылғанда бірен-саран Қазақтар ғана (мысалы, Мұсылманбек Төгісов, тб) Қазақ сср-ға көшіп өткен. 1962-жылғы шекара оқиғасында Алтайдан ел қозғалмаған. Қазір, Алтай уалаятына Шіңгіл, Көктоғай, Бұрылтоғай, Буыршын, Қаба, Жеменей аудандары қарайды.

4. Санжы обьлсы (картадағы 4). Орталығы- Санжы қаласы. Бұл обьлс таза Қазақ уалаяты саааналады. Қазақтар бұл өңірді Тәңіртау немесе Еренқабырға деп атайды. Ең өкініштісі, бұл өңірді Қазақ автономиясы құрамына қытай коммунисттері қоспай бөліп тастаған. 1954-55′жылдарға дейін Үрімжі уалаяты деп аталып орталығы Ди Хуа қаласы болды. Үрімжі уалаятына Мори, Шонжы, Жемсары, Мичуан, Бөкен (Фу каң), Құтыби, Манас, Санжы, Үрімжі сияқты Қазақ аудандары тіке қарап тұрған. 1954-жылы Қазақ автономиясын құру комитеті жер-су мәселесінде екіге бөлініп қиян кескі талас-тартыс жасайды, ақыр аяғы екіші пікірдегі коммунист мүшелерінің пікірі қуатталып Үрімжі уалаятындағы Қазақ аудардары Қазақ автономиямы құрамына енбей қалады. Сонымен сол жылы бұл уалаяттың аты өзгеріп Санжы Дұңған Обьлсы болып құрылады. Не үшін Дұңған деп атаған деуіңіз мүмкін, дұңғандар Санжы қала маңында шоғырлы қоныстанғандықтан оларды сылтау етіп коммунисттер Дұңған обьлсын қолдан жасап Қазақ аудандарын соған қаратып қояды. 1962-жылы Үрімжі қаласы (бұрынғы Дихуа қаласы) Санжы Дұңған обьлсынан бөлініп жеке қала боп құрылады. 1944-жылғы Шыңжаң Өлкелік үкіметтің қорғаныс миністірлігі жағынан жасалған санақ бойынша сол кездегі Үрімжі уалаятында 150 шамасында Қазақ болған екен. Айтпақшы, Қазақтан шыққан Қадуан Мамырбекқызы осы Үрімжі уалаятының уәлиі (әкімі) қосымша қорғаныс төрайымы болған. Осы тұста Үрімжі уалаятының әр қайсы Қазақ аудандарының әкімдері дерліктей қазақтан сайланған. 1955-жылдан бері бұл өңірдегі Қазақтар обьлс атауын “Қазақ-Дұңған” обьлсы деп өзгертуге күресіп келеді, бірақ оны тыңдайтын коммунисттердің құлағы болмады. Бұл уалаяттың не үшін Қазақ автономиясы құрамына кірмей қалғанын бір күні егжей тегжейлі баяндап сараптап берейін.

Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.

5. Құмыл уалаяты (картадағы 5). Уалаят орталығы- Құмыл қаласы. Қазақтар Баркөл мен Аратүрік екі ауданға шоғырлы қоныстанған. Құмыл қаласы мен Баркөл, Аратүрік екеуінің арасын алып Тәңір тауы қия бөліп жатыр. Құмыл қаласында жиырма мыңға жуық Қазақтар тұрады, қала маңында таза Қазақтар тұратын ауыл мен елді-мекендер көп (қыстаулық, көктеулік). 2016-жылы дерек жинау бабымен Құмыл қаласында апталап аялдап қаладағы Қазақ мектептерін араладым (шағын лекция да жасадым). Құмыл уалаятындағы Қазақтар ең шоғырлы қоныстанған Баркөл мен Аратүрік қазақтарының тарихи тағдыры өте аянышты. 1954-жылы Қазақ автономиясы құрылатын кезде Үрімжі уалаятына қарап келген Тұрпан, Пішән мен Тоқсұн аудандары бөлініп жеке уалаят болады да, Құмыл уалаятындағы Баркөл, Аратүрік қазақ аудандары Санжы қазақтары сияқты Қазақ автономиясы құрымына мүлдем қосылмай қалады. Қазір бұл Құмыл уалаятының Қазақтары 100 мыңға таяп жығылады. Қазір уалаят құрамында Баркөл, Аратүрік екі аудан бар.

Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.

Сонымен, қытай Қазақтары осы бес үлкен уалаят обьлсқа шоғырлы қоныс тепкен. Әрқайсы өңірдің өз қилы тарихы тағы бар. Оны алдағы уақытта бүге шігесіне дейін талдап түсіндіретін боламыз.

Eldeç Orda

Related Articles

  • Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл

    Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл

    Бүгін Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл толып отыр. Құжаттарды оқысақ, Хрущев Қырымды Украинаға берген соң республикалардың аймақтарын басқаша бөлмек болған екен. Қазақстанда целинный край құрып, елдің оңтүстік бөлігін көрші елдерге беруге үзілді-кесілді қарсы болған. Бұл мәселенің тіпті қарастырылуына қарсы шыққан. Кейін осы ұстанымы үшін қызметі төмендетілді. Министрлер кабинетінің төрағасы қызметінде Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаевты Ұлы Отан соғысының батыры атағына бірнеше рет ұсыныпты. С.Нұрмағамбетовке көмектесіпті. 1960ж 212 пәтерлі үйді қазақ өнерінің майталмандарына бергізіпті. 1955ж Қытайдан оралған 100 отбасы далада қалғанда олардың мәселесін шешу үшін үкіметтен арнайы комиссия құруды сұраған екен. Елге қызмет еткен азамат қой. p.s. мұндай принципшілдік – бүгінде сирек кездесетін қасиет. Nurmukhamed Baigarayev

  • НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    Ашық дереккөздерден 1920 жылғы 20 наурызда Ташкентте Тұрар Рысқұлов қол қойған Наурызды атап өту туралы бұйрыққа көзім түсті. Демек, биыл бұл тарихи құжатқа – 105 жыл! Алайда, арада небәрі алты жыл өткен соң 1926 жылы Наурызға тыйым салынды. Ал, 1920 жылы Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың тағдыры қандай қайғымен аяқталғаны баршамызға мәлім. Оны “халық жауы” деп танып, 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына кескен… Нашел вот такой документ в открытых источниках: Приказ, изданный в Ташкенте Тураром Рыскуловым от 20 марта 1920 года о праздновании Наурыза. Получается, в этом году этому историческому документу исполнилось 105 лет! В 1926 году Наурыз оказался под запретом. А

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ