|  | 

Әдеби әлем

Үш литр су

Кеше бөлемнің үйінен бесік той ма… бірдеңеден келген, әйелім азанымен «кеттік» дейді маған.
- Кеттігі нес…
- Кеше мен бір тәуіппен жолықтым. Сраз сені айтты, ап кел деді, әйтпесе жаман боласың сен…
- Денің сау ма? Айдалада нағылған тәуіп ол, бас аяғы жоқ менде несі бар?- деп жатырмын да енді.
Сүйтсем айтады, ол керемет, баяғыда бір атасы тәуіп болған, «сол кісі түсіне кіріп адам емде деген, содан қасиет қонған, қазір адам қарайды. Кеше маған сені»…
- Ой, тұра тұрсайш сен. Баяғыда маған да атам түсіме кіріп «пианино аласың ба, баян аласың ба?» деген. «Баян алам» дегем, пианино алып жүруге ауыр болғасын. Сосын базардан баян сатып алған ем, тұр әні шаң-шаң боп, атамнан да хабар жоқ, мен де баян тартып үйренбедім…
- Сүйтесің да сен сүйтесің, бірдеңе айтса, бірдеңе айтып лағып отырасың. Саған жақсылық ойлап отырған мен ақымақ.
Біздің қатын бір ашуланбасын, бір ашуланса дүниеңді төңкеріп тастайды ол. Гитлердің орнында болмай қалған, Гитлердің орнында боса барбаросса құрмай-ақ, Сталиннің басын сандыққа тығып кетер еді.
Жалпы әйел деген қызық халық, олардың ұрысын үндемей тыңдау керек, сонда ғана айқайдың себебін түсінесің, түсінгенім, бөлемнің әйелінің подругасы тәуіп екен, соған бал аштырған ба бірдеңе, типа, сүйтсе айтыпты «күйеуіңе бір жасы үлкен әйел көз тігіп жүр, алып кел, мен оқып берейін», деген ғой. Содан қатыны құрғыр таң атпай шала бүлініп жатыр енді. Бір айлықтан бір айлыққа сүйретіліп зорға жетіп жүрген мына мені қырына алып жүрген нағылған ақымақ екенін ит білсін. Ұрыстың аяғы өзіме қызық бола бастады. Қызық болғанда, қырма сақал жасқа жеткенде қыз қарамайтыны белгілі, ананың кім екенін білгім келді, оңашада тәуіптен сұрап алайын деген ойым бар, сүйтіп ойда-жоқта жолға шықтық.
***

Кештетіп жеттік, бөлем қауқалақтап қуанып қарсы алды, көріспегелі біраз болған. Жалпылдап жағдай сұрап жатырмыз, «жайша ма?» деп қояд, «оқытылуға келдім» деу ыңғайсыз екен, «жүрген сол» дедім. Біздің бір жақсы жеріміз әшейіннен әшейін жүре береміз ғой. Қыздар жағы бірден іске кірісті, бөлемнің бикесі телефонға жабысты, «ойпырмай, не болар екееен» деп отыр ем, бағым ба сорым ба білмейм, тәуіп «бүгін кеш боп қалды, ертең азанымен барайын» депті. Е-е, дедім да қойдым.
Әйелімнің әп-әдемі жоспарын күн бата бөлем құртты. «Күнде келіп жатқан жоқсың» деді екеуміз тамақтан кейін, сыртта темекі тартып тұрғанда, «жүрсей, мына жерде кафе бар».
Жаппарқұлда жан бар ма оқытылу ертеңге қап тұрғасын мақұл дегем. Әйелдердің бір жақсы жері әңгімеге кіріссе айналаны ұмытып кетеді, біздің жоқ екенімізді кештеу байқапты. Байқаған кезде-ақ, телефонға жармасқан болу керек, екеуміздікі бірдей шырылдады, жалко оларға, кешігіп қалды да, олар звандаған кезде біз Американың президентін жерден алып, жерге салып жатқанбыз. Ал іркес-тіркес, етектері желбіреп артымыздан жеткенде, бірінші шөлмекті құлатып, екіншісін орталап, кім бастағаны белгісіз Елцинді есімізге түсіріп, ол болғанда оны үйтіп, бұны бүйтіп жіберетінін айтып отырғанбыз….
***
Тәуіп таң атпай келді да «мыналарың ішіп алған» дегені. Оны білу үшін көріпкелдіктің қажеті шамалы, перегарымыз айтып тұр да, «бүгін оқымай мын, мастығы тарқамаған. Моншаға түсіріп, жуындырып, дәрет алғызыңдар, кешірек келемін» деп қалай тез келсе, солай тез кетті. Оқығанына береміз деген бес мың теңгеміз бар-тұғын, әйелім берген екен, оны алыпты, онысына да рақымет.
Біздің пәруәйіміз пәлек, аналарға әбігердің екінші сериясы басталды. Моншаға түсіру керек, орталыққа жіберуге болмайды, таппай қалатындарын біліп тұр, бұл жақта тағы екі бөлем бар, сосын амал жоқ, үйіндегі моншасын жақты. Ол қызғанша ұйықтап ес жинадық, обалы не керек, жарықтықтар қанша бұрқылдаса да бізді ойлайды, сорпа істеп қойыпты, онысын ішіп алдық, бірақ басқа нәрсе керегін екеуміз де біліп тұрмыз, айтуға тіл қысқа. Қысқа болғанда қорыққанымыз емес, тәуіптің ішпесін дегені қиын тиді, «ана жақпен» байланысы бар бәле…
Бұл еркек деген халық көмейі бүлкілдесе амалын табады, бөлем қай кезде екенін білмедім, жып еткізіп бір досына звондап үлгеріпті, шомылатынымызды айтыпты. Сол досы келді, онымен бұрын бір-екі мәрте дастархандас болғаным бар, айналайын ақылы бар жігіт екен, машалкасына орап екі шиша, бір бәдірен тығып келгенін қайтесің. Ыстық моншада закускеміз жалғыз бәдірен болғасын оңсын ба, үшеуміз терлеп шықтық. Шыққан бойда тамаққа қарамай кешегі суатымызға тарттық. Өмір деген сол да, әйелдер күйеуіне тек сау кезінде айтқанын істетеді, еркектер мас кезінде білгенін істейді, ішіне бірдеңе түссе қоқиланып шығатыны тағы бар. Екі шиша оңай ма, ашықтан ашық, еркек екенімізді, қожайын екенімізді, ешкімге бағынбайтын, әсіресе әйелдерге бағынбайтын, бас имейтін, сондай бір намысшыл, на то пошло армияда пол жумай қойған мужиктер екенімізді беттеріне айтып, шлөпкімізбен, мойнымыздағы сүлгімізбен кеттік, қосақтарымыз қалды өздерімен өздері қосақталып. Осы отырыста бөлеме сапарымыздың сырын аштым, несін жасырам оның…
***
Ертеңіне ақылымыз кірді, кіргенде де, шынымды айтайын, ішуге жарамай қалдық, сосын қайтадан моншаға түсіп, әл жинап, күттік тәуіпті. Ол да айтқанынан қайтпайтын біреу екен күн кешкіре келді. Алдыңғы күні «күн кешкіріп кетті, аннияяу миинниияу» демей оқи салса бәле де жоқ, соған қырсығып қалғаным бар, әрі білгім кеп, «қашаннан бері тәуіпсіз?» дегем, «бес жыл болды, атам түсіме кіріп…» деп әйелімнен естіген әңгімені қайталап отыр маған.
- Атаңызды бұрын көргенсіз ба, тірі кезінде…
- Көрмегем
- Онда қалай таныдыңыз?
Мүдірген жоқ «осындай да осындай, сақал мұртты, шапан киген кісі деп папама айтып ем, е-е, ол атаң болады қызым, деді папам»…
***
Сақал мұртты, шапан киген кісіні көрген жоқпын, бірақ тәуіп оқыды, оқығанда мені емес, үш литрлік банкіге су толтырып соны оқыды, сүйтті де әйеліме «осыны бір қасықтан күніне үш мезгіл ішкізіп отырасың» деді. Сосын тағы бес мың теңгемізді алып жөніне кетті. «Мынаны ішкесін әйеліме де қарамай қалмайм ба?» деген ем, «Жоға, оған қарайсың» деді маған.
…Бір бәнкі су басыма бәле боп жабысты, әйелім «іштің ба?» деп қылқылдайды да отырады, қасықтап ішсең қалған өміріме жететін түрі бар, ешкім жоқта кесеге құйып ап тартып жіберем, тартып жіберіп айнаға қарайтынымды қайтерсің, өзгеріп жатқан түгім жоқ, сол салбыраған қарын, әжім-әжім бет дегендей… Шашыма да ақ түсе бастаған ба қалай, «мыжырайған түрімді қызғанып жүрген жан жарым, әй, сенде де ес жоқ-ау» деп қоям ішімнен. Тәуіпке оқытылдым деп ұрғашыға қарамайтын еркек болушы ма еді, сүзіліп қалатынымыз бар ғой, несін жасырам, ол ерунда, өзімнен үлкен әйел атаулыға «осы емес пекен-иии…» деп дәмелетінді шығардым масқара болғанда. Қайта бұрын жұмысым мен үйді ғана ойлайтын ем, су ішкелі айналаға қарай бастадым бааа, бірдеңе енді… Бәнкі таусылмай кеткесін әйеліме айттым «сен де іш дедім, саған да жасы үлкен біреу қарап жүрмесін», ақыры тауысып тындық, мен үйде қалдым, онсыз да үйдемін негізі.
Кейінірек естідім бөлемнің әйелі де күңкілдей бастаған екен, бөлем айтыпты «жыным кесе сол тәуібіңнің өзіне үйленіп алам, ақыры бойдақ» деп. Сол, сол-ақ екен әйелі подругасымен ұрсып қалған бааа… әйтеуір «қазір арласпайды» дейді бөлем.
***
Тиын тұрмайтын тесік қалтамен жүрген еркекке мыстан да қарамайтыны анық, қараса да желпілдей салатын жастан өтіп кеткем, соңғы кезде бөтен әйелді емес, тәуіпке кеткен он мың теңгені көбірек ойлайтын болдым. Судың әсеріне сенімді болса керек жан жарым да үндемейді. Кейде іштей ойланам, еркекті бөтен әйелге қаратпау үшін шарлатанға барудың қажеті шамалы, жылы сөйлеп, жалынан сипап отырсаң болғаны. Шаршап келгенде шайыңды ысытып берсең, «әкелерің шаршап келді шуламаңдар» деп балаларыңды тиып отырсаң, айтқанына көне салсаң, «азаматым-ау бәрі сенің арқаң ғой» деп өтірік те болса алдай салсаң, барға мәзір жоққа қанағат қылсаң түгің кетпейді, бәрібір айналып келгенде сенің дегенің болары анық, тек еркек байғұс өзін жарты патша сезініп, қодырайып қалады, бар болғаны сол ғана. Үйде үш күн жатып қалса «барсай барсай» деп далаға қуып, баратын жеріне енді жеткенде, «қайтсай, қатсай» деп звондай берудің түк те керегі жоқ. Ығыры шыққан еркекті дүниенің тәуібіне оқытып, теңіздің суын ішкізсең де ұстап қалмасың анық…. дееепп ойлайм ішімнен… Үш литр суды қасықпен ішкенім есіме түссе күйіп кетем, күйіп кетем, қайтейін…
Пернебай Бердалыұлы Сапар

 

«Где, Лайка?»
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі сосын, «Қазақтан тарихы» пәнінің мұғалімі деген екі дипломым бар, екеуі де қызыл, қарап отырам ба, жұмысқа тұрдым, охрана боп. Рахат, бір сөтке істеп, екі күн демаласың, айлығың отыз мың, одан артық не керек, «спокойно» жүргем, Лайка құртты «карерамды». Лайка деген қайдан, кім әкелгені белгісіз, қаңғып жүрген қаншық ед, сол, террриторияма қаңғалақтап кеп қалған орыс кемпірді «о господи» дегізіп тістеп алғаны. Кемпір баж етті, тірсегінен жылымшы қан ағып, тұр, алып бара жатқан бәлесі де жоқ, сосын ғой, «чей собака?» дегенде тілім қышып «у мое» дегенім. Сүйтіп басым бәлеге қалды менің. «Доғдырға апар» дейді апам. «Жәйша ма?». Осы баяғыда көршім Ілиястың қара мәшкесі талай тістеген «мама» дегізіп, мені қоя берш, сол мәшкесі Ілиястың өзін танымай қап бір-екі рет «ййбай шшш» дегізген, бәлесі де жоқ, жүр ғо әні Ілияс. Ол кезде әке-шешеміз бір-ақ ауыз сөзбен емдейтін – «ештеңе етпейді» Соны айтқым кеп «нечего страшнаба» деп ем, кемпірдің көзі ақшиып, сөйлеп кеп бергені. «Бұл ит құтырған болуы мүмкін, көзін қараш, қызарып тұр, тісінде микроб көп, қанға кетіп қалса жаман болад, баяғыда бір подругасын ит тістеп, ол мән бермей жүре берген, кейін қанына бірдеңе түсіп кеткен бе, білмейм, әйтеуір аяғын кесіпті, қазір екінші группа мүгедек, өткенде Ресейде тұратын қызы кеп жинап отырған пенсиясын әкетіпті, түрікке ма,неміске ма, біреуге тиген екен, ажырасыпты, онысы сүйем сені депті да үйленген соң, Ресейде тұрмайм деп кетіп қапты, енді көктемде келем депті, қысқасы мына иттің бірдеңесі бар, әйтпесе танымайтын адамды неге тістейд?» «Иттер тек танысын ғана тістей ма, танымағасын тістейт та, өзіңнен де бәле бар, нағып жүрсің таң атпай?» дейін десем, орысша түсінуін түсінем, сөйлеуге тіл жетпей діңкеледім-ай кеп, со екіортада бастық кеп қалды да, айтты маған, «маған проблема керек емес дед, мына апаны доғдырға апар дед, екінші рет көрмейтін болайын дед, нең бар қайдағы бір итті асырап дед», короче бинабат боп шықтым сорым қайнап. Әкеміздің сөзін анда-санда жүре тыңдайтын ек, бастыққа өйте алмайсың да, амал жоқ, кемпір мен Лайканы ертіп ап, доғдырға тарттым, таксимен.
***
Бұрын білмейді екем, олардың брашы бөлек болады екен, бөлек болғанымен адамның да, иттің де брашы кәдімгі браш, алдыңа барсаң әлдеқандай боп қалады да, аты-жөнімді, тұратын жерімді, апамның аты- жөнін, паспортымызды, масқара болғанда Лайканың туылған күні мен дәкүментін сұрап лаң шығарғаны. Ол ол ма, «бүгін емес,кейін келіңдер, қарап берейін», деп дәм болсын, құлаққа кірмейті сылтау айтып шықты, онысын қоя берш, «млисаға неге хабарласпадыңдар?» дейд, адамның итін шығарып. Кейбір млиса мен доғдырға ісің түссе аспанның жерге жабысып қалатын әдеті кәдімгі. Айналайын апам, дәл маған жау шаптырғандай оған да жау шаптырып, өзін қазір қарамаса, баратын жеріне барып, жазатын жеріне жазатынын айтып ед, әлгі браш бірінші апамды ап, арғы бөлмеге кіріп кетті, мен Лайканы ұстап отырдым, сәлден соң тірсегіне лекапластр жапсырып апам шықты, браш Лайканы ап кетті, мен апамның қасында отырдым. Оны да көп ұстаған жоқ, тез шықты, тез шыққаны құрысын, «мынаны қарап шыққанын, бірақ, әлі де қарау керектігін, ол үшін он бес күн үзбей әкеліп тұру керектігін, құтырған, құтырмағаны содан кейін ғана анықталатынын, он бес күн бойы иттен көз жазбау керектігін» тәптіштеп түсіндірді. Түсіндіргенде де орысша түсіндірді, орысша түсіндірген соң апам таза түсінді, мен шала түсіндім.
***
Мен, типа екі бірдей қызыл дипломның иесі, көзі ашық, білімді, әжептеуір скалдтың охранасы, (арқасында охрана деген жазуы бар күртеше кием), отыз мың жалақысы бар азамат ем, масқара болғанда складты емес, Лайканы күзетіп кеттім. Ол да тыныш тұрған ба, құйрығы бұлғаңдап таппайтын тесігі, кірмейтін есігі жоқ. Бір рет байлап қойғам, құрысыыыынн, қыңсылығанда төбе құйқаң шымырлап құлағыңды қолыңмен басып, дүниеден безіп кетесің. Бастық атаулы «анауыңның үнін өшір» деп ызғар шашып кетті. Әшейінде біздің онша мұнша өтінішімізді естімейтін бастықтың алдында Лайканың құрметі жоғары, қыңсылап жүріп бостандығына қол жеткізіп алды. Сөйтіп екі бірдей қызыл дипломның иесін соңынан салпақтатып қойды ол. Таң атпай кемпір келед, менің шала сауатты сәлемім оны қызықтырмайд, біріншісұрағы «где Лайка?» Сұраған кезде жанымда тұрса дау жоқ, болмай қалса жүргенің со тентіреп, «Лайканы көрдіңдер ма?» деп әркімнен сұрап. Ол жарықтық жатады, трубаның түбінде күншуақтап. Лайка табылғандағы қуанышымды көрсең, баяғыда қыздарға «жүреміз бе» деп типа сөз айтсаң, «иә» дейтін еді ғо, со кезде де бүйтіп қуанып көрмеген екем. Лайканы көтеріп, кемпірді жетектеп, брашқа тартамыз, таксимен. Өзім өз болғалы екі апта қатарынан таксимен жүргенім болды, отыз мың айлықтың аз екенін де со жолы сезіндім. Браш не істейтінін білмейм, әуелі Лайканы ап, арғы бөлмеге кетед, сосын кемпірді ертіп тағы кетед, мен отырам Лайкамен. Қайтарда айтары бір сөз «ертең келіңдер». Біз қайтамыз тағы да таксимен. Апам әуелде жұмысыма өзі келетін ед, екі күннен соң, үйінен ап кететін болдым, құдды бастығым сияқты, сәл кешіксең бірдеңе, шірдеңелерді айтып ұрсады маған. Онысы да ерунда, күнде үш-төрт мезгіл тексеріп келеді ғо, «Где, Лайка?». Кемпір келгенде ит көрініп жүру керек, амал жоқ жүргенім сол күнұзақ итті айналсоқтап. Бір күн істеп, екі күн демалу қалды жайына, күнде өзім жейм деп бермешел қурып әкелуші едім, енді оған арнап тағы бір порсы әкелетін болдым. Ең арысы әжетханаға кетіп бара жатып әне жердегі адамдарға тапсырып кетем, «Лайкаға қарай тұрш» деп, сұмдық болды ол бір. Мен қарайтын складқа окарашка, балық, колбаса тағы бірдеңелер оптым келетін, содан қалған құтқанын жинап Лайкаға тасып жүрем, ол жұнттай боп семірді, бермешел жемей күйдіретін болд. Өзі тойғаны былай қап, қасына топырлатып біреулерін ертіп жүретінді шығады ол шырағым. «Лайкаға қарай тұрш», «Лайканы көрдің бе?» «Лайканы іздесіп жіберш» деп жүріп бірталай адаммен танысып алдым, көбісі арба айдайтын, жүк түсіретін жұмысшылар (бастықтар бізбен таныспайды), қара жұмыс істейді демесең, олардың да арасында қызыл дипломы барлары бар, тіпті әнебіреуі доцент, біреуі ғылым кандидаты екен. Жас маманы, ғалымы, доценті бар, бәрін жиып соңында салпақтатып қойған Лайкада да арман жоқ, бәрімізді жиып итпен бірге ит қып жіберген қайраааанн апам-ай дим да ішімнен. Бір мезгіл брашка барып келгесін, уақыт көп, мәшкеміз жайылып жүр, апам әңгіме айтад қасыма отырып. Баяғыда аталары көшіп кепті, патша көшірген ба бірдеңе, тың көтеру жылдары Қазақстан миллиард пұт астық тапсырыпты, оның алдында соғысқа біздің еліміз көөөп көмек беріпті, сссрдің кезінде жақсы екен, Горбачев құртып кетіпті, бір баласы бар, онысы Корея ма бір жаққа жұмыс іздеп кетіпті, сүйтіпті-бүйтіпті дейді апамның әңгімесі. Сүйтіп отырып-ақ менің төрт жыл оқыған лекциямды қайталап тастайды Фая «бикеш»
***
Он бесінші күні ақшам тақа таусыла бастады, өзімше жинап-жинап басқа жұмысқа тұрмақшы боп жүргем, иттің құрметіне жаратылып бітуге айналды. «Бүгін соңғы күн ғой, шыдайын» деп барып ем, браш тағы бірдеңені көңірсітіп отыр. Амал жоқ, «өзі бір жақсы адам екенін, кішіпейіл, білімді екені көрініп тұрғанын, негізі ол менің итім емесін, қайдағы бір кемпірге бола танымайтын иттің ит қып жібергенін» тағы бірдеңе-бірдеңелерді айтып жүріп, «мынау еңбегіңіз босын» деп жүріп, құтырмағанына көз жеткіздім, онда да он жетінші күні, оңаша сөйлесіп. Сөйтіп екеуміз апамды сендірдік, ол кетті көңілі жайланып, кеттім кеттім жайыма. Содан бір күні, бір күні болғанда құтырмағанына көзіміз жеткен күннің ертеңіне болу керек, апам тағы кеп тұр «Где Лайка?» деп. Төбе шашым тік тұрды, «тағы не болд?» Сөйтсем, апам байғұс итті асырап алуға кепті, өзі байқап жүріпті, кім боса сол, түртпектей береді, өйтуге болмайды, ит те Құдай жаратқан мақұлық, адамдар жануарларға жанашырлықпен қарау керек, сөйтсе, ана дүниеде сауабы тиеді екен, қысқасы Лайка Фая «бикешпен» бірге кетті. Ееемааее, екі апта сандалтпай «нечего страшнаба» дегенде көне салса, бастығым «күнде осы жерде жүрген ит қой» десе, ана браш барған күні-ақ «құтырмаған» дей салса, жиған тергенім қалтамда қалар еді, ол да сауап шығар, «мен де Құдай жаратқан жануармын ғо» деп айта алмай мен қалдым артында. Сол күні жұмыстан шықтым, қазір боспын, екі диплом жатыр сандықта, анда-санда Лайка есіме түсед, жағдайы менен тәуір шығар деп қоям, өзімше жақсылық тілеген түрім ғой енді, қайтейін, жақсы оқыған жас маманды жұмысқа алайық, сөйтіп сауап жинайық дейтін ешкім болмай тұр, әзірге…
Пернебай Бердалыұлы Сапаров.

 

Он бес сөтке…
Қолымда бір бөтелке сырам бар, әлгінде ғана той дан келгем, жүз метр жердегі пәтеріме шылымымды бұрқыратып аяңдап келе жатыр ем, қызылды-жасылды шамы жарқырап млисаның мәшинесі қуып жеткені. Алдыңғы есігі ашылып жас жігіт түсті.
- Сержант Пәленшейвпін мен, ағасы, құжаттарыңыз…
- Нағылған құжат?…
-Төлқұжатыңыз..
- Інім мен анау үйде тұрам ғой,- дедім сержант байырғы танысым секілді. – Құжатым үйде.
- Онда көлікке отырыңыз…
- Тыныштық па?
Мән жайды жаңа қосылған екінші сержант түсіндірді. Сөйтсем көшенің бойы қоғамдық орынға жатады екен, мен түннің бір уағында қоғамдық орында ішімдік ішіп, темекі тартып, тәртіп бұзған, құжатын алып жүрмейтін барып тұрған оңбаған бұзақының нақ өзі екем. Сол үшін мені жазаламақшы енді.
- Жігіттер мүмкін, түсінісіп кетерміз.
- Жоқ.
Екі сержанттың екеуі де өз жұмыстарына берілген, адал сүт емген ұландар болса керек, «жоқ» деп бірдей айтты.
- Енді не болады?
- Бөлімшеге барамыз қағаз толтырамыз.
- Сосын…
- Сосын сіз айыппұл төлейсіз..
- Інім айыппұлды қоя тұр. Онсыз да ертең пәтерақы төлеуім керек. Таң атпай қожайыным келеді. Ақша өзіме де керек боп тұр. Жазаның басқа түрі бар ма?
- Әрине, он бес сөткеге қамаласыз кем дегенде…
- Он бес сөткеге…
Жазаның осы түрі қатты ұнады маған.
- Мен әйеліме звондап «бала-шағаны ап шық» дейінші…
- Жай ма?
- Айттым ғой ертең қожайын пәтерақыға келеді. Ал мен соңғы ақшама тойға барып келе жатырмын. Он бес сөтке болса да өз еркіммен қамалғаным дұрыс қой, жатын орын тегін. Үш мезгіл тамақ береді иә ол жақта…
- Мазақтап тұрсыз ба?
Мен шынымды айтып тұрған едім. Ойлап қарашы, тегін тамақ, жылы жер… ақысын сұрап жатқан ешкім жоқ. Әттең біздің елімізде бала-шағаңмен қосып соттайтын заң жоқ, әйтпесе кішігірім қылмысыңды істеп, қатыныңды қолтықтап, балаңды жетектеп түрмеге барып жатып алсаң.
- Пәтерақы таппай жүрген адамға ұқсамайсыз ғой. Шырт киініп алғансыз, өзіңіз тойдан келе жатырсыз.
- Шырағым сен «бөрі азығын білдірмес, сыртқы жүнін қампитар» дегенді естіп пе ең..
- Ну..
- Дым да нуы жоқ оның. Біз бөрі тектес қазақпыз, сыртқы жүнімізді қампитып жүреміз. Миллиондап банкке қарызбыз, немістің мәишинесінде шырт түкіріп отырамыз. Қалтамыздың тесігін тышқан аралап жүреді, ақ көйлек қара шалбармен автобус күтіп тұрамыз. Өзбектер екі жүз бұқасын өзі бағып, күтеді, біз есігімізге екі бұқа бітсе адамға бақтырамыз. Мен де таза қанды қазақпын, шырағым, алпыс мың айлығым бар, аптасына екі рет тойға барам. Ертең жұмысқа жаяу… жақын жерде істейм сонысы жақсы…
Сержанттардың жүзі жылиын деді, қайтсін байғұстар олар да өзіміз секілді адам.
- Тойға бармай-ақ, пәтерақыңызды бермедіңіз бе?,-дейді біреуі.
Мына сөзге кәдімгідей ренжіп қалдым мен. Ақылына болайын, мен де Құдайдан үміті бар адаммын, ертең өзім де той жасамайм ба, соған ағайын туыс келмей ме екен. Қазір біреуге бармасаң, бірдеңе апармасаң біреу саған келе ме? Бүкіл қазаққа тән логикаға басы жетпей ме, млисамысың деген. Мен ойланып болғанша, бетін ашатын келінді ерткен жеңгелер ұқсап, екеуі екі жағымнан қолтықтап апарып мәшинеге салып алды. Рулде тағы біреуі отыр екен.
- Сөйлеп отыр, мырза, – дейді маған.
- Мен тек жиналыста сөйлеуші едім.
Көлік сырғып жүріп кетті. Қатын-бала үйде қалды, «амал қанша тегін тамақ пен жатын орының қызығын өзім ғана көретін болдым» дедім іштей. Екі көше жүрген соң, рулдегі млисамен де тіл табысып үлгердім. Форма кигені болмаса олар да нағыз қазақтың жігіттері. Әңгімеміз жарасып жүре берді. Көше соңындағы қараңғылау тасаға тоқтадық.
- Ағасы біз жұмыстағы адамбыз.
- Түсінем ғой…
- Сіз тойдан келе жатыр екенсіз, бір шаршадық дегендей…
Рулдегі жігіт (есімін білсем де айтпай-ақ қояйын) алдыңғы орындықтың астынан бір бөтелке суырды. Оған қоса пластмас стакан, тұздалған қияр, жарты лепешка шығарып әп-сәтте дастарқан жасап тастады. Сөйтіп күтпеген жерден, түннің бір уағында млисалармен арақ ішуге тура келді. Арақ шіркін не дегізбейді, бөтелке біткенше үшеуінің де өзім сияқты пәтерианттар, алды үш, арты екі баланың әкесі екенін, жақында ғана біреуі пәлен ақшаға жер алып, онысы қызыл сызыққа түсіп қап, уайымдап жүргенін, үйдегі келіннің «жұрттар сияқты қашан өз үйіміз болады? Ақша жинап үй салайық та» деп құлақтың құрт етін жейтінін, олардың да тойға бару керек екенін, біреуінің әлі балаларының мектеп киімін алмағанын біліп алдым. Бәрімізге тән қиындық млисалардың да басында бар екен, кәдімгідей жаным ашыды оларға. Бірдеңе болса «менттер» деп шығамыз, оларда адам, адам болғанда да қазақ қой, бір-екі мәрте «козелдер» деп өзімше кіжінгенім бар еді, соған қатты ұялдым, өздеріне айтқан жоқпын бірақ. Елдің тыныштығы, деннің саулығын тілеп тост көтердік. Бөтелке демде таусылды. Бөтелке таусылған соң, әңгімеден де мән кетті. Жоқтық жомарттың қолын байлап, мен де ләм демедім. Ақыры рулдегі жігіт түсіп қап, қайта беруімді ескертті.
- Жеткізіп тастамайсыңдар ма?
- Братан, біз такси емеспіз.
Жауаптары салқын шықты, млиса екендері естеріне түсті-ау дейм, мүмкін мен тағы бір шөлмек алғанда, апарып тастайтын да ма еді кім білген.
Не мас емес, не сау емес дүбара кәйіппен үйге келе жатырмын. Миымда дыңылдап он бес сөтке тұр… он бес сөткеге… әттең бала-шағаны ап кетпейтінім қиын боп тұр ғой, әйтпесе… үш мезгіл тамақ береді екен, пәтерақы төлемейсің… Мен негізі елдің, жердің, Отанымның қамын ойлайтын, ұлтымды сүйетін, халық үшін жанын беруге даяр патриот азаматпын, просто, ертең қожайын келеді, пәтерақыға… Айтпақшы әлгі млисаның да ертең бе арғыкүні ме пәтрқысын төлеуі керек екен, соған… жұмыс істеп жүр…
Пернебай Бердалыұлы Сапаров.

kerey.kz

 

Related Articles

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • БІР АУЫЛДАҒЫ  ЕКЕУДІҢ ТАҒДЫРЫ

      Жұмат  ӘНЕСҰЛЫ   ( Махаббат туралы әңгіме) “МЕН СЕНЕН БАСҚАНЫ ӨЛГЕНШЕ  КӨРМЕЙМІН ДЕП СЕРТ БЕРІП ЕДІМ ӨЗІМЕ” “ДЕДІ БУЫНЫП ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТҚАН МАЙСА ДЕГЕН ҚЫЗ.. Бұл БАЙТӨБЕ деп аталатын ауыл. БҰРЫН ҮЛКЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ БОЛҒАН.ОҚУ АЯҚТАЛЫП, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМА БАҒЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ТОЙЫ МЕН  СЫНЫПТАС ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ТОЙЫ БІРГЕ ӨТЕІЗІЛЕТІН БОЛҒАН. ЖАРАСТЫҢ ƏКЕСІ ФЕРМЕР, АЗДАП ЕГІСТІГІ БАР. Ал Жараспен біргн оқыған Əміренің əкесі əкімшілікте қызмет жасайды, əрі жеміс өсіреді. БҰЛ ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАНДА БОЛҒАН ТРАГЕДИЯ. ЖАРАС ПЕН МАЙСА МЕКТЕП БІТІРІП,, ӨЗ СЫНЫПТАСТАРЫМЕН МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН БАҚТА ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫН МЕКТЕП БІТІРУ ТОЙЫМЕН ЖАЛ,ҒАСТЫРМАҚШЫ ЕДІ. МЕКТЕПТІҢ БАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛМЕН ЖАЙНАП ТҰР. оҒАН ТҮРЛІ ТҮСТІ ЛАМПАЛАР ҚОСЫЛҒАН. сЫРТЫНАН

  • МӘҢГІ ҚАЗАҚ(ертегі фэнтези) 

    ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАлып жатқан  ҚИЯНАТ КӨП БОЛҒАСЫН, « Мәңгі қазақ» атты әңгіме жазсам деп жүретін едім. Осыдан бір күн бұрын сол әңгіменің сюжетіне келетін түс көржім. Кешеден бері жазуға кіріссем бе деп жүр едім, сәті бұгін түскен сияқты. ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ Өте ертеде емес, бүгінде емес, ғылым докторлары Санжар мен Балжан институтта қызмет ететін.Өздерінің лауазымдарына қарай қарапайым екі қатарлы жақсы салынған коттеджде тұрды.Интеллигент адамдар өмірдің қиындықтарына көп мін бере қоймайды ғой, Өмірлері мәнді, жайлы өтіп жатты. Жақсылықта көп күттірген жоқ, Санжар мен Балжан ұлды болып, коттеджде шағын той өтті. Неге екенін қайдам, әке шешелері ақылдасып, ұлдарыныі есімін Аңсар деп атаған. Аңсар ертедегідей тез де өскен жоқ, кеш те өскен жоқ. Тәрбиелі жігіт болып

  • СУ ІШКЕНДЕ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫУШЫНЫ ҰМЫТПА

    (23 – әңгіме) БАЙАХМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ — Біздің заманда сендерше киімнен-киім таңдайтын жағдай қайда, жамап-жасқап, тон, шалбар кисек те жететін. Сөйтіп жүріп аянбай еңбек еттік. Бүгінгі күн басатын жолды ол кезде айлап жүрдік, тіпті бүгінгідей дүниенің төрт бұрышынан хабар тауып отыратын жағдай қайда? — деген қария немересінің жұмыстың қырын білмей, тік қасық болып өсіп келе жатқанына наразы бейнесін аңғартып, өз өмір кешірмесінен кеңестер қозғаған. Немересі: — Ата, сол дәуірде туған өздеріңіздің сорлы болған тәлейлеріңізден көрмейсіз бе? Оларыңызды бізге айтпаңыз, —демей ме. Ашудан жарыларман болған қария: — Е, ондай болғанда «Ұрпақ үшін бақыт-байлық жаратсам» деп тер төгіп, жан қиып, азып-тозған ата-бабаларың сендерге айыпты болғаны ғой. «Теңдік үшін» деп әкем оққа ұшты. Ал

  • Мұхтар Мағауин: ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ…

    яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүдәмалда қалмасын деп. Алдымен, айқайлы сұхбатты оқымаған бүгінгі жұртшылық үшін, ең бастысы – Д.Исабеков бауырымыздың мүбәрак есімін кейінгі заманға ұмыттырмай жеткеру

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: