|  | 

Көз қарас

Гипер жобалардың жолы бола ма?

1336-6-tynyshtykbai_auesbaev_z_ru

Кеңес одағы жылдарында мемлекеттің экономикасы гигантоманияға құштар болды.
Бір орталықтан басқарылған жоспарлы экономикада олар азды-көпті тиімділік көрсетті,
бірақ нарықтық экономикаға көшкенде солардың бәрі адыра қалды. Өйткені, нарық
гигантоманияны сүймейді, ол нақтылыққа икемділікті ұнатады.
Сол сияқты Қазақстан да осы уақытқа дейін қазақтың «көрпеңе қарай көсіл» деген
нақылын ұмытып, гипер жобаларға, мега жобаларға құмарлық танытып келеді. Мәселен,
«Қазақстан-Түркіменстан-Иран» халықаралық теміржол маршруты жобасына бастамашы
болып, ақыры оны 2014 жылы іске қосты. Әріптестеріміз болып отырған екі елдің
тауарлары да нарықты жарып, ағылып жататындар емес. Оған Қазақстан арқылы Ресей
қосылғанда да тауарлары біртекті, бәрінің де қаузайтыны негізінен табиғи ресурстар. Осы
жолмен Қазақстан тауарлары Парсы шығанағына тікелей шығатын болады деп
жалаулатқан едік. Сол дәмеміз ақталды ма?
Жуырда Мәжілістегі Қазақстанның халықтық коммунистері партиясы
фракциясының атынан депутат Айқын Қоңыров Үкіметке сауал жолдап, осы жолдың
жобалық қуаты 2020-шы жылдары жылына 15 млн. тоннаға жетеді деген едіңіздер, ал
биылғы 10 айда бар болғаны 1 млн. тонна ғана жүк тасымалданған. Соның ішінде транзиті
200 мың тоннаға да жетпейді. Осының себебі неде деген сауал қойды.
Сонымен бірге депутат қазақстандық учаскесі келесі жылы толық іске қосылатын
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автомобиль коридорының тиімділігіне күмән
келтірді. Әрине,- дейді депутат, -бұл трасса біздің республиканың іші үшін өте маңызды,
ел аймақтарының бір-бірімен тығыз қатынасына қолайлы болып келеді. Бірақ транзиттік
маршрут ретінде пайдасы бола қояр ма екен? Біз негізінен оның транзиттік әлеуетінен
үміт етіп кірістік емес пе? Ал жолдың транзиттік қуаты Ресей аумағындағы учаскесі іске
қосылғанда ғана толық күшіне енеді. Алайда ресейліктер өздеріне санкциялар жасап
жатқан Еуропа елдеріне жол тартуға асығатын емес, оны ең жылдам дегенде алдымыздағы
5 жылда ғана бітіруі мүмкін. Бірақ бұл уақыттарда Қазақстанға жол салуға қарыз берген
халықаралық банктер қарап тұра ма? Оның үстіне қарыздың өзі күнде өсіп бара жатқан
доллармен берілсе… Айналып келгенде бәрі мемлекеттің бюджеттің бүйірін теспей ме?
ҚХКП фракциясы осы мәселені көтере отырып, үкіметті осы тығырықтан
шығаратын жол іздеуге шақырды.7585d8a19dd07a26b6649ab2b937bc47
Сол тиімді жол табыла қояр ма екен? АҚШ-тың Қытай тауарларының тынысын
тарылтып, баж салығын арттырып жатқанынан үміт етуге бола ма? Сол жаққа ағылатын
мол дүние Қазақстан арқылы Еуропаға ағылуы мүмкін бе? Осы перспективаның

орындалуы мүмкін болса онда Ресейді өз учаскесін тезірек аяқтауға көндіру керек қой. Ол
біздің Үкіметтің қолынан келе ме?
Міне, гигантоманияға құштар біздің үкіметтің алдына қазір осындай күрделі
сұрақтар тартылып тұр.

С.ЕЛЕУ, сарапшы

Related Articles

  • Ныгматуллинге хат

    Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы! Түрік парламентінің спикері М.Шентоп мырза біздің елге келіп кеткеннен кейін біраз мәселенің әлі күнге дейін басы ашылмай қалып отыр. Қазірге дейін нұршылар мен гүленшілер сектасы туралы аз жазылған жоқ. Феткуллах Гүленнің жұмысына сараптама жасап қарасақ, оның жамағатындағы капиталдың жалпы көлемі 50 млрд доллардан асып кетеді екен. Бұл ақшаның бәрін олар заңды жолмен тауып отырған жоқ. «Нұршылардың» есірткі тасымалы мен қару- жарақ саудасы сияқты табысы көп кәсіпке де қатысы болуы мүмкін. Түрік баспасөзі осыған дейін олардың Түркиядағы бар капиталдың 30 пайызына («ислам капиталы») дейін иелік етіп отырғанын талай рет жазды. Мемлекет тарапынан қысым көргеннен кейін нұршылар астыртын әрекетке көшіп, спецслужбаға ұқсайтын арнаулы қызметті де құрыпты. Олар түркітілдес халықтар

  • Терроршыл Челахтың қайталанбауына кім кепіл?!

    2019 жылдың 8-21 қыркүйегінің аралығында, ресейлік Екатеринбург қаласында әуесқой бокстан кезекті әлем біріншілігі өтті. Мен осы жаһандық додаға журналис ретінде аккредитацияланған едім. Алты медаль жеңіп алған қазақ құрама командасы тағы да жер жүзіндегі жұдырықтасудың көшбасшысы екендігін дәлелдеді. Сатқын қазы-билердің зымияндығы болмаған жағдайда, Свердловск аймағы шаршы алаңындағы былғары қолғап шеберлеріміздің жетістіктері одан әрі ұлғая түсер еді. Дегенмен, 81 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жаңа әлем жеңімпазы, соққылары жойқын маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетовтың қарқынды өрлеуіне ешкім тұсау сала алмады. Әр қарсыласын есеңгіретіп жіберді жас чемпионымыз! Тіпті, аты аңызға айналған кубалық Олимпия жеңімпазы Хулио Ла Крустың өзі біздің боксшыдан ойсырата ұтылды. Бір қызығы, ширек финалындағы жеңісінен кейін Ла Крустың қолтаңбасын алдым және ақтық сындағы жеңісінен

  • Сібір жұрты немесе КӨШІМ хандығы құлағаннан кейін Батыс Сібір аймағында өзгеріске ұшыраған жер-сулардың байырғы атаулары.

    Шарлақ уезіндегі ел, жер, су атауларының шығу төркіні Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов және Ақжар ауданының жері Совет үкіметі орнаған алғашқы жиырмасыншы жылдары Ақмола губерниясына қарасты Орехов ауданының негізінде құрылған Шарлақ уезінің қарамағына қарады. Оның құрамында он бес болыстық әкімшілік болды. Осы он бес болыстың ішінде Алабота, Қойтас, Қорған (кейіннен Қара Ой болысы атанды), Қызылағаш, Керей, Теке, Қарауыл (бұрынғы Николаев болысы) болыстарының негізгі бөлігі қазақтар болғандықтан көшпелі болыстар атанған еді. Бұл болыстар қазіргі көршілес Уәлиханов және Ақжар аудандарының аумағы. Қалғандары: Добровольская, Дробышев, Котельниково, Орехово, Покров, Русская Поляна, Степанов, Черноусов болыстары Омбы облысына берілді. Бұланбай ауылының тумасы Зейнолла Оспанұлын ауыл балалары «Зәкен әтәй» деп атайтын едік. Ел мен жердің тарихын, осыған

  • ДАУДЫҢ БАСЫ ДАЕШ-тен 2

    Eldes Orda Естеріңізде болса өткен жылдың қазан айында аталмыш тақырып аясында алғашқы постымды жариялаған едім. Одан бері бір жылдың көлемінде аймақтық стратегиялық саясатта көп өзгерістер түбегейлі орын алып жатыр… Сирия аумағындағы ДАЕШ-тің негізгі қарулы күштері дәл бүгінгі уақытта Ауғаныстан аймағына топталып болып қалды десек те болады. Сириядағы ДАЕШ күші соңғы кездері әлсіреді де, негізгі қарулы топтар Орталық Азияны бетке алып Ауған топырағына ағылып кете барды. ДАЕШ-тің Сирия аумағындағы осы бір өлара әлсіз тұсын жіті бақылап отырған Қазақстан “Жусан” жобасын ұйымдастыра қойды да өңірдегі қандастарымызды елге әкеліп алды. Бірақ, мынаны анық білуіміз керек, өңірдегі саяси ойын бұнымен біткен жоқ, өңірдегі саяси ойын енді басталуы бек мүмкін… 2017′ден бері Сирия аумағынан және

  • Әкежан Қажыгелдин: “Назарбаев менен кешірім сұрады

    Қасым АМАНЖОЛ Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин (оң жақта) және журналист Қасым Аманжол. Скайп-сұхбат. 6 қыркүйек 2019 жыл. 1994-1997 жылдары Қазақстан премьер-министрі болып, 1998 жылы елден кеткен Әкежан Қажыгелдин Азаттыққа берген сұхбатында шетелде бірнеше рет Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенін айтты. 6 қыркүйекте Алматыда «Ақиқат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 15-съезінде партия басшыcы Ермұрат Бапиға ЖСДП мүшелері сенімсіздік білдіріп, ақырында Бапи төрағалықтан кетіп, партиядан да шығарылды. Жиында кейбір партия мүшелері Бапидың биыл көктемде бір топ белсендімен Парижге барып, Қазақстанның бұрынғы премьері Әкежан Қажыгелдинмен партия рұқсатынсыз кездескенін айыптады. Бапидің орнына Асхат Рақымжанов партия жетекшісі болып сайланды. Дәл осы күні Нұр-Сұлтанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы жиыны өтті. Бұл кеңесті Тоқаев халық пен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: