|  | 

Суреттер сөйлейді

Шыңжаңды Таныстыру

47355515_1249657935197791_2677080032156844032_n“Шыңжаңды Таныстыру” (新疆介绍) атты бұл кітап 1949-жылдың қазан айында жарық көрген екен. Кітапта Қазақтар мен Моңғолдарды баса таныстыруға мән беріпті. Кітапта Қазақтарды арнайы суретімен (атқа мінген, тымақ киген) беруін мен мынадай жағынан түсіндіремін:

Бірінші себеп, қазақтардың қолында жаппай дерлік қару болды; Мысалы, 1944-45 жж Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметіне қарасты 30 мыңнан астам Ұлттық Армияның кемінде 90 пайызы Қазақтарды құрады. Қазақ әскерлерін Қазақ ССР-дан құпия келген екінші дүние жүзілік майданда соғыс көрген офицерлер мен әскери мамандар арнайы әскери жаттығудан өткізген. Манас өзеніндегі келсімшарттан соң жүзден астам әскери мамандар Қазақ ССР-ға қайтып кетті. 47508840_1249658031864448_2997245384234893312_n

Екіншісі, 1944-жылы Құлжада Шарқи Түркістан үкіметі мен Ұлттық Армия құрылған соң уақытша үкімет құрамына кірмей қалған Қазақ уалаяты Нан Кин үкіметінің қорғаныс министірлігінен арнайы қаулы шығартып Тиян Шань баурайындағы тоғыз Қазақ аудан-окургі дербес Қазақ Полкьн құрады және Қазақ полкьнің Манас, Құтыби, Санжы, Ми Чуань, Бөкен (Фукаң), Жемсары, Шонжы, Мори қатарлы қазақ аудандарында әскери бөлімшелерін ашады. Қазақ Полкьне Нан Кинде (南京), Лань Жоуда (兰州) және Диxуа (Үрімжі) офицерлер колледжінде әскери, саяси білім алған жас қазақ мамандарын қояды. Бұл Полкьті Нан Киндегі қорғаныс миністірлігі қаржыландырады. Әскер құрамында мыңдаған қазақ жастары әскери қатаң тәлім алды. Өкініштісі, бұрынғы Әліп, Елісқан елі Баркөл, Құмыл өңірінің қазақтары Тибет асып кеткендіктен ол өңірлерде әскери қуат күштер белсенді болмады. Бұл қарулы әскерлер Құлжадағы Ұлттық Армиядан бөлек-ті. Біз осы күнге дейін Құлжадағы уақытша үкімет құрамындағы Қазақтар туралы айтып келдік де Тиян Шань өңіріндегі Қазақтың дербес полкь туралы аса көп мән бере алмай келдік.

Үшіншісі, Қазақтар 1939-жылдан бастап ұлт-азаттық көтеріліске кіріскендіктен, олардың қан майдандағы ОН ЖЫЛДЫҚ әскери тажірибесі барды. Он жыл бойы ат үстінде мылтық асынып, түйенің өркешін жастанып отшашар (Пулемет) шақылдатқандықтан әскери тактикасы біршама жоғары еді. Тіпті оқты үнемдеу үшін қатар келе қалған екі жауды бір оқпен атып үлгіретін. Бұның барлығы ОН ЖЫЛ бойы толассыз қан кешкен тағдырдың өзі силаған ерлік пен өнер-ді. Жоғардағы кітапта бұл фактілер ескерілгені дұйым жұртқа жасырын емес. 47166612_1249657998531118_4616974488968364032_n

Ұзын сөздің қысқасы 1949-жылы Қытай Шыңжаң өңірінде 500 мыңнан астам қазақтар өмір сүрді, оның 50 мыңдайы қолына қару алып ат үстінде соғыса алатын дайын тұрған әскер-ді. Және олардың қолындағы қару Советтің Еуропа майданынан қайтқан озық қарулары еді. Кей қарулар Нан Кин үкіметіне Ақш-тан енгізілді. Осыншама қарулы қазақтың ара-жігін ашу үшін xалықаралық ұйымдар ат төбеліндей аз қазақты күрделі саяси таңдау жасатып қысқа уақыттың ішінде жік-жікке бөлді. Соның кесірінен соншама қарулы қазақтар дербес әскери қуатынан, дербес саяси таңдау еркінен айрылды. 1949-жылғы Шыңжаң туралы кітап дәл сол тұстағы “Қазақ Қаупін” ескере отырып таныстырған іспетті. “қазақ деген осындай, атқа мінеді, тымақ киеді” деп суретімен көрсетіп тұрғандай. Өйткені кітапты жай адамдар емес Шыңжаңға жаңадан үкім етуші партияның әскери өндірістік дивизясының Шыңжаң аxуалын бақылап-басқарушы арнайы органы жағынан жинақталған. Демек олар Шыңжаңда нақты кімдер қауіпті екенін жақсы біледі деген сөз.

Eldes Orda

Related Articles

  • Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары

          Шарқи Түркістан уақытша респубиликасының бірбөлім әскери адамдары.   Нүсіпқан Көнбай, Зунун Тайпов, Фотий Иваонвич Лескин, Сопаxун Сувров, Маргуп Исқақов, Бәделқан Сүгірбаев, тағы кімдерді таныдыңыз? Екі әскери адамның қол ишараты не мағына білдіреді? Шарқи Түркістан уақытша үкіметінің Құлжа қаласындағы кезекті құрылтайы. Құрылтайға Алтай (төменгі Алтай), Тарбағатай уалаятының делегаттары да келіп қатысқан. Тариxи суретте А.Қасми, Әкімбек Қожа, Дәлелқан Сүгірбаев, Басбай Бапин, Ысқақбек Мононов, Әбілқайыр Төре, Шәмси Мәмиұлы, Әнуар Жакулин, тағы басқа кімдерді таныдыңыздар?   Генерал Дәлелқан Сүгірбаев туралы сирек құжаттардың (куәлік) бірі. Куәлікте “Шыңжаң” деп жазылған (1948). Шарқи үкіметі мен Нан Кин үкіметі келіссөз өткізген соң Шарқи Түркістан атауы орнына Шыңжаң атауы қайта жаңғыртылды. Алтай, Тарбағатай, Іле уалаятында құрылған

  • Ұмыт қалған ашаршылық және Назарбаевтың ықтимал мұрагерлері

    Анна КЛЕВЦОВА Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш. Алматы қаласы, 31 мамыр 2017 жыл Халықаралық БАҚ осы аптада Қазақстанда ашаршылықтың Украинадағыдай өткір бағаланбауының себептерін, Назарбаевтың ықтимал мұрагерлері туралы жазған. Ықтимал мұрагерлер қатарында Тоқаев, Тасмағамбетов, Құлыбаевтың аттары аталады. Әлемдік баспасөз бұған қоса, Қазақстанның Қытайға тасымалдайтын газ көлемін арттыру мәселесін және Тамғалыдағы петроглифтер тақырыбын да қозғаған. ҰМЫТ ҚАЛҒАН АШАРШЫЛЫҚ  Америкалық Wall Street Journal журналы “Ұмыт болған советтік ашаршылық: Сталиннің Украинаға істегендері есімізде, бірақ Қазақстанға жасағандарын білмейміз” атты мақалада америкалық зерттеуші, Maryland-College Park университетінің тарих профессорының көмекшісі, “Ашаршылық жайлаған дала: ашаршылық, зорлық-зомбылық және советтік Қазақстанның құрылуы” атты кітаптың авторы Сара Камеронның пікірін жариялаған. Зерттеуші мақалада ашаршылықтың Қазақстанда Украинадағыдай өткір бағасын алмауының себептеріне тоқталады. Сара Камеронның пікірінше, оның

  • Қытай крезисі: Экологиялық апаттар

      Қытай экономикасы ұшқан құстай дамып әлемнің екінші ірі экономикалық тұлғасына айналғанымен экологиялық дағдарыстар күннен-күнге көзге түсуде. Жәй ғана қоршаған ортаның ластануы ғана емес айытса кісі сенбестей қорқынышты дәрежеге жеткені анық болып отыр. Американы қуып жету деген ұранның жетегімен тек экономиканың өсуіне ғана мән беріп тәбиғи байлықтарды толассыз ашып, өнеркасыптік қалдықтарды беталды шығарып ортаны ауыр дәрежеде ластаған.Қытай экологиясының ластануы мыналарды қамтиды: 1.Ауаның ластануы Қазіргі таңда жылына 360 мың адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады. 400 миллион адам таза ауа сіміре алмайды. 30% Қалалардың ауасы тіпті ауыр дәрежеде ластанған. Дүниедегі 20 ауасы ауыр ластанған қаланың 20 сы қытайда, олардың алдыңғы легіне Ланьчжоу, Чэнду, Чжэнчжоу, Цзинань, Үрімші, Нанкин, Пекин, Сиань Қатарлы қалалар

  • Самалдың жеңісі

    Қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн кинофестивалінде “Үздік әйел рөлі” номинациясында жеңімпаз атанды. 1Режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” фильмінде бас кейіпкерді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн фестивалінде “Үздік әйел рөлі” номинациясының жеңімпазы атанды. 2Самал Еслямова жүлде алған сәт.  3Петропавлда туып-өскен Самал Еслямова Ресей астанасындағы театр өнері институтының (ГИТИС) режиссерлік факультетін тәмамдаған, қазір Мәскеуде тұрады. 4Самал Еслямоваға жүлдені италиялық актриса Азия Ардженто тапсырды.  5Канн фестивалінде “Үздік ер рөлі” номинациясының жеңімпазы италиялық Марселло Фонте мен Самал Еслямова.  6Самал түскен “Айка” фильмі – Мәскеуде босанған баласын перзентханаға тастап кеткен қырғызстандық мигрант қыз туралы драма.   7Самал Еслямова мен режиссер Сергей Дворцевой қызыл кілемде.  8Самал Еслямова Канн фестивалінде.  Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • «ШАЙТАННЫҢ ДАҢҒЫРЛАҒЫ…»

    ТҰРАРБЕК ҚҰСАЙЫНОВ («Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі): Астанадағы Бекболат Тілеуханның үйінде болған кездесу кезінде болған бір қызық жайтты айта кеткім келеді. Отырыстың арасында намаз оқып алу үшін бәріміз көрші бөлмеге шықтық. Енді намазға сап түзеп тұра беріп едік, терезеден соққан самал қозғаған болу керек, қабырғада ілулі тұрған арнайы жасалған қымбат бағалы домбыра жерге тарс етіп құлап түсті. Құдайға құлшылық жасау алдында терең ойға бойлай бастаған біз селк ете қалдық. Өзін Халил ұстаздың алдында ыңғайсыз сезінген Бекболат «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деп, жерде жатқан домбыраны жұлқи тартып орнына іліп қойды да, кінәлі адамша күйбеңдеп барып, қайыра кеп сапқа тұрды… (Т.Құсайыновтың «Мен қалай рухани жаңғырдым» кітабынан үзінді) Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: