|  |  | 

Шоу-бизнис Әлеумет

Көлік жүргізетін әйелдер

Малу Калуза _ генеральный директор QNETӘйелдер бәрін де жасай алады

QNET компаниясының кеңсесі 10 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келеді. QNET компаниясы қайырымдылық көрсетумен, оның ішінде экология саласында көмек көрсетумен белсенді айналысады. Осы жылы QNET командасы Recycle Birge эко-белсенділерімен бірге Алматыдағы Пархач көлінің жағасын қоқыстан тазартты. Қалдықтарды жинау мен сұрыптауға QNET тарихындағы нәзік жандының ішінде алғашқы бас директор Малу Калуза қатысты. Малу ханым хатшы қызметінен ресепшнге, одан корпорацияның бастығы лауазымына дейін қажырлы еңбегінің арқасында көтерілді. Калуза ханым жетістікке жетіп, big boss атану құпиясымен бөліседі.

Сіздің тәжірибеңіз бойынша тікелей саудада жұмыс істейтіндердің қанша пайызы жетістікке жетеді және мұндай адамдарды не біріктіреді?
Біздің барлық жетекшілеріміз — бүгінде компания көшбасшысы болып табылатын Тәуелсіз Өкілдер, осы жолда жетістікке жету үшін олар көптеген қиындықтардан өтті. Олар табысты болса, компания да табысты болады. Жетістік туралы түсінік әр адамда әртүрлі екенін айтып өту керек. Бұл біздің кәсібімізден анық көрінеді.
Біреулерге жетістік өзінің айлық шығындары немесе балаларын үздік мектепке жіберу үшін қосымша 500 доллар табу болса, енді біреулеріне өзінің қартайған ата-анасына көмектесу немесе үйде жөндеу жұмыстарын жасау маңызды. Сондай-ақ жақсы көлік иесі болғысы келетіндер, банкте қомақты қаражаты болғанын қалайтындар да бар. Сондықтан әркімнің өз жетістігі бар. Сіз өзіңізге қайсысы қажет екенін өзіңіз шешесіз.
Бізді және біздің көшбасшыларымызды біріктіретіні — арманымызды іске асыруда батылмыз, оларды іске асыру үшін кез келген мақсатқа қол жеткізе алатынымызға деген сенім. Біздің компания – бұл мінезді қалыптастыратын бизнес.
Тікелей саудада көбісі бірталай келеңсіздіктерге тап болады. Неге бұлай болады, мұндай жағдайларды қалай дұрыстау керек және одарға қалай жауап қату қажет?Эко акция

Кейбіреулер тікелей саудада дұрыс жұмыс істемегендіктен немесе компания саясатына тиісті құрмет көрсетпей, өзінше істегендігінен біз осындай келеңсіздіктерге тап боламыз. Бұл — тікелей саудамен айналысатын барлық компанияларда орын алып жататын құбылыстардың бірі. Біз бұл мәселені жұмысымыздың басында-ақ түсіне бастадық, әсіресе өзіміз жұмыс істейтін нарықтағы мәселелерді сезіне білдік. Бұл мәселені шешу үшін біз онлайн және офлайн тәртіпте қолжетімді көптеген оқыту бағдарламалары мен сертификаттау бағдарламаларын іске қостық. Сонымен бірге, біз QNETPRO бағдарламасының жұмысын бастадық, оның мақсаты – Тәуелсіз Өкілдерге тікелей сауда индустриясы, біздің компания туралы және тауарымызды тиімді сату мен бизнесті құру жөніндегі барлық қажетті ақпараттарды беру. Бұл жұмыс қазір жалғасуда, одан әрі жалғастыра береміз, себебі тек дұрыс жұмыс істегенде ғана көп жетістіктерге жететінімізге сенеміз!

Тікелей сауда — әйелдер үшін оңтайлы шешім бе? Неліктен?

Тікелей сауда әйелдер үшін қаржылай мүмкіншілік беріп қана қоймай, олардың жеке дамуына, өсуіне де ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл — ыңғайлы жұмыс кестесі бар қосымша табыс. QNET-те мен әйелдер барлық күнделікті маңызды міндеттер арасында үйлесімділікке қол жеткізсе, өзгеріп, мықты бола бастағандарын өз көзіммен көрдім. Бұл — біз мақтан ететін жетістіктеріміздің бірі. Әйелдер күнде тікелей сауда үшін қажет барлық қасиеттерге ие көптеген рөлдерді орындайды. Біреуге пайдаңды тигізу ниеті, ынталылығы, қарым-қатынаста шынайы болу – бұл осы салада жетістікке жеткізетін қасиеттер.

Көп адамдар өздеріне сенімсіз. Олардың бойына өзіне деген сенімділікті қалай ұялату керек?

Өзіңіздің күшті жақтарыңызды анықтап алыңыз, айналадағыларға шабыт беру үшін оларды тәжірибеде қолданыңыз. Бұны табанды түрде, реттілікпен орындаңыз. Өз күшіңізге деген сенімділік ісіңізде үздік атанған сайын арта береді. Ең алдымен, өзіңізді құрметтеңіз, күш-жігеріңіз басқалардф шабыттандырсын, сонда сіз шабыт сыйлаған адамыңыздың сіздің бойыңызға сенімділік ұялатынын түсінесіз.

Өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды да ұмытпаңыз. Оны мойындай біліңіз дегім келеді, бірақ мұнымен тоқтап қалмаңыз. Адамдармен ашық болыңыз, оқып үйреніңіз және бір реттен қолыңыздан келмесе, қайта-қайта жасай беріңіз. Күшіңізді көрсете білдіңіз бе, әлде осал тұстарыңызды байқаттыңыз ба, маңызды емес, сіз бәрібір оқуға дайын болып, үздік атануыңыз қажет.

Арманыңыздың болуы аса маңызды. Сіз табандылықпен және игі істеріңізбен сол арманыңызға жететініңізге сенуіңіз қажет. Біреу сізді мықты етеді деп күтпеңіз. Сіз жеке шекараңыздан өтіп, өз өміріңізге жауапкершілікті алу үшін мықты болуға тиіссіз.

Қандай жағдайларда тікелей саудамен айналыспаған жөн?
Ең алдымен, сіз өзіңізден мына сұраққа жауап алуға қажетсіз: мен тікелей саудадан не күтемін? Содан соң сізге мақсатыңызға жету үшін ол қалай көмектесетінін немесе керісінше, кедергі келтіретінін анықтау керек. Өзіңе қойылатын келесі сұрақ: өз бизнесімді бастағаннан кейін бойымнан қандай өзгерістерді тапқым келеді?
Бұдан басқа, тікелей саудамен кәсіби түрде айналысқысы келетіндер өз ісін бастамастан бұрын толықтай оның не екенін түсініп алуы маңызды. Егер сіз сенімсіз болсаңыз, тағы да ойланып, 100% белгілі болғаннан кейін келісім беруіңізге кеңес берер едім. Ол үшін біліміңіз бен ынта-жігеріңізді пайдаланыңыз.
Сіз лауазымыңызды ауыстырып, біліміңізді арттырдыңыз. Жаңа білім алу және жетістікке жету жолында ең қысқа әрі тиімді жолды атап бере аласыз ба?Эко -акция

Ақпаратты қабылдауға, оқып үйренуге үнемі дайын болу, өзгерістерге оң көзбен қарау, себебі ешкім де өзгерістерге кері қарым-қатынас жасау арқылы биікке көтеріле алмайды. Барлық мәселе қарым-қатынас пен икемделе білуге байланысты. Бұл көптеген қасиеттерден тұрады: өзіңе жайлы аймақтан шыға алу, қауіп-қатерге бас тігу, жауапкершілікке ие болу және позитивті ойлау. Бұның барлығы күрделі, бірақ мықтылық танытатындар және не істеу керектігіне баса назар аудара білетіндер үшін қолжетімді. Ауқымды өзгерістер жолында жағымсыз ойлар мен сәтсіздіктерге бой алдырмайтындар үшін. Біз тәжірибе жинақтау арқылы білім алып, даналыққа ие боламыз. Ал қателіктер бізді ешқашан мойымауға, жетістікке жетуге жетелейді.

Related Articles

  • Қазақстанға cаяхаттан бас тартқан шетелдіктер ақшасын талап етуде

    Отандық турагенттіктер ақшаның жоғын айтып, үкіметке алақан жайды Коронавирус отандық туроператорлардың  жұмысын да тұралатты. Ішкі-сыртқы туризммен айналысатын компаниялар үкіметтен араша сұрап отыр. Қазақстанға саяхаттап келуден бас тартқан шетелдік туристер отандық операторлардан алдын ала төлеген ақшаларын қайтаруды талап етіп жатыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Жолдамаларды түгел  алдын ала брондап қойған туроператорлар  енді не істерлерін білмей отыр. ҰЛЫБРИТАНИЯДАН 26, БОЛГАРИЯДАН 53 ТУРИСТ КЕЛУ КЕРЕК ЕДІ «Turan-Asia» компаниясы нарықта  94 жылдан бері жұмыс істейді. Басшысы осы уақытқа дейін мұндай қиындыққа тап болмағандарын айтады.   Қауіпті індеттен сақтанған туристер  сапардан жаппай бас тартқандықтан компания  жұмысты ақпан айынан бастап тоқтатқан. «Жыл сайын шетелден 5-6 рет ірі туристік шаралар ұйымдастыратынбыз. Тек бір жолғы саяхатқа 120-150 туристі пойызбен Қазақстанға алдырамыз.

  • 22 мың адам тұратын «Асыл Арман» тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылды

    Мұнда екінші адамнан коронавирус анықталған Time.kz Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты «Асыл Арман» тұрғын үй кешені бүгін карантинге жабылып, 22 мың адамның үйден шығуына тыйым салынды. Шағын ауданда 9 қабатты 21 үй бар. 5 мыңнан астам пәтерлі 75 кіреберіске күзет қойылған. Мұндағы тұрғындардың 95% Алматы қаласына барып жұмыс істейді. «Тұрғын үй кешенінде дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылады, онда медициналық қызметкерлер осы шағын ауданның тұрғындары үшін арнайы жұмыс істейді. Арзан бағамен азық-түлік сатылымы ұйымдастырылып, қажетті заттармен қамтамасыз етеміз. Дезинфекция жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Тұрғындарға ақпараттық-насихат жұмыстары басталды. Аумақты түгелдей полиция қызметкерлері қоршап тұр. Олармен бірге әскерилерде кезекшілік қызметіне көмектеседі», – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде коронавирус

  • Лимон, сарымсақ, бал, зімбір, куркума: Коронавирустан қорғанудың жолдары

    Қазіргі қаржылық қиындық кезінде бизнесті дағдарыстан қалай шығаруға болады? Коронавирустан қандай тағамдар қорғайды? Қаржы сарапшылары әлемде жаһандық экономикалық дағдарыстың басталуы туралы мәлімдеді. Коронавирус пандемиясы мен долларға шаққандағы ТМД елдері ұлттық валютасының құнсыздануы жағдайды қиындата түсті. Дағдарыстан шығудың қандай жолдары барын, қалай көмектесуге болатынын QNET компаниясының Ресей мен ТМД елдерінде маркетинг жөніндегі жетекшісі Ирина Полякова kerey.kz ақпараттық сайтының тілшісімен арнайы сұхбат барысында жауап береді. – Сарапшылардың болжамы бойынша, жұмыссыздық деңгейі артып, инфляция басталады. Жұмыстан шығып қалу қаупі туындаған қызметкер не істеуі керек? – Ең алдымен, «дағдарыс — жаңа мүмкіндіктердің кезеңі» екенін естен шығармау қажет. Егер расында да қызметкер жұмыстан қысқарылатын болса, онда бұл ол үшін өз әлеуетін жетілдіруге немесе өзін басқа

  • COVID-2019 ВИРУСЫН БІРГЕ ЖЕҢЕЙІК

    Әлемде алдыңғы орынға шыққан Covid-2019 жұқпасы туралы БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде ақпарат көп. Жаһандық масштабта тез таралған індет Қазақстанда да тіркелді. Елде вирусты алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланып, Covid-2019 жұқпасы анықталған Нұрсұлтан және Алматы қалалары карантинге алынды. Одан бөлек басқа қалаларда да аталған індет табылып отыр. Мекемелер мен білім беру ұйымдары, адам көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтатты, бұқаралық шаралар мен той-жиындар өткізу кейінге қалдырылды. Мамандар «Covid-2019» жұқпасы кезінде мұрыннан су ағу, құрғақ жөтел мен дене қызуының көтерілу белгілері байқалатынын осыған дейін айтты. Олар халықтан сақтық шараларын ұстанып, қолды жиі жуу, антисептик пайдалану, қоғамдық орындарға бармау керектігін қатаң түрде ескертеді. Маңғыстау облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті коронавирусқа

  • Алматылықтар үйде маска тігіп, бизнес жасап жатыр

    Қолдан тігілген бетперде 350  теңге тұрады Алматылықтар дәріханаларда жоғалып кеткен маскаларды үйде тігіп, сататын бизнесті қолға алды  деп хабарлайдыAzattyq Rýhyтілшісі. Қыз-келіншектер қолдан маска тігіп, оны Инстаграм арқылы жарнамалап жатыр. Қоронавирустан қорыққан адамдар қолдан тігілген масканың сапасы мен бағасына  мән бермей сатып алып жатқан көрінеді. Өзін Арай деп таныстырған келіншектің айтуынша, тапсырыс өте көп. «Масканың бәрі мақтадан тігілген. Көп рет қолдануға болады. Жуып, үтіктеп қайта таға бересіз. Бүгін 500 дана маскаға тапсырыс алдым, үлгере алмай жатырмын. Бір данасы 300 теңгеден. Бір-екі күнде дайындап үлгере алмаймыз, тапсырыс көп, кезекке қойып жатырмыз. Дайын болғанда, өзіміз хабарласамыз», – деді сұрақтарға сақтана жауап берген ол. Маска тігетіндер бағаны түсіре алмайтындарын айтты. Доллардың қымбаттауына байланысты  базарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: