|  |  | 

Көз қарас Руханият

Иманипедагогиканың қажеттілігі және алғышарты

89_main
Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық
процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары
мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие
процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті)
жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар
арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары
мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді.
Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған
қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін
арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде
арнайы ғылым қалыптасқан. Ол-тәрбиелеу теориясы аталады. Барша дәуірлерде педагогтар
балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың
тиімді жолдарын тауып,оларға көмектесумен келеді. Мың жылдар бойы қажетті білімдер
тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе дүниеге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары
қолданыстан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып,
бүгінгі күнімізге жетті. Үзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы
адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды. Өзінің қоғамдық қызметтерді
орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық
кемелдену сатысына ( қазақ мұны:текті жанның-кісі болу дейді) көтеріледі. Адамның
əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемделе білуі ғана емес, ол
өзіндік жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін аша алу,іске асыра алу
сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі
бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің
қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ жүзеге асатын да
жағдай болады. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағытталып
ұйымдастырылған басқару процесі өңдеп жетілдіру (образование) деп аталады. (Бізде оны-білім
деп тәржімалаған.Бір кезде Л.Н.Толстой : «еducation –образование»-деп жілігін шағып отырып бұл
ұғымның мәнін анықтаған-ды.Бізде:знание-білім,образование-білім,граматный-білімді,бастауыш
білім,орта білім, жоғары білім т.т.Мұндағы.мысалға,орта білім деген ұғымды жеке алып
қарастырсаңыз ұғыну қиын-ақ.) Білім ( образование) мəні – əр адамның өте күрделі өзіндік
басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық ,азаматтық мұраттар
рухында кемелдендіру. Сонымен, əлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі
бағыты танылған – үлкендердің бедел – абыройына жəне балалардың бағыныштылығына
негізделген əкімшіл (авторитарлы) ағым, шəкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші – гуманистік
ағым. Олардың арасында –сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Əлемнің ізгілікті
педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдадағаны рас.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы
демімен бірге басталады(Қазақ адам тәрбиесін ұрық тазалығынан бастап,ұрықтың жатырда өсіп
өну даму,жетілуін жіті бақылап,шаранадан шайқап тәрбиелеп,қызылшақа/шақалақ,жандыбақа/
іңгәлап өмір есігін ашқанда,баулуды бастап кетеді (қазақта бүгінгі тәрбиелеу деген ұғымды-баулу
дейді.)Одан,нәрестені адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы
деп біледі.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты
өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі
адамдардың даму дағдарысына алып келеді, яғни ғылыми- техникалық прогрестің баяулауына
соқтырады. Сондықтан да педагогика қалаған дерек көздерінен педагогикалық жаңа білімдерді
теріп, жинақтап,зерделеп бір арнаға тоғыстыруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер
— адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық тәлім-тәрбиеде бекіген көп ғасырлық
тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық
еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие тәжірибесі; арнайы ұйымдастырылған
педагогикалық зерттеулер деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағдар-бағыттар, жылдам
өзгерістерге ұшыраған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің тиімді соңғы технологиялары.Педагогика

баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды
анық-тайды.әдістері қарастырылады.Бұл – кешегі күнгі түсінігіміз еді. Бірақ соңғы кезеңдерде өмір
(заман, қоғам) талабына сай тұлға ретінде қалыптасып жетілу үшін тек балалар ғана емес сонымен
қатар ересектер де білікті педагогикалық басшылықты қажет ететіндігі мойындалуда. Сондықтан,
қазіргі кезеңдегі педагогика –тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана емес, ол сонымен қатар
жалпы адамзат баласының тәрбиесі туралы ғылым. Мұнда «тәрбие» ұғымы адамзат баласына
білім беруді де, адамзат баласына оқытуды да, дамытуды да қамтып, мейлінше кең мағынада
қолданылып отыр.Демек,педагогика адамзат баласының кең мағынадағы тәрбиесі туралы
ғылым. Жалпы өткен ғасырда педагогикалық-психологиялық ой-сананың дамуында әлемде,
іргелі зерттеулер мен зерделеудің нәтижесінде таңғаларлық тамаша тұжырымдар мен теориялық
педагогикалық пайымдаулар өмірге келгені белгілі.Ал,осы ғасыр психологияны төрге шығарып
барады.Екінші жағынан,осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет дәл кәзіргідей мұншама қиын,
күрделі жəне жауапкершілігі жоғары болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда
бүгінгі жасұрпаққа төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында,
мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса,оның
болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.Сіз,Жаңа
Қазақстанның жаңа ғасырлық даму алғашқы ширегінде қоғамға қосылған жастардың бір бөлігінің
дүниетаным көзқара-сына,сенім-нанымына шамалы ғана көз жүгіртіп көріңіз… Бүғінгі мектеп
партасында отырған жас ұрпақ-осы ғасырдың басындағы әріптестерінен дүниетанымы,ой
өрісі,өресі де тіптен бөлек.Олар материалистік дүниетанымға сүйеніп жасалған,ашылған ғылми
жаңалықтарды оқып-үйреніп жатыр.Сондай-ақ,интернет арқылы,кейбірі шет елге шығып (саяхатта
болу,халықаралық жарыс сайыс,олимпиада,конференцияларға т.б. қатысып) ғылымның сан түрлі
мәліметтері мен ақпарат-тарына қанығуда.Осы шақта,екі-үш шет тілін үйреніп,білімге қол жеткізіп
жүрген жеткіншектер де бар.Бұл тұжырымды тек мектеп оқушыларына ғана тән заманауи болмыс
бітім ғана емес барша жұртқа бағыттап айтсақ та артық айтқандық болмайды.Адамдар күнделікті
тұрмыста , өмірде, діни, ресми және халықаралық мейрам-мереке,айтулы даталарға
қатысып,салт-санасында көпқырлы наным-сенім орнығуда.Міне рухани жаңаруға іліккен қазақ
халқының бүгінгі азаматын бір ғана педагогикалық теориялық ұстаным,қағидамен тәрбиелеймін
деп құлшыну нағыз бейшоралық болар еді.Заманның өзі,өмірдің өзі тәрбиелеудің ғылыми
негіздерін бір арнаға тоғыстыруды талап етеді.
Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп,
жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді. Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі,
кісіні мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп,
олардың сана – сезімін, жағымды мінез – құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде
жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық
игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш
- жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны,
саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін
меңгереді.Тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік – экономикалық жағдайларынан туатын объек-
тивтік процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс.
Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі
мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды.
Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды.Осы негізде,Қазақстан
Республикасының педагогикалық ғылым әлемінде Иманиипедагогика атты тәрбие теориясы
көрініс беріп,тәй-тәй басып келеді(Әзірге оны қолдап, қорғаушы да,қарсы шығып қақпайлаушы да
байқалмайды.Мүмкін өліаралық үнсіздік шығар). Иманипедагогика-заманауи тәрбие теориясы.Ол
осы дәуірдегі іргелі педагогикалық ілімдердің бір арнаға тоғысуы.Анығырақ айтқанда:
Материалистік педагогика,Гуманипедагогика, Этнопедагогика, Исламипедагогика ғылымдарының
заңды байланыстарына сүйеніп,олардың өзара ықпалдасуынан туған синтездік ғылым.
Иманипедагогика əлеуметтiк жəне қоғамдық жағдайлардың ықпалымен қалыптасқан ұлттың
өзiне тəн тəрбие саласында қалыптасып, жүзеге асқан өзiндiк ерекшелiктерiнде : дiни iлiмдерде;
халық шығармашылығында (поэтикалық, музыкалық, сəндiк-қолданбалы);отбасы өмiрiнде; тұр-
мыста;салт- дəстүрлерде орын алған халықтың жалпақ жұртты тəрбиелеу мен үйрету (оқыту)
туралы бiлiмiн, халықтың бүкiл даналығын, сондай-ақ кісінің əлеуметтiк жəне тарихи-мəдени

тұрғыда қалыптасуына ықпал ететiн философиялық, этикалық, педагогикалық ой-пiкiрлерi мен
көзқарастарын зерттеу барысында қалыптасқан педагогикалық қағидаларын, ережелерiн,
заңдылықтары мен принциптерiн, құралдарын, əдiс-тəсiлдерi мен амал-жолдарын жинақтап,
жүйеге келтiредi,зерделейді.
Жалпы жоғарыда аталған педагогикалық ғылымдардың мұрат мақсатында,қағида
заңдылықтарында,зерттеу әдіс-тәсілінде,ілімдік әдіснамасында айтулы өзгешелектірдің бар екені
айқын.Алайда,құрамдас бөліктері мен аталған құрылымында, заңдылықтарында ортақтастық ,
сабақтастық,ықпалдастық мол екені даусыз.Бұл педагогикалық ғылымдарда бір-бірімен
бітіспейтін даулы,жаулы қөзқарастар мен қағидалар,құндылықтар жоқ. Сондықтан олардың
тізесін түйістіріп,бір арнаға тоғыстыруға әлеует жетсе болды.
Иманипедагогика-ислами педагогиканың көшірмесі емес.Алайда,ислами педагогиканың бірер
қағидалары мен ұстанымдарын,тәрбиелеу амалдары мен жолдарын пайдаланаады.
Иманипедагогика-гуманипедагогиканың да көшірмесі емес.Алайда табиғатты аялап, аламға
жанашырлықпен,сүйіспеншілікпен қарайтын оның ізгілік жолын ұстанады.Оны Абай атамыздың
үш сүю қағидатына қабыстыра отырып,жаңа белеске көтеріп керектенеді.
Иманипедагогика -материалистік педагогиканың заманға лайықталған,жаңаланған
нұсқасы да емес.Алайда,жалпы адамзаттық құндылыққа айналған,европалық педагогиканың
негізін құраған,педагогика классиктерінің ашқан тәлім-тәрбиелік заңдылықтар мен теориялық
пайымдар иманипедагогиканың тұғырлы сүйеніші,әрі бағыт-бағдар берер Темірқазығы бола
алады. Айталық,тұлға қалыптастыру теориясын жасаған бүгінгі көптеген теориялар,жас өспірімдер
мен жеткіншектердің даму заңдылығын ашқан шет ел ғұламаларының ілімдері ешуақытта
маңызын жоймайды.Сондықтан, иманипедагогика оларды ғылыми түйін ретінде қабылдайды.
Шындығында,диалектикалық ойлау,материалистік көзқарас қазаққа тән емес деп ешкім де айта
алмас.Иманипедагогикаға материалистік педагогиканың ғылыми қорытындылары бұрын да жат
болмаған,кәзір де жат емес.Алайда, материалистік педагогикаға басқа көзқарас негізінде
жасалған қорытындылардың жат болғаны жасырын емес. Иманипедагогикада таптық,топтық
пиғыл тәрбиелеу ісінде шешуші міндет атқармайды. Мысалы,өмірге осы заманғы бәсекеге
қабылетті бизсмен дайындаса да,кибернетиканың жілігін шағып,ішегін сүзетін инженер
дайындаса да,адам жанын ажалдан арашалаушы шипагер дәрігер дайындаса да Абай
атамыздың толық адам болдыру қағидасын басшылық етеді,европалық жан-жақты жетілген адам
дайындау теориясына сүйенеді.Жеке тұлғаның шығу тегі,әлеуметтік дәрежесі,хал-
ахуалы,денсаулығы қаншама басқа-лардан ерекше болса да түптің-түбінде «кәдімгі адам» болып
шығуы тиіс.
Иманипедагогика-этнопедагогиканың жаңарған атауы да емес.Алайда оның ұлттық тәрбиеге
жасаған түйіндері мен қазақ тәлім-тәрбиесінің тәжірибесі негізінде тұрақтанған тоқтамдарын,
ғылыми қорытындыларын екшей отырып бүгінгі адамдардың дүниетаным көзқарасы мен жан
әлеміндегі нақты өзгешеліктерді ескеріп,теориялық тұғыр етеді. Шындығында,өткен дәуірдегі
қазақ педагогикасы-иманипедагогика болғандығы баршаға аян. Имандылық тәрбиесi бүгiнгi таңда
қоғам қажеттiлiгiнен туындап, өзектi мәселелердiң құрамына енді. Имандылық ұғымы ерте
кезден бастап қолданыста болған оны көне жазба мұраларға көз жiберту арқылы дәлелдеуге
болады. Анығырақ айтар болсақ, түрік дәуірінен бастау алады. Бұл ұғым көпшiлiк түсiнiгiнде дiни
ұғыммен суреттеледi. Бiрақ имандылық ұғымы таза дiни ұғымды бiлдiрмейдi. Тұрмыстық өмiрде
иманжүздi, иманды т.б. ұғымдар пайдаланылған және әлi де пайдалануда. Мәселен осы екі сөзді
жеке-жеке талдап көрсек иманжүздi деп, бойында адамгершiлiк қасиеттер, кеңпейiлдiлiк,
жанашырлық, инабаттылық, iзеттiлiк т.б. да қасиеттерi бар адамдарды жатқызсақ, иманды адам
деп те осы қасиеттердi бойына сiңiрген және оны сенiммен ұштастыра бiлетiн адамдар тобы
жатқызылады. Бұл қасиеттердiң бiрi де таза дiни ұғымға жатпаса керек. Яғни бұдан имандылық
адам бойындағы iзгi қасиеттердiң жиынтығы деген ой түйiндеуге болады. Бiз әрқашанда болашақ
ұрпақты өзiнiң тарихын, халқын, жерiн бiр сөзбен айтқанда рухани құндылықтарын сүюге,
қорғауға, сақтауға, бағалауға үйретуiмiз қажет екенi дәлелдеудi керек етпейтiн қағида.Заманның
өзі,өмірдің өзі тәрбиелеудің ғылыми негіздерін бір арнаға тоғыстыруды талап етеді.
Иман сөзі ортағасырлық түркі халықтарының әдебиетінде,ғылымында қолданыста болған.
Мәселен мұсылмандық шығыс поэзиясында екі түрлі сарынның яғни жүректің культі (имани гүл)
мен ақылдың культін мадақтау өріс алып келгені мәлім. Осы себепті болса керек, әдебиеттерде

бұл сарындарды білдіретін Әбу Али ибн – Синада “имани ақыл”,Абайда “имани гүл” сияқты
арнайы атаулар қолданылған.Ал,казақта: имани гүл,имани ақыл,имани адам,иманды адам,иманы
кәміл жан,иманжүзді кісі,иманы жолдас болғай,имани әдеп,имани құлық т.б. сөз тіркестері күні
бүгінге дейін қолданылып келеді.Иманипедагогикада иман ұғымы қазақ дүниетанымы негізінде
қалыптасқан, психологиялық-педагогикалық өрелі түсінік ретінде қарастырылады.
Араб тiлiнде «иман» сөзi жүрекпен қабылдау, сену, бiр нәрсеге немесе бiр хабарға iштей,
шын көңiлмен сенiп, оны мойындау деген мағынаны бiлдiредi. Иман сөздiктерде сену, қабылдау
деген мағынаны бiлдiрсе, «дiни терминде Ұлы Алланың дінін жүрекпен қабылдап Мұхаммед
пайғамбардың әкелген нәрселерінiң бәрiне сенiп, оларды жүрекпен қабылдау» деген мағынаны
бередi. Ол нәрселер: Алла тарапынан келген, ислам дiнiнiң негiзiн құрайтын анық және ашық
түрдегі Құран немесе хадистерде бiлдiрiлген догмалар, принциптер. Бұларға сену және оларды
қабылдауды «иман», ал оларға сенген адамды «мүмин» дейдi.Иман ұғымы әуел баста Құран
арқылы қазақтардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салт-
дәстүрімен, таным түсінігімен, наным-сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге
көтерілген ұғым. Халық түсінігіндегі иман сөзі діни шеңберден шығып,жалпы ұлттық, бүкіл
адамзаттық құндылықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді.
Имандылық концепті – тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар,
ождан, ұят, шын, шындық , намыс, жүрек, жан, тазалық, әділет, мейрім – имандылық
концептісінің тірек ұғымдары. Имандылық(атауы әр түрлі болғанымен)- барлық наным-сенімдерге
ортақ ұғым. Түрлі кездерде пайда болған ежелгі Рим, Грек, Иран, Конфуций ілімі, Христиан діні,
даосизм, синтоизм, ілімдерінің барлығында адамдарды бауырмалдыққа, мейрімділікке,
қайырымдылыққа, адалдыққа шақыратын ортақ құндылықтар бар. Кез келген дәстүрлі діннің
көздейтіні – күллі адамзат арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілікті, бірлік пен ынтымақты
уағыздау. Діни сенімдердің өнегелі рухани бастауларға негізделетіндігі және зор гуманистік
әлеуетке ие екендігі де дәлелдеуді қажет етпейді. Осынау мол әлеуетті қоғамның дамуына,
патриотизмді қалыптастыруға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, діни
экстремизмнің алдын алуға пайдалану жолын көрсетіп,заңдылықтарын ашу бүгінгі заманауи Әлем
педагогика ғылымының абзал борышы.Осы міндетті атқарушы,жүзеге асырушы,тиянақтаушы
Қазақстан Республикасының тәрбиелеу теориясы болушы Иманипедагогикасының игілікті
ісі,маңдайына жазылған тарихи парыз.Себебі қазақтың тәрбиелеу дәстүрлі ілімінде жоғарыда
көрсетілген педагогикалық ғылымдардың алғашқы мағлұматы толық сақталған,әрі сенімді түрде
қолданыста болып,бізге жетті.Ол Қазақ елінде ғана толыққанды жүзеге асады.
К.Д. Ушинский өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең
алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинскийдің«Тәрбие халықтық ілтипатқа ие
болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді»(25;\31) – дейді. Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие
болған. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа
түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Имандылық-ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес,Қазақстан Республикасында
тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері, оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға
тиіс емес. Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес.Имандылық- қазақ үшін,жалаң ислами ұғым да
емес.Ол наным-сенім ретінде, қашаннан бар,ұласып келе жатқан түсінік. Атам қазақтың
адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мән бар. Өйткені, адамгершілік пен
имандылық арасында үлкен айырмашылық бар. Адамгершілік – барлық адамның бойында бола
алатын адамның адамдық болмысынан (кісілігінен)туған қасиет.Имандылық әлемнің
Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса ізгі кісілік қасиет. Яғни,
әрбір имандылықта адамгершілік бар болса да әрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек
мүмкін. Сондықтан қазақта имандылық – ауқымы аса кең үлкен пәлсапалық ой-толғамға ие,
ерекше мәнді ұғым. Атам қазақ иманын – өз болмысының тірегі мен ар-ожданның асыл тас
ақиқаты деп ұққан. Сол себепті олар жүректен иман шыққаннан кеудеден жан шығуды артық
санаған. Оған қазақтың мына сөзі куә: «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы».
Бұл жерде атам қазақтың «арым», деп, отырғаны – иман. «Ұят кімде болса, иман сонда», деуі де,
содан қалған. Ар-ұятын сатқан жанға «иманын сатты», арсыз жанға «имансыз», деген сөзбен
түйреген. Қазақта мұндай сөз тіркестері толып жатыр. Бұл – қазақтың аса иманды момын-
мұсылман жан екендігінің белгісі. Яғни, қазақ бар жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық

ұғымды имансыз сөзімен айқындаған. Қазақ әрқашан Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иә, қазақ
шыр етіп дүние келген баланың құлағына азан айтып, ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның
да жүзін құбылаға қаратып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай орындауға
тырысқан. Біздің ата бабаларымыз дінді тереңінен зерттеп мол тағылымын өзінің салт санасына,
дәстүріне сіңіре біліп өзінің ұрпақтарына ана сүтімен, тәлімі мол істерімен дарыта білген..Абай
атамыз«Алланың адам баласына дінді түсірудегі мақсаты – құлдарының жолдан адаспауы үшін,
бір бірімен ізгілікте, татулықта өмір сүрулері үшін болды» дейді. Осыған дәлел Ұлы ақын Шәкәрім
қажы былай дейді.
Әлемдегі діндердің түп мақсұты,
Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:
Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,
Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.
Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.
Інжіл, Құран бәрі айтып тұрса дағы,
Мағынасына адасып қара басар.
Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді
Қанеки бұл сөзіме кім таласар?- деп тұжырым жасайды. Ал,имандылық-
тәрбиелеу қазақ ілімінің асыл өзегі. Осы асыл өзек бүгіндері қоғамдағы тәрбиелік іс-әрекеттер мен
шара- шаруалардың тірегі бола алмай отыр.Мұның екінші жағы бүгінгі қазақ педагогикасы
жарқырап көрініп,тәрбиелеу теориясын заманға лайықтап әлемдік педагогика аумағына
жақындай алмауында болып тұр.Жалпы,Қазақстан Республикасында Ұлттық білім философиясына
(Pilosofy of education),Оқу білім ғылымына(Introduction to Education studies),
Мектептану(Skalolazanie) назар аударылмай,іргелі педагогикалық ғылымдар дамымай
қалған.Олай болса,Иманипедагогика заманауи тәрбие теориясы болуы тиіс.Оның алғы шарттары
толық бар. Айталық, Имани-педагогиканың ғылыми негізін Фараби, Баласағүни,Яссауи
бабаларымыз салып,Абай, Шәкерім және Мағжан,Жүсіпбек даналарымыз тиянақтап қойған.

Қобдабай Қабдыразақұлы

(ғалым-жазушы)
)

19.11.2018

Kerey.kz

Related Articles

  • Алматыда Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі қамауға алынды

      Алматыда марафон кезінде ұсталғандардың қатарында белгілі Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі болған.   Әсия Төлесова – 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы репрессияның құрбандары болған ұлы ақын Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың шөбересі. Ілияс Жансүгіровтың қызы Ильфа Жансүгірова мен Ораз Жандосовтың ұлы Санжар Жандосов ерлі-зайыпты болған. Әсия Төлешова оларға немере, тиісінше Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовқа шөбере болып келеді. Ильфа мен Санжардың қызы Жанар Жандосова – Әсияның анасы.   Ильфа Жансүгірованың Facebook парақшасында немересіне қолдау көрсеткен жазба пайда болды.     “Қымбатты, Асенька! Ешнәрсеге қарамай мықты бол! Саған сабырлылық пен бастысы денсаулық тілеймін. Сені жақсы көреміз және түсінеміз! Сенің әжең Ильфа Ілиясқызы Жансүгірова-Жандосова. 21 сәуір 2019 жыл. Алматы”, –

  • Дәрі-дәрмектің бағасы қашан реттеледі, Біртанов мырза?

    Бір отбасы бір жылда 26300 теңгеге дәрі-дәрмек алады. Жалпы Қазақстан бойынша бұл шығынның жылдық көлемі 120 млрд. теңге. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында дәрі-дәрмек бағасының 8,4 пайызға өсуіне байланысты ол тағы да 10 млрд. теңгеге артқан. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров тұтас емес, таңдап алынғандықтан статистика органдарының бұл көрсеткіші жағдайдың толық сипатын бере алмайды дейді. Оның айтуы бойынша халықтың дәрі-дәрмекке шығаратын шығыны шын мәнінде бұдан әлдеқайда көп. Жуырда мемлекеттің дәрі-дәрмектер бағасын реттеуіне мүмкіндік беретін заң қабылданды. Алайда тиісті мемлекеттік орган заңды іске асырудың тетіктерін ойластырып, оны ырғалып- жырғалып енгізгенше дәрі-дәрмек сатушылар бағаны шарықтатып жіберген. Сондықтан дәрінің ең үлкен шекті көрсеткішін мемлекет жаңа бағаның деңгейінен анықтауға мәжбүр болады. Осыған алаңдаушылық білдірген депутат А.Қоңыров

  •   ЭТНОГРАФ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ ЖЕТІ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР КІТАПХАНАСЫНДА 2019 ЖЫЛЫ 5 СӘУІР КҮНІ ЭТНОГРАФ, ЖАЗУШЫ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖЕТІ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ. ЭТНОГРАФ, ЖАЗУШЫ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ  Ахетов Мамай Қаниұлы Дабыралы әрі ғылми деңгейде өткен бұл реткі жеті кітаптың тұсаукесерін Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, «Тіл» орталығының жетекшісі Ахетов Мамай Қаниұлы басқарды.     Мазмұны бай, құндылығы жоғары, тарихымызды арыдан қозғайтын жеті кітаптың тұсауын кесу мәртебесіне ие болып, салтанатын асырғандар: Нұртілеу Иманқалиұлы Нұртілеу Иманқалиұлы. Қазақстан еңбек сіңірген Қайраткері, көрнекті теле журналист.   Ғалым Жайлыбай Ғалым Жайлыбай. Халықаралық алаш сыйлығының иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы. Ислам Жеменей Ислам Жеменей. Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «Тұран-Иран» ғылми зерттеу орталығының директоры, психология ғылымының докторы, профессор.   Нәбижан Мұқаметқанұлы Нәбижан

  • АЭС салу Ресейдің қалауы ғана – Бозымбаев

     © Тұрар Қазанғапов Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Президент Телерадиокешеніне берген сұхбатында айтты. “Қазір қоғамда осы мәселе туралы қызу пікірталас жүріп жатқанын түсінеміз. Әрине, Семей ядролық полигонына байланысты қорқыныш туып жатыр. Зардап шеккен халық ол оқиғаны ұмытқан жоқ. Сондай шешім қабылданып жатса, барлығы заң бойынша қабылданады. Қандай жағдай болсын халық пікірі ескеріледі. Себебі қоғамдық тыңдалымдар өтеді. Жергілікті атқарушы органдармен кеңес өткізіледі. Владимир Владимирович Путиннің айтқаны – ресейлік тараптың қалауы ғана. Біз осы мәселе жайлы халыққа айтып отырамыз, барлығы үкімет басшылығының, сондай-ақ, Мемлекет басшысының бақылауында болады”, – деді министр сұхбатында. Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында АЭС құрылысына арналған жердің анықталғаны жайлы

  • АЛТЫ АЛАШҚА ЖОЛ ТАРТАР АЛТЫ КІТАП

    (ЖӘДИ ШӘКЕНҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ) 11 Сәуір 2019 жылы Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы, «Ер Жәнібек Халықаралық қоғамдық қоры», «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының алты шығармашылық еңбегі Алты Алашқа жол тартпақ. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып мырзаның жүргізуімен өтетін айтулы кештің тұсаукесеріне көрнекті әдебиетші ғалымдар мен қаламгерлер: Темірхан Тебегенов, Жанат Ахмади,Серікқазы Қорабай, Дәулетбек Байтұрсын, Жәркен Бөдешұлы, Ғалым Жайлыбай, Мұрат Шаймаран, т.б. сонымен қатар, баспа сөз өкілдері қатысады деп күтілуде. Ж.Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа қоныстанған.  Тәуелсіз елге келгенен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: