|  |  | 

Шоу-бизнис Әлеумет

Алматылықтар үйде маска тігіп, бизнес жасап жатыр

Қолдан тігілген бетперде 350  теңге тұрады

Алматылықтар дәріханаларда жоғалып кеткен маскаларды үйде тігіп, сататын бизнесті қолға алды  деп хабарлайдыAzattyq Rýhyтілшісі.

Қыз-келіншектер қолдан маска тігіп, оны Инстаграм арқылы жарнамалап жатыр. Қоронавирустан қорыққан адамдар қолдан тігілген масканың сапасы мен бағасына  мән бермей сатып алып жатқан көрінеді. Өзін Арай деп таныстырған келіншектің айтуынша, тапсырыс өте көп.

«Масканың бәрі мақтадан тігілген. Көп рет қолдануға болады. Жуып, үтіктеп қайта таға бересіз. Бүгін 500 дана маскаға тапсырыс алдым, үлгере алмай жатырмын. Бір данасы 300 теңгеден. Бір-екі күнде дайындап үлгере алмаймыз, тапсырыс көп, кезекке қойып жатырмыз. Дайын болғанда, өзіміз хабарласамыз», – деді сұрақтарға сақтана жауап берген ол.

Маска тігетіндер бағаны түсіре алмайтындарын айтты. Доллардың қымбаттауына байланысты  базарда мата бағасы өскен. Үйді шағын  тігін цехына айналдырған қыз-келіншеткер балаларға, ересектерге деп жеке-жеке маска тігеді.

«Қазір тапсырыс көп, рас айтамын, үлгермей жатырмыз.  Үш күннен соң хабарласыңыз. Тапсырысты аздан қабылдамаймын, 10 данасы 3500 теңге тұрады. Доллар көтерілсе де, біз масканың бағасын  әлі қымбаттатпадық. Дайын болғанда Боралдайдан келіп алып кетіңіз. Кезекке қойып, алдын ала ақысын төлегендерге дайындайымыз. Маска мақта мен матадан екі қабатталып тігілген.  Мұрынды тіремейді», – деді өз өнімінің мақтауын асырған Нұргүл есімді келіншек.

Ал кәдімгі медициналық маскалар дәріханаларда жоқ болғанмен, ғаламторда толып тұр. Бір данасы 150-250 теңге аралығында жарнамаланған үш қабатты медициналық  маскаларды кемі жүз мың данадан  ғана сатып алуға болады. Тұрғындар дәріханаларға барудан шаршағандықтан жеке адамдарға тапсырыс беріп жатқандарын айтады.

«Ой, қанша күн болды, баяғыда сатып алған маскаларды тастамай, жуып-жуып қоланып жүрміз ғой.  Дәріханаларда жоқ қой мүлдем. WhatsApp топтардан сұрастырып жүріп, қолдан тігетін амадарды таптық. Қайтеміз енді, қорыққан соң сақтық шарасын жасаған болып жатырмыз», – деді балаларына маска таппай жүрген тұрғын Убайдолла Сәлімбаев.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы жетіспей жатса, қолдан тігіп қолданудың еш әбестігі жоқ екенін айтты.

«Біріншіден мен қолдан тігілген маскаларға жауап беретін маман емеспін. Ондай құзіретім жоқ. Оған арнайы мамандар жауап беруі керек. Бірақ, Кеңес Одағы кезінде тақтық. Сол заманда дәкеден, матадан тігіп, тағып жүре беретінбіз. Жоқтан гөрі осы жақсы», -  деді  басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Related Articles

  • Президент Тоқаевқа ашық хат

    2020 жылдың 28 мамырында, Мәскеуден жіберілген менің жүгім Қызылордаға келді. CDEK фирмасы, тапсырыс нөмірі 1173341109 жіберілім. Қос чемодан. Менің құжаттарым, базарлықтарым, киім-кешек, ұялы телефондарым өз орнында. Неміс тіліндегі Гёте жинағы,  орыс классиктерінің кітаптары, КСРО журналдары  мен басқа әдебиет те өз орнында. Бірақ, Қыдырбек Рыспекұлы құрастырған, жұдырықтасу жұлдыздарының қолтаңбаларына толы “Қазақ боксшылары” атты кітап жоғалған. Сонымен қатар, тарихшымыз Кәрішал Асан Атаның қос кітабы да жоқ. Әрине, бәрі болуы мүмкін. Алайда, қазақи кітаптарымды орыс жүк тасушысы немесе ресейлік шекарашы жымқырды деп ойламаймын. Погон таққан жергілікті хайуандардың сасық әрекеті болса керек. Барып тұрған оңбағандар ғой! Мысалы, бокс кітабымда маған арналған Ермахан Ыбырайымов пен Жандос Көкімовтың ізгі тілектері жазылған. Сонда не? Офицер атағымен жамылған

  • “Саяси ұпай жинауға тырысып жатыр”. Сарапшы Тоқаевтың ЕАЭО жиынында айтқаны жайлы

    Аян ҚАЛМҰРАТ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция арқылы өткен ЕАЭО жиынына қатысып отыр. 19 мамыр 2020 жыл. Мамырдың 19-ында Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің президенттері видеоконференция арқылы өткен жиында ұйымның алдағы бес жылға арналған даму стратегиясын қабылдаған жоқ. Жиын кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегия жобасын «ел үкіметтері мен парламентінің дербестігін шектейді» деп, кейбір тұсын қайта қарау қажет деген ұсыныс айтты. Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында экономикалық кеңес отырысындағы Тоқаев сөзінің астары жайлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың ақыры таяған дәуірі, Еуразия экономикалық одағы ішіндегі қордаланып қалған қайшылықтар жайлы айтты.  ЕАЭО ішіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның ішінде “Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025

  • Сардоба, Рогун, АЭС. 

    Алапат апат болып, қалың ел суға кетіп жатқанда билік ойнап жатқандар Өзбекстанға нота жібереміз бе, жоқ па дегенді де ақылдаспапты. Нотамызды дайындап қойдық деген вице-министрдің сөзіне қарағанда, шекарада салынып жатқан су қоймасы жөнінде Қазақстан “бірнеше рет” сұраса да Өзбекстан жөндем жауап бермепті. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан шенеуніктер сірә, “біз сұрадық, міндетімізден құтылдық” деп жылы жауып қойса керек. Табандап тұрмаған, жеріне жеткізбеген. Әйтпесе, халықаралық заң нормасын бұзды деп Біріккен ұлттар ұйымына арызданар еді, әлемнен бейтарап сарапшы шақырар еді. Іздедім, ондай жоқ. Сардоба салынса, тым болмағанда Сырдария суалмай ма, Кіші Аралға зар болмаймыз ба деген де есеп-қисап жоқ.  Сардобаның мәселесі екі жемқор жүйенің арасында жалған ағайынгершілікпен, бәлкім, сен іш, мен іш

  • Алматы облысында кәсіпкер 500 отбасын бес айлық азық-түлікпен қамтамасыз етті

    Әр отбасына 116 кг азық-түлік табысталды Фотолар: Әсет Құндақбаев Алматы облысында кәсіпкер төтенше жағдайға байланысты табыссыз қалған, күнкөрісі төмен 500 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. «Қайырымдылық керуені» атты ауыр жүк көліктері азық-түлікті облыстың үш ауданына бір апта бойы тасыды. Алғашқы көмек шалғайдағы Ақсу ауданының әлеуметтік тұрғыда әлжуаз 200 отбасына теңдей бөліп берілді. «Басқа түскен қиыншылық кезінде ауылдан шыққан азаматтар елін ұмытпай, халыққа көмегін беріп жатыр. Мұнша азық-түлікті сатып алуға  әркімнің жағдайы келмейді. Сонау Алматыдан осыншама мол дүние келеді деп ойламаппын. Көмек жіберген Молдияр Нұрбаев деген азаматқа ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдіреміз», – деді Бикен Баетова. Қос көлікке тиеліп жеткен өнімдер әр отбасына бірнеше айға жетеді. Әр отбасына жалпы

  • Менің көріксіз қытай әйелім

    Көп адамдар менен шексіз байлық иесі бола тұра неге қытайлық әрі әдемі емес (олардың ойынша) қалыңдық таңдағанымды сұрайды. Мен (олардың ойынша) кәзіргі әйелім Присилла Чаннан да “артық” әйелмен үйлене алады екенмін. Ең алдымен бұл сұраққа жауап бермес бұрын сұлу әйел деген қандай және сұлу емес әйелдің қандай болатынын талқылағым келеді. Шындығында, менің әдемі әйелдермен кездесу мүмкіндігім көп, олардың көбісі менің жарым болғысы келеді. Алайда, “сұлу” әйелдердің көбісінің жүрегі шағылып қалатын әйнек тәрізді. Егер сен ханның қызындай тәкаппар ашушаң болып аурып тұрсаң оның сенімен шаруасы жоқ брақ бай бола тұра неге машинаңды ауыстырмайсың деп сұраумен болады. Олар менің жарым болғылары келуінің мақсаты тік ұшақтарыммен мақтану. Одан кейнгі кезекте олардың байдың әйелі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: