|  | 

Жаңалықтар

Қытай әскери техникасын Қазақстан арқылы Ресейге әкетіп барады

Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі ел аумағы арқылы Қытай әскери техникалары Ресей полигонында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің терроризмге қарсы жаттығуына қатысуға бара жатқанын хабарлады.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында Қытай әскери техникалары Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты арқылы Ресейдің Челябинск облысындағы Чебаркуль полигонына кетіп бара жатқаны айтылады. Ресми ақпаратта Қытай әскери техникаларын “Шығыс” аймақтық қолбасшылығы қарауылмен алып жүретіні айтылған.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, “Бейбіт миссия” деп аталатын жаттығуға ШЫҰ елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Үндістанның үш мыңнан астам әскери қызметкері мен 500-ден астам қару-жарақ және техника қатысады.

Қазақстан қорғаныс министрлігі сонымен қатар Қазақстан қарулы күштерінің әскери эшелондары жаттығуға 18 тамыз күні аттанатынын хабарлады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • Грант 2019: Білім гранты иегерлерінің тізімі

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу үшін білім беру гранттарын беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 341 бұйрығына сәйкес білім беру гранттары иегерлерінің тізімін ұсынады. 1_Гранттар_(негізгі)_қаз 2_Жетімдер_(негізгі)_қаз 3_Мүгедек_(негізгі)_қаз 4_Әскери_(негізгі)_қаз 5_Диаспора_(негізгі)_қаз 6_Серпiн_(негізгі)_қаз egemen.kz

  • Тоқаев: Билік халықтың талабын естіді, жұмыс істейміз

    Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау күні дауыс берген сәт. Нұр-Сұлтан, 9 маусым 2019 жыл. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеарнасына берген сұхбатында елдегі митингілер мен халықтың талабы жайлы айтты. Оның сөзінше, билік наразылыққа шыққандардың талабына қатысты жұмыс жасап жатыр. “Наразылар әлеуметтік мәселелер бойынша талаптар қойды. Мәселелер барын жоққа шығармаймын. Халық кедейленді. Олар биліктен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді талап етеді. Билік естіді. Жұмыс істейміз” деді ол. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сайлау әділ өтті деп санайды. “Әрине, олар (сайлау әділ емес деп наразылыққа шыққандар – ред.) босатылады. Олар сайлау әділ өтпеді деп ойлайды. Ал менің ойымша, сайлау жалпы әділ өтті” деді Қазақстан президенті телеарнаға. Тоқаев Euronews арнасына берген сұхбатында митинг кезінде кездейсоқ ұсталғандардан кешірім сұрады. Қазақстан басшысы ұсталғандар

  • БАҚ: Қытайтанушы Сыроежкин ұсталды, оны “тыңшылық” бойынша айыптауы мүмкін

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ Қытайтанушы Константин Сыроежкин. Сурет kisi.kz сайтынан алынған. “Центр Азия” сайтына сілтеме жасаған қазақстандық бірқатар БАҚ Қазақстанның арнайы қызмет өкілдерінің Ресей азаматы, елде қытайтанушы ретінде белгілі Константин Сыроежкиннің ұсталғанын хабарлады. “Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу кезеңіндегі Қазақстанның сыртқы саясаты” тақырыбындағы докторлық диссертациясының басты ғылыми кеңесшісі болған. Докторлық диссертацияны қорғау рәсімі 4.06.2001 жылы Ресей Федерациясының өзекті және халықаралық мәселелер институтында Мәскеуде өтті” деп жазды сайт. Расталмаған дерек бойынша, Константин Сыроежкин “тыңшылық” бабы бойынша күдікке ілініп отыр. Алайда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) бұған байланысты баспасөз мәлімдемесін таратқан жоқ. Азаттық тілшісі ҰҚК-нің орталық аппаратына, соның ішінде баспасөз қызметіне де хабарласуға тырысқанмен жауап ала алмады. ҰҚК орталық аппаратының кезекшісі бұған

  • “Ұлт тағдыры” қозғалысы Әміржан Қосановты президенттікке кандидат ретінде ұсынды

    Әміржан Қосанов “Ұлт тағдыры” қозғалысының жиынында. Алматы, 26 сәуір 2019 жыл.  “Ұлт тағдыры” қозғалысы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Әміржан Қосановты кандидат ретінде ұсынды. Бұл шешім қозғалыстың 26 сәуірде Алматыда өткен жиынында қабылданды. Қосанов президент болса “елдегі экономикалық мәселелерді шешетінін, партияларды тіркеу жолын жеңілдететінін, парламент сайлауына барлық партиялардың қатысуына мүмкіндік жасайтынын” айтты. Қосанов Орталық сайлау комиссиясы кандидатурасын тіркесе, сайлауда негізгі қарсыласы “Нұр Отан” партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев болатынын жеткізді. “Тоқаевтың әкімшілік ресурсы мықты. Бірақ менің артымда халық тұр. Теледебатқа да дайынмын” деді ол. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Ерте сайлауға кандидаттар ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады. Қазірге дейін саяси партиялар

  • Алматыда Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі қамауға алынды

      Алматыда марафон кезінде ұсталғандардың қатарында белгілі Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі болған.   Әсия Төлесова – 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы репрессияның құрбандары болған ұлы ақын Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі. Ілияс Жансүгіровтың қызы Ильфа Жансүгірова мен Ораз Жандосовтың ұлы Санжар Жандосов ерлі-зайыпты болған. Әсия Төлешова оларға немере, тиісінше Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовқа шөбере болып келеді. Ильфа мен Санжардың қызы Жанар Жандосова – Әсияның анасы.   Ильфа Жансүгірованың Facebook парақшасында немересіне қолдау көрсеткен жазба пайда болды.     “Қымбатты, Асенька! Ешнәрсеге қарамай мықты бол! Саған сабырлылық пен бастысы денсаулық тілеймін. Сені жақсы көреміз және түсінеміз! Сенің әжең Ильфа Ілиясқызы Жансүгірова-Жандосова. 21 сәуір 2019 жыл. Алматы”, –

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: