|  |  | 

Көз қарас Саясат

Бойыңа ойың сай болғыр, дәудің аты дәу ғой қашанда 

47230843_1201316863359875_8755136609210335232_nBatyrkhan Kurmanseit

Аргентинаның Буэнос-Айресында өткен “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері басшыларының саммиті нәтижелеріне қатысты қабылданған ортақ мәлімдемеде бүгінгі таңдағы ең маңызды әлемдік мәселелердің бірі болып отырған АҚШ-тың протекционизм саясаты жайында ештеңе айтылмады.

Оның орнына тараптар “Ең алдымен Америка” дегенінен қайтпай отырған президент Трамптың талабымен Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауға қатысты келісімге қол жеткізді.

“Біржақты саясатты қолдауға емес, көпжақты әріптестік жүйесін күшейтуге күш салу керек” дегенді бүгінге дейін қайталап келген G20 елдері басшылары осы жолы өз позицияларын қорғап қала алмады” деп жатыр көп эксперттер.

Саммиттің жабылу рәсімінен кейін өткен пресс-конференцияда “Еркін сауда қағидасын сақтап, протекционизм саясатын жүргізбеудің маңызды екені туралы бірлескен мәлімдемеде неге ештеңе айтылмады” деген сұраққа ұйымдастырушы ел Аргентинаның президенті Маурисио Макри “Бастапқыда ол жайлы жазылған болатын, алайда, АҚШ тарапы мәлімдеменің ондай мәтінін қабылдамай қойды” деп жауап берді.

Ал АҚШ-тың өкілі болса “Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауға қатысты тариxи келісімге қол жеткізілді. Бүгін Америка үшін тағы бір ұлы күн болды” деп мәлімдеді.

Саммит аясында АҚШ Канада және Мексикамен жаңа сауда-саттық келісімшартына қол қойды. Сөйтіп, Трамптың сайлау науқанынан бастап айтып келе жатқан Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісімді (NAFTA) өзгертуге қатысты саясаты осы жолы xалықаралық қауымдастық алдында жүзеге асты.

Сондай-ақ саммит аясында Трамп ҚХР-дың төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты келіссөздер өткізіп, келесі жылдың басына жоспарланған қытайлық тауарларға салынатын кедендік жаңа салықтардан уақытша бас тартатуға келісім берді. Алайда, ондай келісімнің орнына Трамп өзі күш салып отырған Дүниежүзілік сауда ұйымының реформасына Бейжің тарапынан қолдау көрсетуді және американдық компаниялардың интеллектуалдық меншік құқықтарын қатаң сақтау сияқты маңызды мәселелерді талап етті.

ҚХР-мен сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты реттеуге күш салумен қатар Үнді және Тынық мұxиттары аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қытайдың аталған аймақтағы әскери-саяси позициясының күшеюіне тосқауыл болуды көздейтін Трамп саммит аясында Жапония және Үндістанның премьер-министрлерімен алғаш рет үшжақты келіссөздер өткізді.

Осы кезге дейін Жапония мен Үндістанның басшылары Азия аймағында күн санап күшейіп келе жатқан Қытайдың саясатына бірлесіп қарсы тұру саясатын пысықтап келген болса, Вашингтонның одақтасы болып табылатын Токионың үйлестіруімен осы жолы бұл тандемге АҚШ-тың қосылғанына әлем куә болды.

Осылайша, осы жолы алғаш рет Оңтүстік Америка құрлығында өткен G20 елдері саммитінің нәтижелері АҚШ сияқты алып елдің әлемдік саясаттағы алып отырған орнын тағы бір көрсетті десек болатындай.

Басқасын қойғанда, жиырма елдің басшылары қабылдаған бірлескен мәлімдеменің мәтіні мен мазмұнына бір елдің қаншалықты әсер еткенінен көп нәрсені ұғуға болады.

“Бүгін Америка үшін тағы бір ұлы күн болды” деп мақтануға болатындай-ақ.

Facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: