|  |  |  | 

kerey.kz TV Көз қарас Саясат

Әкежан Қажыгелдин: “Назарбаев менен кешірім сұрады


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин (оң жақта) және журналист Қасым Аманжол. Скайп-сұхбат. 6 қыркүйек 2019 жыл.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин (оң жақта) және журналист Қасым Аманжол. Скайп-сұхбат. 6 қыркүйек 2019 жыл.

1994-1997 жылдары Қазақстан премьер-министрі болып, 1998 жылы елден кеткен Әкежан Қажыгелдин Азаттыққа берген сұхбатында шетелде бірнеше рет Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенін айтты.

6 қыркүйекте Алматыда «Ақиқат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының 15-съезінде партия басшыcы Ермұрат Бапиға ЖСДП мүшелері сенімсіздік білдіріп, ақырында Бапи төрағалықтан кетіп, партиядан да шығарылды. Жиында кейбір партия мүшелері Бапидың биыл көктемде бір топ белсендімен Парижге барып, Қазақстанның бұрынғы премьері Әкежан Қажыгелдинмен партия рұқсатынсыз кездескенін айыптады. Бапидің орнына Асхат Рақымжанов партия жетекшісі болып сайланды.

Дәл осы күні Нұр-Сұлтанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы жиыны өтті. Бұл кеңесті Тоқаев халық пен билік арасында диалог орнату үшін құрған еді. Қажыгелдин Азаттыққа берген сұхбатында ЖСДП-дағы дау мен Ұлттық сенім кеңесінің жиыны жайлы айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасын көріңіз: 

https://www.youtube.com/watch?v=cavfG8jbwIU

«БҰЛ – НАЗАРБАЕВ ПЕН ДАРИҒАНЫҢ ІСІ»

Азаттық: Партия мүшелері Бапиді орнынан алып тастағанда оның Парижде Қажыгелдинмен және Атырау облысының экс-әкімі, сырттай сотталған Бергей Рысқалиевпен кездесуді себеп қылды. Партия мүшелері «Бапи солардың ықпалына түсуі мүмкін» деді. Бұған не дейсіз?

Әкежан Қажыгелдин: Партияның жаңадан сайланған жетекшісі Асхат та Париждегі кездесуге қатысқан. Логика қайда? Ермұратты [Бапи] кездесу үшін қатардан шығарып жатса, Асхат Рахымжановты сайлауы қалай? Парижге жиналуға ешкім ешкімді қинаған жоқ. Жігіттер алда келе жатқан сайлау туралы пікір алмасуға өздері жиналды. Асхатқа сәтті саяси сапар тілеймін. Ақырғы 4-6 жылдай бұл партия ұйықтап жатқан партия болды.

Қазақстан оппозициясының шетелдегі бюросы ұйымдастырған Париж конференциясының қатысушылары. Отырғандар (солдан оңға қарай): Ермұрат Бапи, Әкежан Қажыгелдин, Бергей Рысқалиев және Серік Медетбеков. Бірінші қатарда: Асхат Рақымжанов (оң жақта). Париж, 21 мамыр 2019 жыл.

Қазақстан оппозициясының шетелдегі бюросы ұйымдастырған Париж конференциясының қатысушылары. Отырғандар (солдан оңға қарай): Ермұрат Бапи, Әкежан Қажыгелдин, Бергей Рысқалиев және Серік Медетбеков. Бірінші қатарда: Асхат Рақымжанов (оң жақта). Париж, 21 мамыр 2019 жыл.

Азаттық: Бүгінгі өзгеріс туралы кейбір саясаткерлер «мұның артында кейбір саяси күштер тұруы мүмкін» деді. Бұған не айтасыз?

Әкежан Қажыгелдин: Әрине, олардың артында тұрған күштер бар. Ең біріншісі – бүгінгі билік. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысы жоқ. Ол кісіге мұндай тірлік қажет емес.

Азаттық: Ақорданың қатысы жоқ дейсіз ғой?

Әкежан Қажыгелдин: Ақорданың, Тоқаевтың қатысы жоқ. Бірақ [президент] әкімшілігінің қатысы бар. Мұның артында тұрған – [Қазақстанның бұрынғы президенті] Нұрсұлтан Назарбаев пен оның үлкен қызы Дариға [Назарбаева].

Азаттық: Партияға ықпал етуге ойларыңыз болды ма?

Әкежан Қажыгелдин: Париждегі кездесуде демеуші ретінде менен басқа, Бергейден басқа төрт адам отырды. Оның үшеуі Қазақстаннан келді. Біз бүгінгі заңды – жақсы болсын, жаман болсын, ұнасын, ұнамасын – біліп отырмыз. Бәрін біліп отырмыз ғой. Сондықтан партия демеушілері – елде отырған азаматтар.

«НҰРЕКЕ, СІЗ ХАЛЫҚТЫ ЕКІГЕ БӨЛІП ЖҮРСІЗ»

Азаттық: 6 қыркүйек күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Сіз оны бақылай алдыңыз ба? Сенім кеңесінен үміт күтесіз бе?

Тоқаевқа бүгін өте сауатты, қолында нақты билігі бар, халықтың өзі дауыс беріп, таңдаған парламент керек. Назарбаевтың құрған командасы Тоқаевқа артық қадам жасауға мүмкіндік бермейді.

Әкежан Қажыгелдин: Бұл кеңестен бір нәтиже шығуы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі нәрсе керек. Бірі – мінез, екіншісі – жақсы мінезі мен білімі бар команда. Мен іштей Тоқаевты жақсы біліп отырмын. Ол – сауатты, білімі бар азамат. Оның ішкі көзқарасы Нұрсұлтан Әбішұлының көзқарасымен сәйкес емес. Мен оған сенбеймін. Ол тарихта өзінің ізін қалдырғысы келсе, бүгінгі тіршілік оған жеткізбейді. Ол үшін халықты жинап, әкімшілік таңдаған емес, кездесуге кіре алмай жүргендермен жиналыс өткізуі керек. Бұл – бірінші мәселе.

Екіншіден, Тоқаевқа бүгін өте сауатты, қолында нақты билігі бар, халықтың өзі дауыс беріп, таңдаған парламент керек. Жанында отырған бюрократтармен ол кісі соғыса алмайды, тіке айтқанда. Назарбаевтың құрған командасы Тоқаевқа артық қадам жасауға мүмкіндік бермейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгіннен бастап халыққа қарсы емес, халыққа сүйенуі керек. Халыққа сүйенсе, ойындағы бағдарламасын орындайды. Тоқаев бірдеңе шешемін десе, Дариға Назарбаеваны босатуы керек. Сенатта отырған Дариға халықтың ашуын тудырып отыр. Сол мәселені шешпей, әңгіме болмайды. Одан соң Конституцияны өзгерту керек. Халықтың алдына мәселе ретінде қою керек. Нұрекең демалысқа шықпай, ол кісі қызметтен кетпей, бұл елде ешқандай өзгеріс болуы мүмкін емес. Мұны көшеге шығып халық не Тоқаевтың өзі жасауы мүмкін.

Әкежан Қажыгелдин.

Әкежан Қажыгелдин.

Азаттық: Конституция бойынша президенттің ықпалы зор, мүмкіндігі жоғары. Назарбаев бар кезде Тоқаев өз өкілетін пайдалана отырып, дербес, тәуелсіз әрекет етіп кете ала ма?

Әкежан Қажыгелдин: Заң бойынша, өкілеті жеткілікті. Мәселе мінезде. Ұлттық үлкен компанияның быт-шытын шығарып, 6 миллиард доллар банкрот жасаған адамды (Асқар Маминді) үкімет басшысы етіп тағайындап отыр (Мамин “Қазақстан темір жолы” компаниясын басқарып тұрғанда кредиторлар алдындағы қарызы 6 миллиард доллар болғаны хабарланған – ред.). Бұл қайда бара апаратын шешім? Ұлттық банк ақшасын шетелдегі кішкентай, бұрышта тұрған банктерге апарып салып қойған. Оның ішінде Әзербайжандағы зейнетақы қорының (БЖЗҚ-ның шамамен 225 миллион доллары салынған Әзербайжан банкі банкротқа ұшыраған. Қазақстан билігі бұл ақшаны қайтаруға тырысып жатыр – ред.) қаржысы бар. Оған ешкім жауап бермейді. Неге Ұлттық банктен миллиардтаған теңге көмек сұраған банктің («Халық банкпен» біріккен Qazkom банкті айтады – ред.) акционерлері мен басшылары жауапқа тартылмайды. Бірақ бұрынғы «Тұранәлем банкінің» басшысының (Мұхтар Әблязов – ред.) шетелде қуғында жүргеніне 10 жыл болды. Мәселе – қарым-қатынаста. Нұрекең қазақтың таңдаулы жігіттерінің жеке басын жек көреді, солардың соңына түсіп алады. Мен ол кісімен кездестім. Бүгін айтайын енді.

Азаттық: Кіммен?

Әкежан Қажыгелдин: Нұрсұлтан Назарбаевпен.

Азаттық: Қашан?

Әкежан Қажыгелдин: Бірнеше рет.

Азаттық: Кейінгі жылдары ма?

Әкежан Қажыгелдин: Иә, мен шетте жүрген кейінгі жылдары. Мен ол кісі «Нұреке, сіздің ең басты кемшілігіңіз – сіз қазақты бөліп жүрсіз. Жаныңызда Рахат бар, Тимур бар, анау бар, мынау бар. Мен неге жоқпын? Менің кінәм не? Сізге дұрыс сын айтқанымда ма? Сіз қызметке шақырғанда «Мен сізге ұнасын, ұнамасын – шындықты айтып тұрамын» деп келісіп едік қой. «Жарайды» деген сол кезде. Мен ол кісімен әңгімені «Нұреке, біліп жүріп айтпады демеңіз. Сол үшін айтам» деп бастайтынмын. Содан соң менен кешірім сұрады ғой. «Айналайын, кешір, біз жасаған тіршілік артық болып кетті» деді. Мойындайды. Бұл әңгіме АҚШ өкілдерінде жазылған. Кездесуден шыққан соң басқаша жасайды. Бізге ондай ұлттық лидерлердің керегі жоқ. Бізге керегі – сауатты, халықтың мүддесін ойлайтын лидерлер. Нұрекең өзінің бар жетістігі – отбасын бай етті, өзі 30 жылдай билікте отырды. Енді «шіркін-ай, балаларымды жеткізсем» дейді. Енді бұл халықтың қолында.

ШЕТЕЛГЕ КЕТКЕН АҚША ТУРАЛЫ

Азаттық: Сіздің қолыңызда Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржы көлеміне қатысты, ол жағдайларға дәлел болатын қандай құжаттар бар?

Әкежан Қажыгелдин: Шетелде KIAR (Kazakhstani Initiative on Asset Recovery – ред.) деген ұйым бар. Оның мүшелері – Қазақстаннан кеткен қазақтар ғана емес, құрамында Германия, Франция, Ұлыбритания, Канада мен АҚШ-тан қосылған журналистер бар. Үкіметтік емес ұйым сияқты. Біздің бүгін сол ұйым арқылы дәлелдай алатынымыз – 70 миллиард долларға жуықтайды. Бірақ, өзімнің, басқа да бақылаушылардың санауынша, 180-200 миллиард доллардай.

Азаттық: Ол қаражат қандай жағдайда қайтуы мүмкін?

Дариға Назарбаева.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Панама архивінде” Дариға Назарбаеваның аты тағы да аталды

Әкежан Қажыгелдин: Тоқаев қоғаммен, журналистермен бірігіп, шетелден заңгерлерді шақырса, бізге үндеу жасаса, көмектесеміз. Оны 18 айда қайтаруға болады. Дұрыс амнистия қабылдап, заң шығарса, 80 пайызын қайтаруға болады.

Азаттық: Ол қаражат нақты бір азаматтар атына тіркелген бе, әлде белгісіз заңды тұлғалар атында ма?

Әкежан Қажыгелдин: Ең бірінші, олар офшор компаниялардың артына тығылған. Panama Papers дегенді оқыдыңыз ғой. Оның арасында Дариға да, «Қазкоммерцбанктің» бұрынғы басшылары да бар. Оның бәрі белгілі. Ол офшор компанияның артында Қазақстанда туып-өскен азаматтар, Назарбаев отбасының мүшелері, министрлер мен ұлттық банктің бұрынғы басшысы бар. Сауат Мыңбаев деген қазір «Қазақстан темір жолын» басқаратын, көп жыл «ҚазМұнайГаз» бен «Самұрық-Қазына» компанияларында басшы болған кісінің атында бізге белгілі үш жердің өзінде ақша жатыр.

«ЕЛГЕ БҮГІН ЖЕТУГЕ ДАЯРМЫН»

Азаттық: Сіздің қазіргі статусыңыз қандай? Іздеу жарияланған тұлғасыз ба? Қазақстан билігі сұрата ма?

Әкежан Қажыгелдин: Мен өзім қызық бір жағдайдамын. Бір жағынан үкімет мені елге келтіргісі келмейді. Көреміз енді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалай боларын. Нұрекең менен қорқыңқырап жүреді. Бірақ менің пікірімді сыйлайды. Мысалы, 2009 жылы экономикалық дағдарыс кезінде, сосын «ұрланған ақшаны қайтарайық» деп ұсыныс жасағанда екі рет менен тікелей шығып, «меморандум жазып берші» деген. Жазып бердім.

Азаттық: Назарбаев па?

Әкежан Қажыгелдин: Иә, Назарбаев. Мен ол кісіге бір қағаз емес, 1 сағат 10 минуттық аудиохабарлама жібердім. Оның ішінде «Кәрім Мәсімов үкімет басшысы ретінде жарамайды. Содан құтыл» деп айттым. Ол Мәсімовті шақырып алып, «Мен Әкежаннан хабар алдым. Сені қызметінен алып тастасын деп ұсынып отыр» депті. Нұрекеңнің мінезі сондай – жігіттерді бір-бірімен шағыстырып жүреді. Ол кісі «Әй, мен болмасам, сендер құрисыңдар» деп арбитр ретінде отырады. Он шақты жыл бұрын үкіметті жинап алып «Әкежанды елге қайтарып әкелем. Екі аяқтарыңды бір етікке тығады» деп айтады екен. Оған тірі куәлер бар. Мен – көп қазақтың бірімін. Әрқашан еліме жаным ашып отырады.

Азаттық: Елге оралғыңыз келе ме?

Әкежан Қажыгелдин: Әрине, ертең жетуге даярмын.

Азаттық: Сізге заңдық тұрғыда шектеу жоқ па?

Әкежан Қажыгелдин: Кім біледі, Нұрекеңнің басында не барын. Ол Тоқаевтың емес, Назарбаевтың қолында.

Азаттық: Қазақстанда нені сағындыңыз?

Әкежан Қажыгелдин: Қазақстанның жерін, жусанның иісін сағындым. Тауларым қалды. Алатау… Бәрін-бәрін сағынамын. Бірақ бүгінгі технологияның арқасында музыка да, әңгімелер де, жаңалықтар да жетіп тұрады. Он шақты жыл бұрын қиын болатын.

Азаттық: Бүгінгі сұхбатта өтірік айтқан жоқсыз ба?

Әкежан Қажыгелдин: Менің білетінім, өтірік айту үшін басың мықты істеуі керек қой. Қолыңнан келсе, өтірік айтпа. Бұл – менің бірінші іштей сақтап жүрген заңым. Ал жаңа айтып кеткен нәрсенің бәрін сізге дәлелдей аламын.

Азаттық: Ең үлкен арманыңыз қандай?

Әкежан Қажыгелдин: Елге келіп, өзгерістер жасауға араласып, егемендігі мен бостандығы бар, әр қазаққа бірдей қарайтын мемлекет құру. Менің бірінші арманым – сол. Басқа арманым жоқ.

Азаттық: Сұхбатыңызға рақмет!

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: