|  |  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді Әлеумет

Сардоба, Рогун, АЭС. 

xGP_YPda5_-jPCCwI474TGYLRhDy-XQU

Алапат апат болып, қалың ел суға кетіп жатқанда билік ойнап жатқандар Өзбекстанға нота жібереміз бе, жоқ па дегенді де ақылдаспапты. Нотамызды дайындап қойдық деген вице-министрдің сөзіне қарағанда, шекарада салынып жатқан су қоймасы жөнінде Қазақстан “бірнеше рет” сұраса да Өзбекстан жөндем жауап бермепті. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан шенеуніктер сірә, “біз сұрадық, міндетімізден құтылдық” деп жылы жауып қойса керек. Табандап тұрмаған, жеріне жеткізбеген. Әйтпесе, халықаралық заң нормасын бұзды деп Біріккен ұлттар ұйымына арызданар еді, әлемнен бейтарап сарапшы шақырар еді. Іздедім, ондай жоқ. Сардоба салынса, тым болмағанда Сырдария суалмай ма, Кіші Аралға зар болмаймыз ба деген де есеп-қисап жоқ. photo_66693

Сардобаның мәселесі екі жемқор жүйенің арасында жалған ағайынгершілікпен, бәлкім, сен іш, мен іш салтанатты дастархан басында өзара достық пен татулық үшін нетіп тұрғанда шешіліп кетсе, таңғалмаймын.

Ислам Каримов Тәжікстанға Рогун ГЭС-ін салдырмаймын, керек болса соғысамыз деп өмір бойы көнбеп еді. Рогун салынса, біріншіден Өзбекстанға Әмударияның суы жетпейді, екіншіден 335 метр биікке, сейсмикасы өте қауіпті тауға салынатын, “Орталық Азияда теңдесі жоқ” Рогун ГЭС-і жарылса Орталық Азияны жоқ қылады. Биіктігі он метр топан су көзді ашып жұмғанша өзбек, қазақ жерін қала-моласымен қоса түгел шайып кетеді. Бұл тұрғыда өзбек диктаторының ұстанымы бізге де тиімді болған. Елбасы да, Түрікменбашы да, Тәжікбасы да, қырғыз президенттері де Каримовпен қырбай боп кетті. Каримов өліп, бәрінің құдайы берді. Мирзияев Назарбаевтың лидер екенін мойындай салды. Есесіне 2017 жылдары Жетісайдан жер алып, басқа жерден жер бере қойды. Сардобаның ашылғаны да сол кез. Біздің жұрт пәлендей наразы боп, өтірік болса да бұлданбапты. 2020_05_01_95185984_1618855811607392_8468342036330708992_n

Мирзияев Рахмонға да Рогуныңды салсаң сала бер деді. Сөйтіп енді бірер жылда Орталық Азияның дәл төбесіне алапат су жиналатын болды. Ауған содырлары еріккенде Тәжікстанға кіріп шыға салатынын және жемқор тәжік диктатурасын ескерсек, тау басындағы ГЭС-тің қауіпсіздігіне еш кепіл жоқ.rog1rogun

Мирзияевтің өзі де қарап отырмай, Қазақстан шекарасынан 40 км жерге атом электр стансасын салатын болды. 2018 жылы Ресеймен қол алысты. 2028 жылы атом светін жағып отырады.6F89B314-FA6F-4839-83FE-23BF5F084BF5_cx1_cy6_cw99_w1597_n_r1_st
Балқашқа АЭС салдырмаймыз деп шуладық қой? Шардара су қоймасының дәл түбіне салғалы жатқанын байқамаған сияқтымыз. Сірә, сонау алыста, бізге қатысы шамалы деп ұқсақ керек. Өкіметіміз “әу, бұларың қалай, халықаралық заң, пакт, акт деген бар емес пе деген екен, Өзбекстан “оған қол қоймадық” депті. “Саған қол қойдық” дегені. Сонымен әңгіме тәмам болған. Қатты айтуға батпаймыз, лидер екенімізді мойындап қойғаны бар, арғы жағында Путин тұр бір қап компроматымен дегендей.
Ал, енді топырақ төгіп, тас үйіп, бетон құйып, қарапайым бөгет сала алмаған, цементін сатып, арматурасын шарбаққа пайдаланған Өзбекстанның жемқор жүйесі жоғары технологиялы АЭС-ті ұстап тұра ала ма?

Бұл АЭС салына қалса, сосын жарыла қалса, билік ойнап, ойыны осылғанның көкесі сонда болады.

 Асылхан Мамашұлы

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: